Жаңа оқыту технологияларын меңгерту арқылы студенттердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру



МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 Жаңа оқыту технологиясын меңгертудегі студенттердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері 4

1.1 Студенттердің кәсіби біліктілігін дамытудың әдіснамалық ұстанымдары 10

1.2 Студенттердің кәсіби біліктілігін дамыту мәселесінің психологиялық әдебиеттердегі көрінісі

2 Студенттердің педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы кәсіби біліктілігін арттырудың жолдары

2.1 Жаңа оқыту технологияларын iрiктеу арқылы студенттердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру 32

2.2 Жаңа технологияларды қолданудың ғылыми-әдiстемелiк

шарттарын анықтау 36

2.3 Жаңа оқыту технологияларының бірі компьютерлiк технология — оларды мектеп практикасына ендiру тәжiрибесi

Қорытынды 37

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

Жаңа оқыту технологияларын меңгерту арқылы студенттердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру

КІРІСПЕ

Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновацияльқ экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халықтарына арнаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңынды» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын [1].

Білім — адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Осыған орай бұрынғы мәдени тәжірибені жеткізуге бағытталған, үлгі бойынша оқытатын репродуктивті, жеке адамның қызығушылықтарынан мемлекеттік мүддені жоғары коятын білімнен адамның өзін танымның биік баспалдақтарына қарай жетектеп отыратын «өмір бойы» алатын білімге бағытталу жүзеге асырылуда. Білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орынын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуде белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс деп есептелінеді.

Педагогикалық білім дәстүрге бай. Алайда, педагогика сол дәстүрліліктердің бүгінгі күннің мәселесін шеше алмайтын немесе шешудегі тиімділігінің төмен болып тұрған кезеңіне өтті. Осыған орай жүріп жатқан модернизациялау үрдісі — республикадағы білімнің сапасын арттырып, оның халықаралық білім кеңістігіне кірігуіне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, еліміздің өркендеген елдердің қатарынан көрінеміз деген талабына тұғыр болады деп күтілуде.

Модернизациялаудың құқықтық негіздерін Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы [2], Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының 2010-жылға дейінгі бағдарламасы [3], Қазақстан Республикасы білімді дамытудың 2005-2010-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [4], Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасы [5], Қазақстан Республикасы мамандар біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың ережесі мен тәртібі [6], Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім тұжырымдамасы [7], Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін дамыту тұжырымдамасы [8] және де басқа мемлекеттік нормативті құжаттар құрайды. Білім саласына жүктеліп отырған осындай міндеттерді жүзеге асыратын, барлық реформалардың басты кейіпкерлері мұғалімдер — жаңа формация мұғалімі деп қабылданып, олар: рухани-адамгершілікті, азаматтық белсенді, рефлексияға қабілетті, шығармашыл, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-тұлғалық құзырлылықтары қалыптасқан, әдіснамалық, зерттеушілік, әдістемелік деңгейі жоғары тұлға ретінде сипатталады [9].

Ал ондай мамандардың қалыптасуы жоғарғы оқу орындарында басталып одан кейінгі біліктілікті арттыру жүйесінде әрі қарай дамуы тиіс. Бүкіл адамзаттың бар білетіні әрбір төрт жыл сайын екі есе ұлғайып отырады деген деректерге сүйенсек, онда казіргі адамның өмірінің соншалықты жылдамдығы біліктілікті арттыру жүйесінің дер кезінде және үнемі жетілдіріліп, мектеп тәжірибесінен озып отыруын талап етеді.

Жаңа жағдайда білім беру ұйымдары іс-әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім, іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы, саяси-қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзырлылықтардың жиынтығы болуына назар аударылады, Білім беру қызметкерлерінің біліктілікті арттыру жүйесінің сапалы өзгерістерге қол жеткізуі үшін оларды әдістемелік-ұйымдастырушылық іс-әрекетінен зерттеу-әдістемелік іс-әрекетіне, мұғалімді педагогикалық нақты жағдайларға тез бейімдеу, оның шығармашылық ұмтылыстарын қанағаттандыру ұстанымдарына көшіру өзекті болып отыр [10].

Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби мәнді сапалары мен шығармашылық әлеуетін дамыту үшін осы кезге дейін мамандардың пәндік кәсіби аймақтары аясында қызмет етіп келген біліктілікті арттыру жұмысындағы тәжірибеге түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттілігі күн санап артып отыр деуге болады. Сондықтан мұғалімдер мен басқа да педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру ісімен айналыса отырған жүйенің де өз жұмысының мазмұнын, құрылымын өзгертіп, жаңа дидактикасын жасау кезек күттірмейтін өзекті мәселелер қатарына жатады.

Біздің ойымызша студенттердің білімін көтеру ісі ең алдымен оның өзіне қарай бағытталғанда ғана студенттердің өз санасын дамытып, атқарып отырған қызметінің мәнін терең ұғынуы, соған сәйкес өзін — өзі жетілдіру қабілеттерін қалыптастыруды, кәсіби шығармашылықтың биіктеріне жетуді қамтамасыз ететін болады. Бұл мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру жүмысын олардың «дамуының жақын аймағында» ұйымдастыру жағдайына көшіруді және сол арқылы әр педагогты жаңа белеске көтеріп, педагогикалық еңбекті шығармашылық деңгейге шығаруды нәтижелі етеді.

Біліктілікті арттыру жүйесін кұрудың теориялық, әдіснамалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады. Адам бойындағы ашылмаған мүмкіндіктерін жетілдірудің мәні мен маңызы, шығармашылық бастаулардың көзін ашу сияқты көпқырлы, күрделі мәселе өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Зерттеу барысында антикалық дәуір философтары (Гераклит, Сократ), жаңару кезеңінің ойшылдарының (Ж.Ж.Руссо, К.Гельвеций, Д.Дидро, т.б.), субъективті идеализм теориясы өкілдері (И.Кант, Л.Фейербах, И.Фихте, т.б), шығыстың көрнекті ойшылдары (Жүсіп Баласағүн, Әбу Насыр әл-Фараби, Ш.Уәлиханов), ақындар (А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров), ағартушылар (Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, т.б.) еңбектерінде адамның жеке басын дамыту, ішкі мәнді күштерін дамытуға ерекше мән берілгендігі анықталды [11].

Болашақ мамандарды дайындаудағы тұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен практикасы (Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева, С.Т.Каргин, Қ.К.Жампеисова, т.б) [12;13;14;15]; мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру (Ш.Таубаева, т.б.) [16]; болашақ мамандардың креактивтілігін зерттеуге (Б.Оспанова) мәселелері кеңінен қарастырылады.

Сонымен ғылыми-философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді және біліктілікті арттырудьщ нақты тәжірибесін талдау барысында төмендегі қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік алдық:

— қазіргі біліктілікті арттыруды ұйымдастыру практикасы мен онда студенттің өз шығармашылығын дамытуының мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы арасындағы.

Бұл қарама-қайшылықтар педагогикалық теория мен практикада студенттердің білімін дамытудың тұғыры неде, қандай заңдылықтарға негізделеді; проблеманы тиімді шешудің педагогикалық шарттары мен тетіктері қандай деген мәселелерді туындатып, оны теориялық-әдіснамалық және технологиялық деңгейде қарастыруды талап етеді. Бұл зерттеу тақырыбын «Жаңа оқыту технологияларын меңгерту арқылы студенттердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру» деп алуға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Студенттердің жаңа оқыту технологиясын меңгерудегі кәсіби біліктіліктерінің қалыптастырудың — әдіснамалық негізін жасау;

Зерттеудің объектісі: болашақ мамандардың біліктілігін арттыру үрдісі.

Зерттеудің пәні: жаңа оқыту технологияларын қолдану арқылы болашақ мамандардың біліктілігін дамытудың теориясы мен практикасы.

Зерттеу әдістері: зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу және ғылыми болжамды тексеру — философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау мен жинақтау, сұрақ-жауап алу, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, тестілеу, әдістері арқылы қамтамасыз етілді.

Диплом жұмысы екі тараудан, кіріспеден, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий