Индивидуалдылық құрылымындағы қарым-қатынас стилі



Кеңестік психологияда бағдарлар мен стратегиялармен бірге көптеген зерттеушілер адамға оларды жүзеге асыруға көмектесетін әдістер жайлы,басқаша сөзбен айтқанда қарым-қатынас стильдері туралы айтады. Кеңестік ғылымда қарым-қатынастың индивидуалды стилін (оны басқаша партнермен “өзара әрекеттесу стилі”, ”өзара қатынас стилі” деп те атайды) зерттеудің бастаушысы В.С.Мерлин болып табылады, ол оны іс-әрекет стилінің жеке жағдайы ретінде қарастырады. Алғашында интегралды индивидуалдылық теориясының авторы бұл түсінікті өзара қатынасты туғызатын операциялар, әдістер және тәсілдердің тұтас жүйесі ретінде анықтады. Сонда ол операциялардың арасынан тек қана қарым-қатынастың әдістері мен тәсілдерін емес, сонымен қатар өзара қатынастар түрін құрудың мақсатын бөліп көрсетті.Тек қана процессуалды емес, сонымен қатар мазмұнды стильдік көрінулерді түсінуге тырысатын қазіргі зерттеулерде, стиль құрылымына мәнді құрамдас бөліктерді қосып, өздерінің назарларын қарым-қатынастың мотивациялық жағына қояды-тек “қалай?” емес, сонымен қатар “не үшін?”. Қарым-қатынас стилі басыңқы қажеттіліктер, мақсаттар, құндылықтар және қарым-қатынас тәсілдерінің арасындағы тұрақты, үйреншікті байланыстардың құрылуының нәтижесі ретінде, басқа адамдармен өзара әрекеттесу нәтижесінде қалыптасатын және мотивтерді жүзеге асыратын тұрақты әдісі болып табылатын психологиялық қасиет ретінде анықталады.Жалпы индивидуалдылық құрылымы секілді, қарым-қатынас стилі өзіне мазмұнды және формалды құрамдас бөліктерді қосады.Біріншісі қарым-қатынас мотивтерінен, құндылықтарынан, қажеттіліктерінен және мақсаттарынан тұрады. Екіншісі әдістер, тәсілдер сияқты қарым-қатынастың мінез-құлықтық, инструменталды ерекшкліктерімен сипатталады. Бірақ, қазіргі уақытта қарым-қатынас стилінің құрылымы жеткілікті түрде зерттелді деп санауға болмайды (яғни қарым-қатынас тәсілдері мен мотивтердің әр түрлі бірлесуінің жүйесін беретін деп). Қарым-қатынастың индивидуалды стильдері мәліметтерді жүйелей отырып, кейбір авторлар, біріншіден, мақсаттарының, формаларының және мазмұндарының әр түрлілігіне байланысты қарым-қатынастың кәсіби, рөлдік (профессионалды) және тұлғааралық стильдерді шектетуді, ал, екіншіден, олардың әрбіреуінің шегінде қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті және әлеуметтік-перцептивті стильдерін бөлуді дұрыс деп санайды.

Күнделікті қарым-қатынас әрқашанда нақты болады, сондықтан да психологияда әлеуметтік иерархияның әр түрлі сатысында тұрған адамдар арасынды, жанұя ішінде, сонымен қатар кәсіби іс-әрекет шегінде туындайтын қарым-қатынас тәсілдері жайлы көбірек белгілі екені кездейсоқ емес.Басқару (лидерлік), педагогикалық қарым-қатынас және ата-ана тәрбиесінің стиліне қысқаша тоқтала кетейік.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий