БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИНАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ



КІРІСПЕ

І. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы

1.2. Қазақстандағы бастауыш мектептердің типтері және олардың білім беру бағыты

1.3. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.

1.4. Бастауыш мектептің информатика пәнінің стандартына шолу.

1.5. Білім беру процесін материалдық-техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТЫЛАТЫН ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ ТАЛДАУ

2.1.Информатика пәнінен арналған жұмыс дәптерлеріне талдау жасау.

2.2.Информатика пәнінен бастауыш сынып оқушыларына арналған оқулықтарға талдау жасау.

2.3.Информатика пәніне арналған оқу-әдістемелік кешендерге талдау жасау (Ақпараттық мәдениет негіздеріне арналған жұмыс дәптері 1-4 сыныптар).

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕЬИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық – психологиялық теорияға негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып,т осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1- ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік – тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.

Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап енгізуге болады деген пікірлер ұсынылуда.

Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатнасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.

Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:

Математика мен орыс тілі курстарының сабақтастығы;

Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.

Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан 2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы мәселелердің әр-түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің оқу іс тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:

Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану;

Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту;

Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.

Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса, жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады.

Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат — әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий