Мұғалімге көмекші құрал ретінде арналған информатикадан сабақ жоспарлары (7 сынып)



Мазмұны

Кіріспе4

1 Информатика пәнін мектепте оқыту мәселелері7

1.1 Информатика пәнін мектепте оқытудың мақсаты мен мазмұны7

1.2 Информатика пәнін мектепте оқытудың формалары мен әдістері10

1.3 Информатиканы оқытудың құралдары17

2 Информатиканы оқытудың педагогикалық технологиялардың теория-лық және практикалық негіздері 22

2.1 Педагогикалық технология ұғымы22

2.2 Педагогикалық технологиялардың жіктелуі24

2.2.1 Деңгейлік оқыту әдісінің информатика пәнін оқытудағы рөлі25

2.2.2 Бағдарламалы оқыту37

2.2.3 Электронды оқулық41

2.2.4 Қашықтан оқытудың жүйесін құрудағы әдіснамалық принциптері45

2.2.5 Информатика пәнін жаңа технологиялармен оқытудың тиімді жолдары 52

2.2.6 7-сыныпқа арналған электрондық құралының қысқаша мазмұны53

Қорытынды59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі60

Қосымша А61

Кіріспе

Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі ақпараттық білімнің ақпараттық орта мен адамның өзара қарым — қатынасын үйлесімді етудегі, жаңа ақпарттық қоғамда кәспкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы, сондай — ақ оның әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен, мән — маңызымен анықталады.

Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.

Аталған мақсатты іске асыру нәтижесінде оқушыларды, үйренушілерде әлемнің қазіргі ақпараттық бейнесі және ақпараттық технологияны қолдану бірліктері мен дағдылары қалыптасыу тиіс.

Информатика курсы жетінші сыныпта базалық курс ретінде жүргізіледі және оқушылардың міндетті минималды білімдік деңгейін қамтамассыз етеді. Оның мазмұны оқушыларға ақпараттық технологияны қолданудың әдістері мен тәсілдерін меңгеруге және өздерінің іс — әрекетіне компьютерді еркін пайдалана алатындай дәрежедегі білік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Информатика курсын 7 — сыныпта оқытып үйрету концентрлер түрінде ұйымдастырылған, яғни бағдарламаның жалпы құрылымдық элементтері барлық кезеңде қарастырылады, ал курс материалдарды оқу сатысы неғұрлым жоғарылаған сайын жинақталып, толықтырылып, кезеңдер бойынша күрделініп отырады. Оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алуы және өзін өзі анықтауы үшін мүмкіндік туғызу болып табылады. Оқыту мазмұны информатиканың дүниетанымдық және пайдаланушылық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн Мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін туындайды. Ол компьютерді оқу құралы ретінде оқушылардың оқу — танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді.

Информатиканы оқу оқушылардың компьютер туралы жалпы түсініктерін қалыптастырады, ақпараттық технология әдістерімен қаралуына себебін тигізеді. 7 — сыныпқа арналған информатика бағдарламасының мазмұны оқушылардың оқу танымдық қызметінде компьютерлік техниканы еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруға қажет материалдарды қамтиды және ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану жағдайындағы оқуға даярлайды.

«Информатика» пәнінен білім беру тақырыптық жоспардағы әрбір бөлімдерге сәйкестендіріліп ұсынылады. Бағдарлама құрылымына мына мәселелер енеді: 7 — сынып бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы; оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар; тақырыптық жоспарлау.

Информатика курсын жетінші сыныпта оқыту бағдарламасында:

— Адам, Ақпарат, Компьютер;

— Компьютердің Аппараттық құралдары;

— Windows’95 операциондық жүйесі;

— Paint графикалық редакторы;

— WordPad мәтіндік редакторы;

— Блокнот программасы;

— Калькулятор;

— Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері;

— Компьютерлікжелілер;

— Компакт — дискіден прграмманы іске қосу немесе орнату тақырыптары қарастырылған.

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі орта мектеп орынында оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда.

Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан — жақты дамуы үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор болғандықтан, көпшілікке түсінікті болып келе жатыр. Осы орайда, ең алдымен, «Информатика» пәнін оқытудың алатын орны ерекше. Соңғы жылдары ішінде информатика негіздері мен есептеу техникасы, программалау курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми — әдістемелік тұжырымдар жасалуда.

Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқыту үшін оқушыларға оқулық, компьютер аздық етеді. Сондықтан оқушыларға электрондық оқулықпен жұмыс істеу әдісін үйрету керек. Бұл әдісті қолдану арқылы оқушылар мұғалімнің көмегінсіз өз беттерімен білім ала алады. Ал оның тиімді жағы: оқушылардың өз шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызып, ақпаратты тауып және оны меңгере алуы.

Зерттеу мәселесі – жалпы білім беретін орта мектептің 7-сынып информатика пәнін оқытудың теорисы және практикасы.

Зерттеудің мақсаты – 7-сыныптағы информатика пәнінің сабақ жоспарларына арналған электронды көмекші құралын жасау.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындау қажет болды:

— информатика пәнін мектепте оқытудың мақсаты мен мазмұны қарау;

— информатика пәнін мектепте оқытудың формалары мен әдістері анықтау;

— информатиканы оқытудың құралдары

Зерттеу нысаны — жалпы білім беретін мектепте 7 — сынып информатика пәнін оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні – 7 — сынып информатика пәнін оқыту әдістемесі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, суреттер және кестелермен қамтылған екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий