Бастауыш сынып оқушыларынң танымдық үрдістерін ойын арқылы дамытудың ұтымды жолдары.



Мазмұны

Кіріспе …………………………………………………………………………………………………3

І тарау Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы.

1.1. Оқушының тұлғалық қалыптасуында ойынның психологиялық-педагогикалық мәні………………………………………………………………………6

1.2. Танымдық белсенділікті қалыптастыруда ойынның түрлері және психологиялық ерекшеліктері………………………………………………………..15

ІІ тарау Ойын арқылы оқушылардың танымдық үрдістерін қалыптастыру және дамыту жолдары.

2.1. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі,ойын түрлерін қолдану тәсілдері……………………………………………………………………………………………..18

2.2. Оқушылардың тілін дамытудағы ойынның маңызы……………………………28

2.3.Оқушылардың логикалық ойын дамытудағы ойынның рөлі…………………33

2.4. Эксперименттік тәжірибе.

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Білім беру–аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық – ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:

— Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;

— Экономиканың нарықтық моделін ұсынып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;

— Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” Қазақстан халқына арналған Жолдауында “біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді,олар бейбіт,абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады” деп көрсетілгеніндей,ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білім нәрі.[1]

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.

Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.

Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын »ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарад:

 Ойын – сауық

 Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық

 Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану)

 Коррекциялық (өзін-өзі түзету)

 Әлеуметтендіру

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.

Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.

Ұлттық ойындар халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп, жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшан ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.

Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.

Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.

Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.

Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:

 ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;

 жеке оқыту маңызының артуы;

 оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т.б.

Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.

Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:

а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.

Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой-өрісін қалыптастыратын, білгірлікке шындайтын бірден-бір құрал болып есептеледі. Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шындай түсуімен бірге халықтың салт-дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді.

Зерттеудің тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдары.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету.

Зерттеудің міндеті:

1. Оқушының тұлғалық қалыптасуында ойынның психологиялық-педагогикалық мәнін талдау, саралау;

2. Танымдық белсенділікті қалыптастыруындағы ойынның түрлері мен психологиялық ерекшеліктерін айқындау;

3. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі, ойын түрлерін қолдану жолдарын көрсету;

4. Оқушылардың логикалық ойын дамытудағы ойынның рөлін көрсету.

5. Оқушыларының тілін дамытудағы ойынның маңыздылығын көрсетіп, ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектісі: Жеке тұлғаны дамытуда оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларынң танымдық үрдістерін ойын арқылы дамытудың ұтымды жолдары.

Ғылыми болжам: Егер де, мұғалім оқушыларға оқу-тәрбие үрдісінде дидактикалық дамытушылық және т.б. ойындарды пайдаланып, олардың танымдық белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиетттерін дамытуға болар еді.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар, сынып сағатын, сыныптан өткізілетін іс-шараларды зерделеу, табиғи эксперименттерді, тәрбие сағаттары.

Зерттеу орны: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Первомай ауылы, Первомай орта мектебі.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий