ЖОБАЛЫ ЖҰМЫС



ЖОСПАР

КІРІСПЕ————————————————————————————-3

І. ЖОБАЛЫ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗДЕРІ——————————6

1.1 Коммуникативтік оқыту процесі арқылы жобалы жұмыс жүргізу———6
1.2 Шетел тілі сабағында жобалы жұмыс жүргізудің мәні———————-10

ІІ. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА МҰҒАЛІМ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ————————————————————————————12

2.1 Ағылшын тілін оқытуда мұғалімнің рөлі—————————————-12
2.2 Ағылшын тілі сабағын өткізудегі ойынның рөлі——————————-17

ІІІ. ЖОБАЛЫ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДЫ ОЙЫН САБАҚТАРЫ —————————————————————————22

ҚОРЫТЫНДЫ—————————————————————————25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ————————————27

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай жасөспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесідегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты. Осы тұрғыдан еліміздің білім беру жүйесі XXI ғасырдың жаңа талаптарына сай болу мақсатында үлкен бетбұрыс алдында тұр.
Өткен XX ғасырда білім беруді ұйымдастыру «ғылым-өндіріс-білім» мәдени макромодель аясында жүрді. Ал жаңа XXI ғасырда білімді ұйымдастыру «мәдениет-білім-тарих» макромодель аясында болатындықтан білімге деген жаңа көзқарас туды. Білім мәдениеттің бөлігі ретінде төрт жақты сипатта ескеруліде. Дәлірек айтсақ, білім — құндылық, білім – жүйе, білім – үрдіс, білім – нәтиже, білім-жоба.
Осы төрт қырын біртұтас қарастырғанда ғана бүгінгі тарихи кезеңге сай білім мәні шығады. Сонда ғалымдардың XIX ғасырды – ақпарат ғасыры, адам деген сипаттамасына жүгінсек, білім адам мен ақпарат қалыптастырудағы негізгі фактор болып табылады. Сондықтан білімнің жаңа ғасырдағы мәні оның жеке тұлға тұғырындағы мәңгілігімен, жеке мемлекеммің қауіпсіздігін әлеуметтік, рухани, мәдениөрлекі арқылы қамтамасыз етумен және жалпы адамзаттың өркендеуіне ықпал етуімен сипатталады.
Зерттеу жұмысының мақсаттары: Білімге деген жаңа көзқарас тұрғысынан оның сапасы да жаңаша пайымдалуда, сондықтан қазіргі кездегі сабақтың әркезеңінде жобалы жұмыс істеу – бүгінгі күннің талабы. Бұл, негізінен, білімнің төрт сипатын тұтас қарастыра отырып, оның ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі қырларына аса мән берумен байланысты. Осыған орай білім жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алынған білім, білік дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып дамытылған өмірлік дағдылар болып табылады. Әрне, егемендік алғаннан бергі жылдары білім беру жүйесіне, оның ішінде жалпы білім беруде оң өзгерістер болып жатқаны көпшілікке мәлім. Жүйелі түрде жүргізілген кешенді іс-шаралар мынадай мақсаттарды алға қойып отыр:
— ағылшын сабағында техникалық құралдар қолдану арқылы білім сапасын арттыру;
— жалпы білім беру жүйесінің қалыптасып қалған дәстүрлі құрылымы мен мазмұнын жетілдіру және жаңарту;
— жеке жобалы жұмыс барысында оқушылармен жеке жұмыс істеу;
— жеке жобалы жұмыстың мағынасына мән беру;
— сабақта техникалық құралдар пайдалану арқылы тартымды өткізу осы және т.б. мәселелер курстық зерттеу жұмысының мақсаттары болып табылады.
Алайда, бұл істер бүгінгі таңдағы білімге қойылып отырған жаңа талаптар тұрғысынан жеткіліксіз болып отыр. Неге? Өйткені, білім саласындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижелігіне кедергі болып отырған факторлар бар. Мысалы жалпы білім беру жүйесінде толық мағыналы шешімі болмай жүрген мәселелерді бірнеше топқа жинауға болады. Мәселен, білім беру жүйесінің беретін нәтижесі еліміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени өркендеуіне тигізер ықпалы қаншалықты жеткілікті екендігін түсіну қажеттігі туады. Демек, білім сапасын көтеру тек сол жүйе аясындағы мазмұндық құрылымдық, ұйымдастырушылық өзгерістерімен шешу мүмкін емес. Мәселе білім философиясын, білімді беру ұстанымын әдіснамалық деңгейде қайта қарау қажеттігі туып отыр. /2, 25/
Аталған кемшіліктердің келесі кезеңдегі істерге түрткі болуының арқасында бүгінде қоғамда білім жүйесінің жаңа сапалық деңгейге көшірудің стратегиялық міндеттері айқындалып отыр. Ол «Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында» белгіленді.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Жалпы кез келген тұжырымдама сияқты бұл құжатта білім беру жүйесін дамытудағы басты ұстанымдар, мақсаттар мен міндеттер, ендірілген өзгерістердің басты идеяларын сипаттау арқылы даму міндеттерін нақтылап отыр. Олар мыналар:
— білім жүйесінің құрылымын оның жеке буындардағы құрылымдық өзгерістер арқылы жетілдіру;
— білім сапасын арттыру мақсатында оқу нәтижелерін қадағалау жүйесін жасау;
— білім сапасын ашық жүйе ретінде дамыту,
— білім сапасын арттыру барысында оқушылармен жеке жобалы жұмыс жүргізу;
— шетел тілі сабақтарын өткізуде техникалық құралдарды орынды пайдалана білу;
— шетел тілі сабағын өткізу барысында тіл дамыту жұмыстары кезінде сабақты қызықты, тартымды өткізу үшін көрнекіліктің қажеттілігін білу;
— оқушылармен жеке жобалы жұмыс істеу барысында жалпы көрнекі құралдарды: техникалық құралдар, компьютер, бейне таспалар, магнитофон, диафильм, эпидиаскоп, кодоскоп, слаид, т.б. пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа деген құштарлығын арттыру т.б. /7, 79/
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий