«БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУ әДІСТЕМЕСІ»



Ж О С П А Р Ы

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….3

І Ағылшын тілін оқытудың әдістемелік міндеттері………………………………..4

1.1. Ағылшын тілін оқытудағы әдістемелердің өмірдегі қолданысы…………….4

ІІ Ағылшын тіліне оқыту технологиясы………………………………………………….6

2.1. «Оқыту технологиясы» ұғымы………………………………………………………………6

2.2. Бастауыш кезеңдегі тыңдауға үйрету……………………………………………………7

2.3. Бастауыш кезеңдегі сөйлеуге үйрету………………………………………………….10

2.4. Бастауыш кезеңдегі оқуға үйрету……………………………………………………….12

2.5. Бастауыш кезеңдегі жазуға үйрету……………………………………………………..17

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………….20

Кіріспе

«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».

Қазіргі өмір талабы – оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды талап етуде.

Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің ролі зор.

Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм дегейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi.

Курстық жұмыстың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретудегі әдістемелердің қолданысы мен оқытудың технологиясын қарастыру.

Курстық жұмыстың мақсатын зерделеуді нақтылау үшін міндеттер төмендегідей етіп бөлінді:

мектеп оқушыларына ағылшын тілін меңгертудің тиімді жолдарын, шет тілге оқытудың осы замандық озық үлгілерін анықтау;

тілдерді меңгерудегі тыңдау, сөйлеу, оқу және жазудың артықшылықтарын анықтау;

қорытындылау.

Жұмыс құрылымы мен көлемі:

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий