«Он екі жылдық білім беруде мектепке оқушыларды қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері»



Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………..3-5

I Бөлім. Білім беру жүйесіндегі 12 жылдыққа өту мәслелесінің
мазмұны……………………………………………………………………………………………6-11
12 жылдық мәселесінің тууының тарихына шолу………………………………..12-16
Ресей мен шетелдердегі 12 жылдық білім беру ерекшеліктері……………..17-24
ҚР-ң 12 жылдық білім беру бүгінгі күнгі өзектілігі мен білімнің қажеттілігі………………………………………………………………………………………….25-31

II Бөлім. 12 жылдық білім беру бастауыш сыныпқа оқушыларды
қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері…………………………………32-39
2.1 6 жасар баланың мектепке оқуға психологиялық дайындығының
негіздері……………………………………………………………………………………………40-47
2.2 12 жылдық мектепке бастауыш сыныпқа 6 жастан қабылдаудың
артықшылығы мен келешегі………………………………………………………………48-52

III Бөлім.12 жылдық білім беру жүйесіндегі бастауыш сынып
балаларының психологиялық дайындығын зерттеу жұмыстары мен
талдауы……………………………………………………………………………………………..53
3.1 Эксперименталды топ пен бақылау тобының мектепке психологиялық
даярлық ерекшеліктерінің салыстырмалы талдауы……………………………….54-61
3.2 Ата – аналар сауалнамасының нәтижесіне талдау………………………………..62-64

Қорытынды……………………………………………………………………………………………65-66

Әдебиеттер тізімі……………………………………………………………………………………67-69

Қосымшалар………………………………………………………………………………………….70-86

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе.
ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғнии 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу – баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды.
ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін 12 жылдық білім беру жүйесін енгізген болатын. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдау мәселесі теория әрі тәжірибе жүзінде талдау мен енгізу мәселесі көптеген уақытты талап етеді.
Баланың жеке басын жан — жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың оқу жүйесінде айтарлықтай қиыншылықтарға кезігеді. Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару — бүгінгі күн талабы. Бастуыш сынып оқушының жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл — күйінің сипаты, сынып сабақтық жүйеге қаншалықты төзімді оның еріктік қасиеттері, жазбаша білімдерді игерудегі таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Сондықтан баланың мектептегі оқу жүйесіне педагогикалық — психологиялық тұрғыдан әлі де толық қарастырылып,талдануы тиіс.
Мектепке жаңадан келген бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделу кезеңін бастап кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар, яғни баланың құрдастарымен, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері – осының бәрі бала психикасына едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының жай- күйін бақылап, жаңа ортаға баулу үшін оқушылардың психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлығын анықтау барысында алынады. Ал психологиялық даярлықты анықтау ісін арнайы маман- психодиагност немесе психолог жүргізуі керек. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық психикалық даярлық диогностикасын анықтап алудың жалпы теориялық және практикалық жүзіндегі тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу қажет.
Халыққа білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін тәжірибелі психологтар балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындығын анықтау мәселесімен жиі кездеседі. Сонымен бірге, әр психолог өзінің шамасына, теориялық қалауларына және мүмкіндіктеріне қарай 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша енгізілген мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдауда психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қабылдауда.
Тағы маңызды мәселенің бірі – Білім және ғылым министірлігі бөлім-бөлімдерде білікті психологтар отыруы және олардың сауатты кеңесі керек. Егер психологтар тарапынан оқыту мәселелері дұрыс шешілетін болса, басқа жоғарыдағыдай мәселелер өзінен — өзі ретке келер еді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: Қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап жаңаша талап қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің бірі білім беру кезеңінде балалардың психологиялық деңгейінің дамуын, олардың әрі қарай білім алу, күрделі білімді жеткілікті қабылдау, әр салада болсын біліктерін жетілдіру негізінде, еліміздегі үздіксіз білім беру саласының 12- жылдық білім беру жүйесіне өтуі ғылым, білім саласында үлкен жаңалық болып табылады. Халықтық білім беру ордасындағы психолог- мамандар күнделікті өмірде баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтып, 12- жылдық білім беру жүйесі енгізілген мектептерге қабылдаудағы психологялық ерекшеліктерін анықтау мәселелерімен жиі жолығады. Осыған байланысты әр психолог өзінің жетік білім деңгейіне, біліктілігіне байланысты балалық мектепке дайындығын әртүрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып анықтайды. Сондықтан да Қазақстандағы педагогикалық психология ғылымының осындай көкейкесті мәселелерін ескере отырып. Қазіргі таңда ұлт мектептеріне қабылдаудағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтап, сипаттап бермекпіз.
Зерттеу жұмысының мақсаты: 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша оқушыларды бастауыш сыныпқа қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктерін айқындау, соның негізінде болашақ бастауыш сынып оқушыларының моделін құру.
Зерттеу нысанасы: бастауыш мектеп пен балабақшадағы даярлық тобы балаларының психологиялық көрсеткіштері.
Зерттеу пәні: мектепке психологиялық дайындық компоненттері.
Зерттеу болжамы: 12 жылдық мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдау үшін психологиялық даярлық компоненттері айқындалды. Осыны негізге ала отырып нақты болжамдар анықталды:
12 жылдық мектепке даярлық тобының балалары, 11 жылдық мектептің бастауыш сынып оқушыларына қарағанда оқуға психологиялық даярлығы басым.
12 жылдық мектепке даярлық тобының балалары, 11 жылдық мектептің бастауыш сынып оқушыларына қарағанда оқуға психологиялық даярлығы төмен.
Зерттеудің жұмысының міндеттері:
Білім беру жүйесіндегі 12 жылдыққа өту мәслелесінің мазмұнының жасалу
жолдарына тарихи шолу жасап, оның қалыптасу кезеңдерін анықтау;
Ресей мен Шетелдегі 12 жылдық білім беру ерекшеліктері мәселесін зерттеудегі ғалымдардың көзқарастарына талдау жасау;
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудегі бүгінгі күнгі өзектілігі мен білімнің қажеттілігіне талдау жасау;
12 жылдық білім берудегі бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін айқындау;
6 жасар баланың мектепке оқуға психологиялық дайындығының негізіне сипаттама беру;
12 жылдық білім беру жүйесі негізінде бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдаудағы психологиялық даярлықты анықтау бағыттары бойынша танымдық процесін, көңіл-күй қалпын, еріктік, мативтік жағдайына зерттеу әдістерін жүргізу;
12 жылдық мектепке даярлық тобы балалары мен 11 жылдық мектептің бастауыш сынып оқушыларының оқуға психологиялық дайындығын салыстыру.
Зертеу әдістері — теориялық талдау мен эмпирикалық әдістер; балалардың мектепке психологияялық даярлығы мәселесін зерттеген Л.А Венгердің «Эталон» әдістемесі, Л.А Венгер, А.Л Венгер, Е.Л Агаеваның баланың танымдық процестерін анықтауға арналған «Өрнекті жалғастыр», «Сана және салыстыр», «Сөз», «Шифровка», «Адам бейнесі» әдістемелерді негізге алып отырмыз. «Венгердің жанұя және балабақша орталығы» атты балабақша психологына арналған әдістемелер жинағы пайдаланылды, Спирменнің рангтік корреляция әдісі және жоғарыдағы міндеттерді шешуде зерттеу жұмыстарын 2 бағытта жүргізу ұсынылады: әлеуметтік және психологиялық. Осы мақсаттар мен міндеттерге сәйкес зерттеу жұмысымызды жүргізуде мектепке психологиялық дайындықтың мазмұнын сипаттайтын ғылыми теориялық еңбектерге талдау жасалып, әсіресе: жеке тұлғаның іс-әрекетте дамуы жайындағы тұжырымдамалар (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Л.И. Божович); таным процестері жөніндегі педагогикалық психологияның теориялары Т.Я. Гальперин т.б. зерттеулерге ерекше мән беруге тырыстық.
Экспериментальды жұмысымызды жүзеге асыру барысында зерттемелік алаң № 8 орта мектебі мен «Гүледер» балабақшасының мектепке даярлық тобы болып табылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, түйін, қорытынды, тәжірибелік ұсыныстардан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмысымыздағы зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті түрде бейнеленген.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий