ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



Жоспар
Кіріспе—————————————————————————————-3

І. Оқытудың теориялық негіздері—————————————————-6
1. Қазіргі кездегі оқыту жүйесінің барысы——————————————-6
1.2 Оқыту жүйесіндегі жаңа технологияларды пайдалану мәселелері———-8

ІІ. Оқыту проблемасының әдістері және оны қолданудың шекарасы—12
2.1 Оқыту проблемасының әдістері арқылы сабақта ойын әрекетін қолдану————————————————————————————————— -12
2.2 Оқыту әдісі арқылы оқуға қызығушылықты арттыру жолдары——14
2.3 Оқыту әдісі барысында коммуникативтік оқыту технологиясының мүмкіндіктерін пайдалану—————————————————————17

ІІІ. Практикалық бөлім—————————————————————-23
3.1 Ағылшын тілі сабағында оқыту әдісін пайдлану арқылы оқушылармен өткізген сабақтардың жобасы————————————————————23

Қорытынды———————————————————————————28

Қолданылған әдебиеттер—————————————————————30

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси — әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңінде қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу – негізгі міндеттердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі» — деп атап көрсетті.
Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, ғылыми тілмен айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану басты назарда болып отыр. Бұл әдістер жалпыға ортақ қолданылып келеді, демек артық айтпаған болар. Өйткені осы жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілге деген қызығушылықтарын арттырып, білім сапасын көтеруде.
Оқу — тәрбие үрдісін ұиымдастыру жүйесі түбегейлі өзгертуді керек етеді. Мұнда ұстаздардың кәсіптік деңгейі, олардың жан — жақтылығы, біліктілігі, оқушылардың танымдылық белсенділігі көтеруге мүмкіндік жасай білуі, әр оқушыны қалай оқыту керектігі туралы мәселені шешетін оқу жүйесін құру қажеттілігі тұр.
«Қазақстан – 2030 » стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына көңіл қоя отырып, стратегия мен міндеттерді жүзеге асыру барысында көздеген мақсаттарға жету үшін тиімді шешімдер қабылдау негізінде білім саласын басқаруда стратегиялық жоспар жасай білуді меңгеру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Білім мекемелерінде оқу — тәрбие процестерінің дұрыс жүзеге асырылуын, мектепті басқарудың ғылыми негізде құрылуын қадағалау , білім жүйесінің барлық буындарында басшылық пен бақылауды жүзеге асыру — білім басқармасының негізгі міндетттерінің бірі./1/
Сонымен, курстық зерттеу жұмысының өзектілігі – ағылшын тілін оқытуда кездесетін проблемалар және оны шешудің жолдарын қарастыру. Мысалы: әр сабақта студенттер жоспарлы тақырыптарға сай тіл жаттықтыру үшін фонетикалық жаттығулар ретінде шағын тақпақ, өлеңдер мен мақалдарды, оқушыларды шетел тіліне ынтықтыру мақсатымен берілген бағыт-бағдар бойынша тыңдатып, қайталатып отырады. Әр сыныпта фонетикалық жаттығулармен жұмыс ұйымдастырылмастан бұрын оқушыларға темендегі жұмыс бағыт-бағдары беріледі.
1. Өлеңді тыңдап мағынасын түсінуге тырыс.
2. Әр жолдағы ағылшын тіліне тән дыбыстардың дыбысталу ережесін ескер.
3. Ағылшын сөйлемдерінің түріне орай оқылу ережесін ескер.
4. Әр өлең жолын тыңдап, хормен қайталап тілінді жаттықтыр.
5. Әр өлең жолын тыңдап, жеке қайтала, тілінді жаттықтыр.
6. Дыбыстау ережесін ескеріп өлеңді оқы.
7. Өлең жолдарын жатқа айт.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Шетел тілін қазіргі заманға сай оқыту мәселелері, олардың өзіндік ерекшеліктері, жаңа заманға сай мұғалімнің біліктілігін арттыру, оқушылардың шетел тілін меңгерудегі ынтасын арттыра отырып, олардың сабаққа деген қабілеттілігін көтеру мақсаты қойылып отыр.
— ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктерін қарастыру,
— ағылшын тілдерін оқытудағы қазіргі заманға сай өзіндік ерекшеліктерін зерттеу;
— ағылшын тілдерін оқытуда мұғалімнің біліктілік қабілетін арттыру;
— ағылшын тілі сабағын өткізу кезіндегі кездесетін проблемалық оқытуға көңіл бөлу және оның шекарасын анықтау;
— ағылшын тілі сабағын өткізу кезіндегі кездесетін проблемалық оқытуды шешу жолдарын қарастыру;
— ағылшын тілі сабағын өткізу кезіндегі кездесетін проблемалық оқытуды болдырмаудың алдын алу шараларын қарастыру;
— шетел тілін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа бейімді етіп қалыптастыру;
— оқушыларды мұғалім өз біліктілігі арқылы парасатты, сезімтал, алғыш етіп оқыта білу және т.б.
Қоғам мұғалімдерге болашақтың тұтқасын ұстар жастардың тағдырын сеніп тапсырды. Сондықтан ағылшын пәні мұғалімі үнемі сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, мектептегі оқу – тәрбиелік жұмыстарды жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, оқыту барысындағы кездесетін проблемаларды шешуде оң өзгерістер әкелуге өзінің барлық күш – жігерін жұмсауға тиіс.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий