НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ ФИЗИКА ПӘНІНЕН ОҚУ− ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЖАСАУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



КІРІСПЕ
I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ФИЗИКАДАН БІЛІМ БЕРУ
1.1 XX ғасырда мектептегі физикадан білім берудің даму тенденциясы
1.2 Физикадан білім беру мазмұнының өзгеруі
1.3 Физикадан мектеп оқулығын дайындаудың концептуальдық жолдары
II. ОҚУЛЫҚ ─ ОҚУ − ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ЯДРОСЫНЫҢ НЕГІЗІ
2.1 Мемлекеттік стандарттар және негізгі мектептің физика оқулығының мазмұнын анықтау
2.2 Қазақстан Республикасындағы физикадан оқу −әдістемелік кешенінің құрамы, құрылысы және функциясы
2.3 Мектеп оқулығы стандартының негізгі қағидалары
2.4 «Физика және астрономия, 8 және 9» оқулығы Қазақстан Республикасындағы жаңа буын оқулықтары
2.5 Оқу — әдістемелік кешендері бөлімдерінің байланысы және басқару жүйесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. XX- ғасырдың соңындағы қоғамда болған өзгеріс жалпы білім беру жүйесінде де күрделі серпілістер әкелді. Мемлекетіміздің дүние жүзілік білім беру кеңістігіне шығуы, Қазақстанда осы кезеңге дейінгі қалыптасқан тарихи жағдайларға, жинақталған құндылықтарға және қоғамның түбірімен өзгеруіне байланысты қазіргі уақытта мектепте физикадан білім жүйесінің маңызы артуда.
Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты жаңаша көзқарас алды. Мектеп еліміздің интелектуальды потенциалын арттырып қана қоймай, сонымен қатар ол әрбір оқушыдан еркін, шығармашылықпен ойлайтын, бейімділігін дамытып, келешекте өмірден өз орнынын таба алатын жеке тұлға дайындай алуы қажет болып отыр. Осыған байланысты соңғы жылдары педагогика саласындағы зерттеулер білім беру мазмұнын гуманизациялауда, оқытудың тәрбиелік ролін көтеруде, оқуға қызығушылығын арттыруда дәлелдемелерге негіздеуге бағытталған. Қазіргі қоғамға әлеуметтік жағынан бейімделу үшін адам баласына тек білім ғана емес, оны күнделікті өмірде, практикада шығармашылықпен қолдана білуі қажет.
Жаңа білім .үлгісін қалыптастыруда қоғамның дамуының екі мақсатын ескеру қажет: а) өмір сүруге қажетті дүниежүзілік және жалпы ұлттық проблемаларды шешу; б) жоғары технологиялармен қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық новшеств құру. «Білім» мен оның ғылым секторындағы нәтижесін білім беруде жүйелі қолдануға әкеледі.
Осы пробламалардан шығу үшін әр кезеңде ғылыми-техникалық прогрестің негізі болып табылатын физиканың алатын орны ерекше болып табылады. Физика ғылымының жеткен жетістіктері өндірісті механизациялауда, энергетикада, автоматизацияда және жаңа материалдарды жасауда пайдаланылуда. Өндірістің техникалық жағынан қарулануы – кешенді механизацялау мен автоматизациялау, есептеу техникасының енуі жұмысшыдан физика ғылымының негізін біліп, оны политехникалық сипатта қолдануда дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруды талап етуде.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде физиканың маңызды орын алуы тек қана ғылыми-техникалық прогрестің үздіксіз артып отыруына байланысты ғана емес, табиғаттағы басқа да ғылымдардың дамуында алатын орнына да байланысты болып отыр. Физика химия, биология, астрономия мен тығыз байланыста болғандықтан оның негізгі әдістерін осы ғылымдарда қолданады. Осының барлығы жалпы білім беретін орта мектептегі оқушыларды физика курсы бойынша дайындауда ерекше орын алады. Сонымен қатар қазіргі рынок жағдайындағы қоғам өте сапалы мамандарды қажет етуде, ал бұл өз кезегінде мектептердегі білім берудің ролін арттыра түсуде. Мектеп оқушыларының сапалы, қоғам қажет ететін сауатты білімі болу үшін білім беру мазмұнын бойына жинақтаған және барлық оқу процесінің ұйытқысы болып табылатын талапқа сай оқулық болуы қажет.
Қазақстанның тәуелсіздік алып бүкіл әлемдік білім беру кеңістгіне енуі өз кезегінде шетел тілді немесе басқа тілді авторлардың жазған оқулықтарын пайдалануға әкелді. Осы кезге дейінгі көптеген зерттеулер мен талдаулар мектеп оқулықтарының теориялық сипаты қосымша зерттеуді қажет ететіндігін көрсетуде. Тарихи жағдайларға және қоғамдағы құндылықтардың өзгеруіне және қазіргі білім беру технологиясының дамуына байланысты мектеп оқулығын дайындаудың аспектісі толық зерттелмегендіктен физикалық білім беру мазмұнынын өзгерту қажет болды. Еліміздегі мектеп оқулықтарының мәселесін саралап, зерттеп, жүйелей отырып және оқулықтарды дайындау тәжірибелерін таразылай келе жаңа буын оқулықтарын дайындаудың тоқырау кезеңінде тұрғандығын көруге болады. Бұл тоқырау мәселесі оқулық дайындаудағы ғылыми − әдістемелік және теориялық базаның әлсіздігінен және өзіміздің отандық оқулықтарды дайындау тәжірибеміздің жоқтығынан. Өткенді ескермей қазіргі қоғамның дамуы мүмкін емес. Қазіргі қоғамның дамуы өткен қоғамның жақсы жақтарын өмірде пайдалануымыздың нәтижесі десе де болады. Ал педагогика ғылымы оқу құралдарын, мектеп оқулықтарын жасауда осы ғасырлар бойы алған білімімізді жинақтайды. Осы жағдайларды ескере отырып соңғы жылдары педагогика саласындағы зерттеулер білім беру мазмұнын гуманизациялау, оқытудың тәрбиелік ролін көтеру, оқуға қызығушылығын арттыруда жаңаша көзқарастағы оқыту әдістерін немесе соның кейбір элементтерін сабақ беру процесі кезінде қолдануға бағыттап жүргізілуде.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда орта мектепте білім беру үлкен өзгерістерге ұшырады. Оқу процесінің демократияландыруына сәйкес бірыңғай орта мектеп жойылып, жалпы білім беретін орта мектептер, гимназия, лицей және тереңдетіп оқытылатын мектептер пайда бола бастады. Мектептерде бірыңгай бағдарлама, бірыңғай оқулықтар болмағандықтан мұғалім өзіне қажетті бағдарламамен жұмыс жасайтын дәрежеге жетті. Қазіргі оқу жүйесінде мұғалім әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде бағалағандықтан, мұғалім білімнің нақты көзі емес, оның ұйымдастырушысы болып табылады. Оқыту процесі бір жақты жүрмеу үшін оқу әдістерін белсенді түрлендіріп жүргізіп отыру керек және оны белсенді жүргізу үшін «жақсы оқулықтар» керек. Яғни осыдан келіп білім беру жүйесін жетілдірудің бір жолы ретінде негізгі мектепте физикадан оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) жасаудың дидактикалық негіздері қарастырылып отыр. Бұл жерде бірнеше мүмкіндіктер қарастырылған:
a) Оқушыларға арналған оқулық дайындау
b) Мұғалімге арналған көмекші құралдар
c) Ата-аналармен бірігп жұмыс жасауға арналған оқулықтарды дайындау.
Жаңа ақпараттық технологиялар әдістемесін, ОӘК- ін дамыту үшін білімді ақпараттандыру арқылы мектептің даму бағдарламасына компьютерлік оқулықтарды ендіруге болады. Бұл бағдарламаның артықшылығы қажетті оқу ақпараты мен тестік жұмыстарды бағдарламаға компьютер арқылы өте жылдам енгізу. Мұндай материалдарға ОӘК- енген кестелер, сызбалар, анықтамалар, сұрақтар мен тапсырмалар тест, сарамандық және лабораториялық жұмыстар жатады. Оқу құралы компьютер болғандықтан оқушы компьютермен жұмыс жасай алуы керек. Физикадан ОӘК- ін жасаудағы негізгі проблемаларды екі бағытта қарастыруға болады: психология- педагогикалық және жеке-әдістемелік.Егер ОӘК-інің құрамында физика пәніне оқулықтар бар болса, онда пән мұғалімдері әдістемелік және дидактикалық жағынан қаруланған болып шығады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: физика пәні бойынша мектептің негізгі буынына арналған мектеп оқулықтарын дайындауды жетілдіру жолдарын анықтап, мектеп оқулығын дайындау кезінде пайда болатын мәселелерді шешуде дүние жүзілік тәжірибелерді пайдаланып, оның ғылыми− педагогикалық шарттарын негіздеу. Мектеп оқулықтарын жасаудың әлемдік және отандық тәжірибесінің тиімді жақтарын отандық оқулықтар дайындау жүйесіне ендіру және жаңа типті оқулықтарды жасауды қамтамасыз ететін жағдайлар мен факторларды анықтау.
Зерттеу нысаны − мектептің оқу процесіндегі физика оқулықтарының оқушыларға білім берудегі әдістері мен оқу құралдарының мазмұнының дамуы
Зерттеу пәні − физика пәні бойынша білім беру стандартына лайықталған мектеп оқулықтарын жетілдіру жолдары.
Зертеудің болжамы:
Егер физика пәні бойынша мектептің негізгі буынына арналған оқу әдістемелік кешендерді жасаудың дидактикалық негізі дайындалса, онда сапалы мектеп оқулықтарын жасаудың шарттары құрылады да, теория мен практикада оны жасаудың интеграциялық үдерісі жүзеге асады.
Жетекші ой:
Қазақстандағы мектеп оқулықтарын жетілдіру ғылыми− негізделген бағытта жүргізілуі қажет: білім берудегі мемлекеттік саясат, оқулықтарды дайындаудың теориялық және педагогикалық бағытының философиямен, психологиямен және оқыту әдісімен өзара байланысы болуы.

Зерттеу жұмысының міндеті:
1. Қазақстан Республикасындағы жаңа буын оқулықтарының ерекше сипатын ашу.
2. Мектеп оқулықтарын жасай және талдай отырып даму жолдарын анықтау.
3. Физика пәні бойынша қазіргі мектеп оқулықтарының теория−әдістемелік негіздерін сипаттау.
4. Мектеп оқулықтарындағы физикалық материалдың жетекші идеяларын талдау.
5. Жаңа типті оқулықтардың критериін жасап, олардың жақсы жақтары мен кемшіліктерін анықтап, талдап оқулыққа сиапттама беру.
6.Республикадағы мектеп оқулықтарын дайындау тәжірибесін шола отырып, жалпы орта білім беруді жеделдетіп және мектеп оқушыларының физиканы оқып үйрену сапасын арттыру үшін қажетті оң тәжірибелер мен оған кедергі жасайтын элементтерді анықтау
7.Физика пәні бойынша мектеп оқулықтары мен оқу− әдістемелік кешендерін жасауды жетілдіруде педагогикалық білімнің теориясы мен практикасындағы білімді ескере отырып ұсыныстар жасау.
8.Мектеп оқулықтарын жасаудың тиімді жолдарын іздеп табуға ықпал ететін қазіргі білім берудің өзекті қортындыларын жасап шығару.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Зерттеудің бірінші кезеңінде (1984-2004жж.).
Мектеп оқулығының жағдайы, физика пәні бойынша отандық оқулықтарды дайындаудың теориясы мен практикасы зерттелді, бағдарламалар мен оқулықтарға талдаулар жүргізіліп, әдістемелік база анықталды, алғашқы теориялық жағдайлар жасалынып, алынған мәліметтер жүйеленді.
Зерттеудің екінші кезеңінде: (2004-2007жж.).
8 және 9 сыныптарға арналған физика пәні бойынша оқу− әдістемелік кешендердің теория −әдістемелік негіздері құрылды, оқу− әдістемелік кешендердің құрамы мен құырылысы анықталды, физика және астрономия курсының жаңа пән ретінде даму жолдары мен ерекшеліктері анықталды. Физика пәні мұғаліміне көмек ретінде оқу құралдары жасалынды. Мектеп практикасы мен мектепте пайдаланылатын физика оқулығы шеңберінде педагогикалық фактілерді жинау, сипаттау, салыстыру және анықтау осы кезеңдегі зерттеу әдістерінің нәтижесі болды.
Зерттеудің үшінші кезеңі: (2004-2007жж.)
Мектеп оқулықтарын жасау тәжірибесін ендіру жолдары анықталды, мектеп оқулықтары теориясының негізгі принциптері жүйеленді. 8 бен 9 сыныпқа арналған физика және астрономия курсы бойынша оқулықтар, әдістемелік құралдар, жұмыс дәптерлері жасалынды. Осы оқулықтар мен оқу құралдары бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін жүйелеу мен жалпылау, ұсыныстарды жасау мен ендіру, зерттеу әдістері болды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
Зерттеу келесі теориялармен берілген: исследования представлена следующими теориями: познания, как объективным отражением реалии в сознании человека; диалектика материалистического учения о социальной сущности личности, положение об определяющей роли деятельности в развитии личности.
Алға қойылған мәселені шешу үшін зерттеулер кешені пайдаланылды. Оларға:
— ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен мұғалімді дайындауға арналған оқу-әдістемелік құжаттары;
— педагогикалық басылымдардың жүйеленген сараптамалары, зерттелініп отырған ақпаратты өңдеу;
— физикадан жаңа буын оқулығын, оқу бағдарламасы мен жоспарын және оқу-әдістемелік әдебиеттерін жасауға итермелеген озық пікрлердің сараптамасы;
— алдыңғы қатарлы педагогтардың енгізген оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістерін қайталау;
-Қазақстандағы физика пәні бойынша дайындалған оқу-әдістемелік кешенін тәжірибе жүзінде пайдаланып, оның бағалануы жатады.
Зерттеу көздері:
Осы проблема бойынша жинақталған физиктердің, психологтардың, педагог және социологтардың еңбектері; құжаттар мен материалдар(Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Білім туралы заңы, Орта біліді дамыту концепциясы, Қазақстан Республикасының орта білім беруінің мемлекеттік стандарты), нормативтік және әдістемелік тұжырымдар мен нұсқаулар; оқу бағдарламалары мен жоспарлары, физика пәнінің оқулығы, автордың педагогикалық – эксперименттік зерттеу жұмыстары.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-дагогикалық, арнайы шығарылымдардың талдамасы, тәжірибелік- педагогикалық эксеприменттік жұмыстар, сауалнамалар, оқушылар және физика пәнінің оқытушыларымен жүргізілген әңгімелер, анкеталық сұрақтар, алынған нәтижелерді талдап, қорытынды жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
1970- 2005 жылдардағы физика оқулықтарының мазмұны қазіргі ғылыми теориялық тұрғыда мазмұндалғандай.деп айтуға болады.
Мектеп оқулықтарын құрудағы ғылыми педагогикалық ізденістердің оң нәтижелері анықталды.
Мектеп оқулығы теориясының негізгі даму бағыттары анықталып және сипатталған.
Физика және астрономия оқулығының құрылымы жүйелі жасалынған
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Физика және астрономия бойынша оқу кітаптарының жүйесін жасауда (оқулық, оқу және әдістемелік құралдар).Диссертацияда сараланған педагогикалық теорияның даму тәжірибесі мектеп оқулығын жетілдіруге ықпал етеді. Теориялық қорытындылар оқулықтануда педагогикалық ғылымның толығуына сай келеді. Автордың жұмыс жасаған материалдарының жалпы саны 20- ға жуық оқулықтар. Оқу және әдістемелік құралдарды жасағанда қолданылған және келесі жұмыстарды жасағанда практикалық көмек болды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Мектеп оқулығының әдістемелік теориялық негізі мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыратын гуманитарлық жүйе болып табылады.
2. Мектеп оқулықтарын жасаудағы әлемдік және Қазақстандық тәжірибені зерттеуде педагогикалық ғылымның жалпы даму тенденциясын анықтап, оқулықтың қызметінің артқанын дәлелдеді (ақпараттық, тәрбиелік, дамыту, координациялаушы).
3. Қоғамда болып жатқан өзгерістердің аясында мектеп оқулығының теориялық негізін жасау, оқулықты жетілдіру мен жүйелеуді қамтамасыз етті.
4. Шетелде және мемлекетте оқулықты жасау тәжірибесін ғылыми талдау әлемдік дамуды салыстыруға мүмкіндік береді. Қазақстандағы педагогикалық ғылымның әлемдік деңгейге өтуін қамтамасыз етеді.
5. Мектеп оқулығының педагогикалық теориясының дамуының бүтін бейнесі құрылады.
6. Мектеп оқулықтарын жасау аясындағы оң тәжірибені зерттеудің қажеттілігі негізделеді.
Зерттеудің нақтылығы:
Мұғалімнің білімінің теориялық мазмұнының маңыздылығы және автордың концептуальды көзқарасы, зерттелінген материалдардың практикалық қажеттілігі; таным теориясының әдіснамасынан шығатын тұжырымдар мен педагогикалық-психологиялық теорияларды зерттеуде жалпы білім беретін орта мектептегі оқытуды ұйымдастырудың отандық және шетелдік ағартушылар мен тәжірибелі ұстаздардың ғылыми ізденістеріне сүйену; автордың ұстаз-әдіскер ретінде жүргізген жұмыстарының оң нәтижесі.
Зерттеу базасы: Еуразия гуманитарлық институты, Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептер: оның ішінде Қызылорда қаласындағы №198 және №6 орта мектеп пен №15 қалалық гимназия, №9 лицейлер – гимназия.
Енгізілу дәрежесі және оның тиімділігі: жалпы білім беретін орта мектепте физикадан білім беру мазмұнын жаңартуға, оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда пайдалануға болады.

Қолданылу саласы: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицейлер
Диссертацияның құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдардан тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі …… бетті құрайды.
Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделіп, мақсаты, міндеті, болжамы, әдіснамалық және теориялық негізі, зерттеу жаңалығы, болжамы, практикалық маңыздылығы анықталып, жетекші ой ұсынылып, зерттеудің негізгі кезеңдері сипатталады.
«Қазақстан Республикасы мектептерінде физикадан білім беру» деп аталатын бірінші бөлімде XX ғасырдағы физикадан білім берудің жалпы тенденциясы, оқыту әдістемесінің пайда болуы және физика пәнінің мазмұны, оның берілу тәсілдерінің даму жолдары қарастырылады.
Екінші бөлім «Оқулық – оқу — әдістемелік кешені ядросының негізі» деп аталып, негізгі мектептегі физика оқулығының мазмұны, мемлекеттік стандарттар, оқу-әдістемелік кешенінің құрамы, құрылысы, функциясы және оқу-әдістемелік кешендерінің бөлімдері арасындағы байланысты қарастырады.
Ал қорытынды бөлімде жасалынған зерттеу жұмысының нәтижелері мен қорытындылар келтіріліп, жасалынған экспериментті-тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде ұсыныстар жасалып, әрі қарайғы зерттеу жұмыстарына


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий