Дәстүрлі сабақ



М а з м ұ н ы

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

Негізгі бөлім

1. Дәстүрлі сабақ түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6

2. Дәстүрлі емес сабақ түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45

Пайдаланған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49

Кіріспе

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болады. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүние жүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етуімен қатар, еліміздің ішкі рыногын да әлемдік деңгейге көтереді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласындың алдында да жаңа талаптар пайда болады. Оның дәлелі – «Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы». Бұл тұжырымдама еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттілігінен туындайтын басты бағыт — бағдарды айқындайды. Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқу жүйесін орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтарынмен жұмыс істеуге көшу – қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.

Білім беруді дамытудағы негізгі мақсат – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру.

Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп қалыптастыруда атқарар рөлі зор екені даусыз.

Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, асқақ руханият пен азаматтықты өркендету, шынайы мәдени — этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық тектілікті сақтау, ең алдымен мектеппен байланысты. Шәкірт мектеп табалдырығынан аттап, сауат ашуға ден қоя бастаған кезден бастап, тіл, сөз өнерінің құпиясына бойлайды. «Әдебиет — сөз өнері» болғандықтан, онда сөз байлығының сан — салалы қырлары, эстетикасы ашылады.

Әдебиет — өнер, халықтың сана – сезімін, көркемдік ойлау қабілетін дамытатын рухани дүние. Әдебиетте адамның ілгеріге ұмтылған, жақсы өмірді аңсаған асыл арманы, ұшқыр қяалы, осы жолдағы күрес- тартысы, әр қилы оқиғалар, халқымыздың ерлігі мен елдігі, өмірі суреттеледі. Мектепте өтілетін әдебиет пәнінің міндеті – оқушылардың санасына көркем сөз құдіретін, эстетикалық, танымдық тәрбиені сіңіру. Соңғы жылдарда әдебиет сабағын оқытуды жақсарту жолында көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Семинар кеңестерде озық тәжірбиелерімен бөлісіп, насихатталса, жаңа оқулықтар заман талабына сай толықтырылып, өңделді. Қазіргі кезде пәнді оқытуға көп міндеттер жүктеледі. Себебі, ғылым мен техниканың ілгерілеуі, түрлі ақпараттар көздерінің молаюы, білім беру жүйесінің түрленуі, мектеп, ұстаз алдына көптеген жауапкершілік жүктейді. Әдебиет пәнін оқыту мұғалімнен жан-жақты жауапкершілікті, дайындықты қажет етеді. Сабақты түрлендіріп, әдіс-тәсілді үнемі жетілдіру – оқушылардың үлгерімін, танымын жақсартып, қызғушылығын арттырады. Осы орайда, менің диплом жұмысымның мақсаты- қазақ әдебиеті пәнін оқытуда жүргізілетін сабақ түрлерін талдап, ондағы әдіс – тәсілдер мен білік – дағдыны қалыптастыру жолдарын айқындау. Осыған байланысты мынадай негізгі міндеттерді нысана еттік:

· пәннің білімдік, танымдық тәрбиелік бағыттарын тең ұстап, оқушыларға терең игерту;

· сабақ түрлерін тиімді қолдана отырып, озық әдіс-тәсілді нәтижелі пайдалану;

· дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақ түрлерін сынып ерекшеліктеріне сай жүргізе отырып, алынған нәтижелерді саралау;

· пәнді игертуде, пәнаралық ықпалдастықты, ғылыми-әдістемелік сипатты тереңдетіп отыру;

· жаңа технологиялық жүйені мақсатты пайдалана отырып, әдебиетті оқыту, білім беру сапасын жоғарылату жолдарын айқындау.

Өнердің бір түрі ретінде көркем әдебиет оқушының сана – сезіміне әсер етуі тұрғысынан зор мүмкіндікке ие. Сол себепті әдеби шығарманы түсініп оқуға және бейнеленген көркемдік шындықты тұтас қабылдауға дағдыландыру — әдеби білім берудің негізі. Әдебиетті оқыту жылдар бойы педагогикалық тұрғыдан игерілген және әдебиеттану ғылымында жүйеленген дерек – мәліметтерге, эстетикалық-этикалық, философиялық ұғымдарға бағытталды. Ал, 12 жылдық білім беру кезеңінде бұл талаптардың тереңдей түсетіні сөзсіз.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қортынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий