Оқу мотивация



МАЗМҰНЫ

Кіріспе
І тарау. Психологиядағы оқу мотивациясын зерттеудің теориялық негіздер……. 7
1.1. Мотивация психологиялық мәселе ретінде……………………………….…………….7
1.2. Оқу мотивациясына теориялық талдаулар……………………………………………..16
1.3. Инновациялық және кредиттік оқыту жүйесіндегі оқу мотивациясының ерекшеліктерін зерттеулер…………………………………………………………………. 23
ІІ тарау. Жоғары оқу орны студенттерінің оқу мотивациясын эксперименталдық зерттеулер…………………………………………………………………………………………37
2.1. Зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы………………………………………………..37
2.2. Зерттеу әдістерінің сипаттамасы……………………………………………………….…38
2.3. Зерттеу нәтижелерінің талдаулары мен интерпретациялары…………………..41
Қорытынды………………………………………………………………………………………………63

Түйін……………………………………………………………………………………………..…………66

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………..…67
Қосымша

Кіріспе

Тұлғаның өз дамуындағы деформацияны жеңуге қаблеттілік мәселесі тақырыбын теоретикалық зерттеу барысында деформацияның туындауы тұлғаның мотивациялық аумағындағы өзгерулер мен көбірек және тікелей байланыстылығы анықталды. Мотивация тақырыбында оқу мотивациясының кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтаумен байланыстылық мәселесіне көңіл аудару негізінде, кәзіргі жаңа оқу жүйесіне ауысуындағы оқу мотивациясының ерекшелігі , оның тұлға мотипвациясымен байланысты мәселесі қызықтырды. Осы орайда біздің тақырыбымыз «Кредиттік оқу жүйесіндегі студенттердің оқу мотивациясын психологиялық зерттеу» тақырыбына өзгертілді.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастары мен бәсекелестіктің өсуіне байланысты болып жатқан әртүрлі өзгерістер білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды өзгертеді. Біздің мемлекетіміздің дамуының негізгі бағыттары «Қазақстан-2030» стратегиясында сипатталған. Ол стратегияның жүзеге асуы үшін білімді, шыншыл, ақылды, дені сау, адами қасиеттері жоғары мамандар керек. Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан артықшылығы – халық сапасы, адам ресурстары… Біз өзіміздегі баға жетпес капиталды дамытып және сол дамуға жаңа да, өркениеттік жағдайлар туғызуымыз қажет», — деп тұжырымдайды. Қазіргі таңда Білім беру мәселелері жалпы әлемдік қоғамдастықтың өзекті мәселелерінің бірі болуы өркениет дамуының білім беру сапасымен байланысында. «Білңм беру» мемлекеттік бағдарламасында білім беруді жетілдіру мен оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларын енгізу арқылы сапалы кәсіби мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі жағдайда жоғары мектеп дамуында уақыт талабына сай жоғары білікті маман даярлайтын оқыту әдістерін өңдеу, болашақ кәсіп иелерін тәрбиелеу мәнді болып отыр. Болашақ мамандарға қойылатын мақсат – міндеттердің күннен-күнге өсуі жоғары оқу орындағы оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін үлкен ізденіс пен шығармашылық қалыптасу жолын талап етеді.
Біздің қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық реформалануы адам өмірінің барлық сферасында саналылық деңгейін, сонымен қатар адам мәңгілігінің қалыптасуының негізгі бағыты ретінде кәсіби іс-әрекетті де жоғарылатуды көздейді.
Осыған ора й қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру мен компьютерлеу, оқу процесінде техникалық құралдардың дами түсуі және жаңа білім беру технологияларының енгізілуі оқу процесіне, соның ішінде оқу мотивациясына әсері қаншалықты екені бүгінгі күнде өте маңызды болып отыр.
Бүгінгі таңда ғылыми-техникалық процесс тек адамның күнделікті өміріндегі барлық сферасында тікелей араласын қоймай, сонымен қатар студенттерді дайындау шарттарының талаптарына да араласуда. Осы жүзге асырып жатқан жаңа инновациялық технологиялар студенттің тұлға болып қалыптасып, дамуына өте дерек әсер етеді.
Шет ел білім беру жүйесінде жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру үшін жаңа жағдайлар жасалынуда, солардың қатарына кредиттік жұмыс де жатады. Осындай әлемдік жүйемен бірге жұмыс атқаруға бет бұрысқа дәлел Қазақстандағы білім беру ордаларында осы кредиттік жүйенің енгізіле бастауы.
Қазіргі әдебеиттерге талдау жүргізу барысында кредиттік оқу жүйесіндегі оқу мотивациясының ерекшеліктері аз қарастырылғаны анықталды. Жүргізілген зерттеулерге қарағанда жаңа инновациялық технологиялар кезінде көп студенттер керек деңгейдегі оқу мотивацияларының жоқтығы анықталған. Сондықтан да студенттердің оқу іс-әрекеті кезіндегі оқу мотивацияларының жаңа инновациялық технология жағдайында өзгеруі жайлы түсініктер мамандықты дайындау базасында болуы керек.
Кейбір университетке жүргізілген зерттеулердін нәтижелерінде жаңа инновациялық технологияларды енгізгендегі оқу мотивациясының қалыптасуы мен осы оқу мотивациясын қалыптастырудағы ғылыми негіз арасында қарама-қайшылықтар көрінген.
Осыған орай инновациялық оқу жүйесіндегі педагогикалық мамандық студенттерінің оқу мотивациясын анықтау өте өзекті болып табылады.
Қазіргі психологиялық әдебиеттер көрсеткендей ең өзекті мәселелердің бірі педагог студенттердің кредиттік жүйе жағдайында мотивацияның қалыптасу мәселесі болып отыр.
Мотивация үнемі өзгеріп тұратын латентті-психикалық феномен. Олардың көп түрлі компоненттері оқуға және өлшеуге қиындық келтіреді. Жекелеген қажеттіліктер және мотивтердін өзгеруі талдауға ғана емес, мотивациялы-мағналы құрылуы да өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес сөз етіледі.
Ю.М.Орлов, Б.А.Сосновский және т.б. анықтаған жетістікті танып, аффилиация, доминанттылық комплекстік субъективті құрулары – болашақ маманды дайындау мен даму мәселесін жаңаша қарауға мүмкіндік береді.
Оқыту процессі екі жақты процесс болғандықтан, тек мұғалім өзінің іс-әрекетінің дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың және студенттердің де танымдық әрекеті мен белсендігін дамытуға ерекше көңіл аударуы тиіс. Мұның өзі оқыту ісі мен студенттің болашақ маман болып дамуы мен қалыптасуына әсері туралы өте күрделі психологиялық және педагогикалық мәселе кәзірде маңызы аса зор.
Зерттеу объектісі. Жоғарғы оқу орындағы оқу жүйесі.
Зерттеу пәні. Кредиттік оқу жүйесіндегі студенттерінің оқу іс-әрекеті мотивациясы.
Зерттеу мақсаты. Кредиттік оқу жүйесіндегі білім алушы студенттерінің оқу мотивациясын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері.
1.Жоғары оқу орнындағы оқыту үрдісіндегі оқу мотивациясының ерекшеліктерін теоретикалық зерттеулер негізінде талдау.
2.Дәстүрлі және кредиттік оқу жағдайында педагогикалық мамандық студенттердің мотивациясын талдау және психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі қарастыру дәрежесін анықтау.
3.Инновациялық және кредиттік оқыту технологияларындағы оқу мотивациясының ерекшеліктерін теоретикалық зерттеу.
4.Кредиттік оқу жүйесіндегі оқу мотивасының ерекшеліктерін эксперименталдық зерттеу.
Жалпы болжам.
Студенттердің оқу мотивациясын кредиттік жүйе негізінде жоғарлату бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекетке негізделеді деп ойлаймыз.
Студенттердің оқу орнына тусу мотивтері жоғарғы оқу орнында білім алу процесі барысында өзгеріске ұшырайды деп ойлаймыз.
Зерттеудің теоретикалық маңыздылығы. Кредиттік оқу жүйесіндегі оқу мотивациясын зерттеу және жоғарғы оқу орынның жаңа кредиттік оқу жүйесіне ауысуындағы оқу мотивациясының өзгерулерін зерттеу. Жоғары оқу орында кәсіптік оқу сапасын, жалпы оқу мотивациясын көтеруге қажетті білімдер қосу мүмкіндігінде.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Алынған нәтижелер жоғары оқу орында кәсіби мамандар даярлауда оқу процессінің тиімділігін арттыруда, болашақ мамандардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда және кәсіби тұлғалық аномалилердің мақсаты бағытталған профилактикасын жүзеге асыруда қажет. Зерттеудің практикалық құндылығы, сондай-ақ енгізілген жаңа кредиттік оқу жүйесінің тиімді және келенсіз жақтарын анықтай отырып, оқу процессін бағыттау мен оқу іс-әрекетін балсенді субъектісінің қалыптасуына ықпал етуде.
Зерттеу нәтижелерін, қорытындылары мен ұсыныстарын оқу тәрбие жұмысында оқытушылар пайдалануы мүмкін.
Зерттеудің методологиялық негізі болған: сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципі, тұлға мен іс-әрекетті зерттеудегі жүйелілік подход принципі; кеңестік психологтар В.Г.Ананьев, С.Я.Рубинштейн және т.б. қалыптастырған тұлғаның өзіндік іс-әрекетін белсенді субъектісі приципі; Л.С.Выготскийдің адамның психикалық дамуына құралды ықпал ету рөлі тұжырымдамасы, А.Н.Леонтьевтің түрткілердің трансформациясына жетелейтін іс-әрекеттің жалпы теориясы ұстанымы, О.К.Тихомировтың адамның компьютермен диалогындағы әрекеттестікті ұйымдастырудағы психологиялық сұрақтары, С.М.Жақыповтың студенттердің «бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекеті» тұжырымдамасындағы студенттердің оқу іс-әрекетіндегі мотивация мәселесін шешу принциптері. Оқу мотивациясын зерттеген ғалымдардың концепциялары (А.К.Маркова, Е.Ю.Патяева, И.Г.Какурина, Л.О.Омельчинко, В.П.Панюшкин.)
Зерттеуде қолданылған әдістемелер:
1.Студенттердің оқу процессіне қатынасын зерттеуге арналған анкета
2.Т.И.Ильиннің «Жоғарғы оқу орнына түсудегі қажеттілік мотивтерін анықтауға бағытталған әдістемесі»
3.А.А.Реан, В.А.Якуниннің «Студенттердің оқу іс-әрекеті мотивациясын зерттеу әдістемесі»
4.А.Маслоудың «Өзін-өзі өзектендіру тест-сауалнамасы»
Біз осы жұмыстың теоретикалық бөлімінде келесідей аспектілерге жауап іздедік.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий