ОҚЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНУ ШЕКАРАСЫ



ЖОСПАР

Кіріспе—————————————————————————————-3

І. Сабақта таным қабілетін ұйымдастыру—————————————-6
1.1 Танымның педагогикалық теориясы————————————————6
1.2 Ағылшын тілі сабағында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту—8
1.3 Шетел тілінде таным қатілетін ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі——12

ІІ. Ағылшын тілі сабағында танымдық табілетті ұйымдастыру және дамыту шаралары————————————————————————16
2.1 Ағылшын тілінде танымдық қабілетін дамыту арқылы еркін сөйлеуге үйрету жолдары—————————————————————————-16
2.2 Ағылшын тілі бойынша оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды ұйымдастыру——————————————————————18

ІІІ. Практикалық бөлім—————————————————————-22
3.1 Ағылшын тілі сабағында таным қабілетін ұйымдастыруда мақал-мәтелдерді сабақта қолдану————————————————————22
3.2 Ағылшын сабағында мақал-мәтелдерге байланысты ашық сабақ өткізу——————————————————————————————————23

IV. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал – мәтелдердің түрлері——26
Human being and human nature.
Человек и его природа. Адам және оның қасиеті.

Қорытынды———————————————————————————28

Пайдаланылған әдебиеттер————————————————————30

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Білім беру саласында балалардың таным қабілеттілігін арттыру – қазіргі кездегі ең маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Әсіресе, Қазақстан елі үшін шетел тілін оқушыларға жете оқыту, танымдық қабілетпен арттыру — курс жұмысының өзекті мәселесі.
Бұл іс-әрекет түрлері тығыз бірлікте болғандықтан, сабақ мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру түрі ретінде қарастырылады. Сабақты психологиялық-педагогикалық жүйе ретінде қабылдау білім беру теориясының даму үрдісінде қалыптасады. Ол сабақтың мазмұнын, құрылымын, типтерін, оған қойылатын талаптарды негіздейді, оны ұйымдастыру және өткізу әдістемесіне әсер етеді, үлгерім факторларын анықтайды, яғни білім берудің теориялық бастауы сабақтың ерекшелігін, типтерін, түрлерін, құрылымын және т.б. анықтайды деген қорытынды жасауға болады.
Біз зерттеу барысында шетел тілі сабақтарына қойылатын негізгі мақсаттар мен олардың теорияларына сәйкес құрылу принциптеріне, сабақ типтері мен түрлеріне, жаңашыл педагогтардың сабақ бойынша тәжірибелеріне талдау жасадық./6/
Қазіргі уақытта отандық және шетелдік әдістеме ғылымында шетел тілдерін оқыту мәселелерінің біртұтас жиынтығы зерттелуде:
— шетел тілдерін оқытудың танымдық қабілетін дамыту әдістемесінің ғылыми теориялық негізін жасау [И.Л.Бим, Е.И.Пассов, Н.И.Гез, М.В.Ляховицкий, Г.В.Рогова, Л.С. Андреевская — Левенстерн, И. В. Комков, Л. В. Щерба және т.б.];
— шетел тілдерін оқытудың мазмұнын іріктеу [Н.Д. Гальскова, А.Ю. Горчев, З.Э.Никитенко, Т.В.Маркова, И.С.Якиманская және т.б.];
— шетел тілдерін коммуникативтік — бағдарламалық тұрғыдан оқытудың теориялық негізін зерттеу [С.С.Құнанбаева, В.И.Герасимов, В.В.Петров, Е. И.Пассов, П.Г.Козлов, Н.Н.Дьяков және т.б.];
— шетел тілдерін оқытудың әдістемесі мен үлгілерін, оқу — әдістемелік жүйесін дамыту [Н.П.Каменецкая, А.А.Миролюбоа, Р.К.Миньяр — Белоручев, И.В.Рахманов, Н.В.Языкова және т.б,];
— «Шетел тілдері» мектеп оқулықтарын құрастыру [И.Л.Бим, А. П.Старков, И.В.Рахманов, З.М.Цветкова, Н.И.Гез, Г.М.Уайзер, С.К. Фоломкина, М.Л.Вайсбург, С.К.Калинина және т.б.];
— оқушылардың шетел тілдерін оқып-үйренуінің аттестациялық талаптарын негіздеу [И.Л.Бим, Н.Д.Гальскова, Т.Е.Сахарова және т. б.];
— сөйлеу жүйесін дамыту [Р.Д.Брехт, Д.Е.Дивидсон, Р.В.Гинсберг, И.Н. Верещагина, И.В.Рахманов, Б.А.Бенедиктов және т.б.];
— оқытудың бағдарламалық негіздерін дамыту [И.Я.Пассов, Л.И.Бим жәнет.б.];
— шетел тілдері сабақтарының әдістемелік талдауларын студенттерге оқытуда оқу теледидары мен техникалық құралдарды қолданудың әдіс-тәсілін жасау [Л.А.Желтоватых, В.А.Поляков, А.Е.Карецкий және т.б.).
Шетел тілдерін оқыту әдісі мен теориясының маңызды бағыттарының бірі — сабақ проблемасын шешудін негізі-оқытуды ұйымдастыру формасы болып табылады.
Сонымен бірге таным қабілеті ғылымын оқытудың болашағы мен дамуын және оның бағдарламасын белгілеудің, бүкіл әлемдегі және Қазақстандағы оқытуды ақпараттандыру үрдісінің қазіргі ақпараттандыру коммуникациялық практикасын енгізудің негізі жасалып отыр. Соңғы кезде білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес, оқу үрдісінде электронды ақпараттық құралдардың шетелдік үлгіде тиімді қолданылуы біздің елімізде жалпы жұртшылықтың қызығушылығын арттыруда,
Оқыту үрдісінде таным қпабілетін оқыту құралын әртүрлі бағдарламалау негізінде жүзеге асырылуда. Олардың шгінде жиі қолданылып, тәжірибеде мәні зор нәтижелерге ие болып жүргендері мыналар:
— электронды білім беру бағдарламалары: дәстүрлі көркем мәдениетін қалыптастыру [М.Х.Балтабаев], жеке тұлғаны кәсіби-экономикалық бағдарлау [А.К.Ахметов, А.Х.Накпаева];
— дидактикалық қағидалар негізінде оқу үрдісін автоматтандырудың технологиялық үлгісін жасау [А.І.Тәжіғұлова, Г.Б.Ахметова].
Біздің зерттеулеріміз ағылшын тілін кең және жүйелі түрде пайдаланудың негізгі бағыттарын логикалық жағынан жетілдіру болып табылады. Біздің басты мәселеміз «Ағылшын тілі сабағы» курсы бойынша «Шетел тілдерін оқытудың әдістемесі» негізінде жалпы білім беретін мектептердегі ағылшын тілі сабағында оқулықтарды пайдалану мәселелерін шешу және оның стандарттық үлгісін жасау./5/
А.А.Абдуқадырова, Г.К.Бегаришева, М.М.Буняева, Е.Е.Дурноглазова, В.А.Матросова, Н.К.Солопова, Б.К.Төлбасова сынды ғалымдардың жұмыстары кәсіптік білім беруде компьютерлерді пайдалану және оған мамандандырылған қызметкер даярлауға арналған. Демек, олардың зерттеулері компьютерлік сауаттылыққа және алгоритмдік бағдарламалық негіздегі жүйелілікпен танысуға бағытталған. Бұл зерттеулердің нәтижелерінің құндылылығы өз алдына, бұлар электрондық оқулықтардың оқу үрдісінде пайдаланылуын қалыптастыруды қамтамасыз етіп отыр.
Зерттеудің мақсаты. Ағылшын тілі сабағын оқытуда таным қатілетін арттыру арқылы ағылшын тілі сабағын өткізуге оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
— ағыдшын тілі сабағын өткізуде таным қабілетін дамыту проблемаларын зерттеу;
— оқулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге болашақ мұғалімдерді оқыту әдістемесін жасау;
— оқулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге болашақ мұғалімдерді оқыту әдістемесін тиімді зерттеу тұрғысынан эксперимент жүргізу.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий