ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ



Аннотация

Курстық жұмысты Оқыту барысында оқушылардың экологиялық білім беру мен тәрбиелеу қарастырылған.

Курстық жұмыс 30 беттен, кіріспеден, 2-тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс компьютерлік текстпен берілген. Пайдаланылған әдебиеттер саны 16.

Мазмұны

КІРІСПЕ…………….5

І. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ

1.1. Экологиялық білім мен тәрбиенің дидактикалық шарттарын әзірлеу…..6-11

1.2. Оқушылардың экологиялық білімін арттыру мақсатындағы инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын ұсыну…….11-18

ІІ.ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МЕКТЕПТЕРДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ҚАЖЕТ

2.1. Экологиялық білім мен тәрбие табиғат ресурстарын тиімді

пайдалану……….18-20

2.2. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі….20-28

ҚОРЫТЫНДЫ……29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……….30

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Әрбір саналы адамның экологиялық көзқарасын қалыптасыру – адамның мінез – құлқы мен іс — әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасау үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда жеке ғылым болып жүйелі зерттеліп келе жатқан экология саласының өзіндік ерекшеліктерін ескеруіміз қажет.Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған «2030 стратегиясы» бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл болінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Ендеше осы аса құнды екі құжатты басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, өиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарөылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.

Зерттеу жұмысының объектісі: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру процесі.

Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориясымен танысу

Курстық жұмыстың міндеті:

1. Мектеп оқушыларына экологиялық білімін инновациялық технологияларды пайдалана отырып арттырудың теориялық негізін айқындау.

2. Оқушылардың экологиялық білімін арттырудағы инновациялық технологияларды пайдаланудың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.

3. Оқушылардың экологиялық білімін арттыру мақсатындағы инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын ұсыну.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий