Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерін зерттеу



Мазмұны:

Кіріспе……………………………………………………………………..

1 тарау. Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерін зерттеудің ғылыми — теориялық негіздері.

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерінің зерттелу жайы…………………………………………………………

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілік себептері….

1.3 Педагогикалық баға және бақылау, оның үлгермейтін оқушы тұлғасының қалыптасуына әсері……………………………………

2 тарау. Оқу — тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігін болдырмау жолдары.

2.1 Үлгермеушілікті болдырмаудың құралдары, жолдары…………….

2.2 Үлгермеуші оқушыларды анықтау жолдары……………………….

2.3 Эксперименттік тәжірибе жұмыстарының нәтижелері……………

3. Қорытынды…………………………………………………………….

4. Қолданылған әдебиеттер……………………………………………..

5. Қосымшалар……………………………………………………………

КІРІСПЕ

Еліміздің экономикалық, әлеуметтік – мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп жаңару үстінде. Бұрынғы кенестік дәуірде туып – өскен адамдардың түсіне кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп өркендеу үстінде. Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген іскер де білімді шәкірттер даярлап шығаруға ат салысады. Осы орайда білім ордасаның табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүние танымын қалыптастыру, жеке тұлға ретінде қасиеттерін шыңдап тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі. Дегенмен, бүгінгі дәстүрлі білім жүйесі өзінің айтарлықтай нәтижелілігіне қарамастан, қоғамның өте жылдам, тез қарқынмен өзгеріп жатқан үрдістерінің аясында дағдарысқа ұшырап қалатыны да рас. Бұрынғы қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтар оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы екеніне жеке көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі дәл қазіргі уақыт, ең алдымен адамның ақыл-ойы мен қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп жіберді. Білім таяз адамдар бұдан былай өмір ағымына ілесе алмайтын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Ендеше бұдан шығатын қорытынды: мектепте оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізу қажет. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында айқын көрсеткен: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдайлар жасау».

Көптеген мектептерде мемлекеттік білім стандарттарын енгізумен қатар жаңа пәндердің көптеп қосылғандығы, авторлық білім беретңн және тәрбиелік бағдарламалардың жиі қолданатындығы, халықаралық білім беру бағдарламаларының игеріліп өз нәтижесін беріп жатқандығы кеңінен мәлім. Мұның барлығы шәкірттермен жұмыс істейтін әр типтегі барлық білім беру мекемелеріндегі балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие саласын жетілдіруге бағытталған.

Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту, оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы екшеліп жинақталған мектептің озық тәжірибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушылардың жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. Білім беруде оқушының тәрбиесі мен дамуына приоритет берілуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім Заңы мен Қазақстан Республикасындағы Жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасына орай мектеп құрылымы мен оның қызметіндегі өзгерістер оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді.

Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу. Ол алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылды. Сондықтан, оқу басқа іс-әрекеттерге қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқу – баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті.

П.П.Блонский өзінің «Қиын оқушылар» атты еңбегінде үлгермейтін оқушылардың типтерін физикалық және психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты бөліп қарастырған.

Үлгермейтін оқушылардың типологиясы бойынша құнды материал Л.С.Славинаның «Үлгермейтін және тәртіпсіз оқушыларға жеке ықпал ету» кітабында бар. Бұл еңбекте үлгермейтін оқушылардың топтары, үлгермеушіліктің негізгі себебі анықталған.

Б.Г.Ананьев ғылымында педагогикалық процестегі бағаның ролі көп жақты зерттелді.

В.С.Мерли (1959) «Жеке тұлға психологиясының очеркі» еңбегінде кейбір оқушыға, мына жұмысты жақсы орындадың деген жеткілікті. Ал басқаның жұмысын осы түрде бағалағанда, ол жеткіліксіз, оған үлкен баға қажет екені анықтады.

Ғалым-педагог Л.В.Занков: «Оқыту оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет», – дейді.

Көрнекті психолог Л.С.Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады» – деп тұжырымдайды.

Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін арттыру – қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабақта оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді.

Философия тұрғысынан танымға мынадай анықтама берілген. «Таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі». Адам танымы байқаудан нақты аңғарудан заңдарды теория жүзінде ашуға, сонан кейін ол заңдарды теория практикада қолдануға қарай жүріп отырады.

Практика тұрғысынан оқушылардың танымы — өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуды ілгері қарай бастауына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтар кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық, ол – педагогикалық міндет талаптармен оқушылардың мүмкіндіктерінің білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі арасындағы қайшылық.

Зерттеу тақырыбы: Оқыту процесінде үлгермеушілікті болдырмау жолдары.

Зерттудің мақсаты: Бастауыш мектептердің оқыту үрдісінде үлгермеушілікті болдырмаудың әдіс – тәсілдерін пайдалану теориялық тұрғыдан негіздеу және педагогикалық эксперименттік жұмыста тиімділігін сынақтан өткізу арқылы әдістемесін жасап, практикаға ендіру жолдарын көрсету.

Зерттеудің міндеттері:

1. Жалпы орта білім беретін мектептердің оқыту үрдісінде үлгермеушілікті болдырмаудың жолдарын іздестірудің теориялық негізін анықтау;

2. Оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдаланудың мәнін және негізгі бағыттарын айқындау, педагогикалық шарттарды негіздеу;

3. Педагогикалық эксперимент арқылы үлгермеушілікті болдырмау жолдарының тиімділігін дәлелдеу және әдістемесін жасау.

Зерттеу объектісі: үлгермейтін оқушылар

Зерттеу пәні: мектептің оқыту үрдісінде үлгермеушілікті болдырмаудың әдіс – тәсілдерін пайдалану.

Зерттеудің болжамы: оқыту үрдісінде үлгермеушілікті болдырмау жолдары іске асады, егер де:

— оқытудың тиімді жолдарын іздестірсе, жаңа формаларды, технологияларды қолданса, оқытудың психологиялық жақтарын күшейтсе;

— педагогикалық диагностика, білімді тексеру, саралау, талдау жүргізілсе;

— қосымша сабақтар, өзіндік жұмыстар жүргізілсе;

— оқушы мінезіне тәрбиелік ықпал жасалса.

Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерді талдау, саралау, байқау және т.б


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий