БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ АУЫЗША ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ



Жоспар

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

1-тарау. Дамыта оқыту жағдайында математика сабақтарында ауызша жаттығуларды қолдану әдістемесінің теориялық негіздері.

1.1. Дамыта оқыту – ауызша жаттығулар мәселелерін зерттеудің әдістемелік негізі ретінде.

1.2. Ауызша жаттығулар оқыту әдістерінің жүйесінде.

1.3. Бастауыш мектепте дамыта оқыту идеясын жүзеге асыру мәсеелері.

2-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсенді етудің теориялық негіздері.

2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсенді етудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.

2.2. Дамыта оқыту міндеттерін шешуде ауызша жаттығулардың педагогикалық мүмкіндігі.

ІІІ. Қорытынды.

Кіріспе.

Қазіргі кезде білім беруге деген көзқарас түбегейлі өзгерген. Соңғы жылдардғы зерттеулер мен тәжірбие көрсетіп отырғанындай білім беру білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталып отырған жоқ. Мұнда бірінші орынға білімді қабылдауға деген оқушылардың көзқарасы қойылып отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуымен ақыл ойының дамуы және танымдық белсенділігін арттыру мәселесі баланың ерте балалық шағынан басталады. Сондықтан баланың осы шағына психологтардың қызығушылық танытуды түсінікті. Бұл кезде баланың ойлау қабілеті белсенді түрде қалыптаса бастайды. Осы процесті ауызекі тілден бөлек қарастыруға болмайды. Баланың алғашқы салыстыру, жалпылау, жүйелеу сияқты біліктері оның сөйлемді дұрыс, логикалық тұрғыдан айқын құрастыра білуіне байланысты. Керісінше, егер бала ауызекі тілді дұрыс меңгермесе, онда оның жоғарыда айтылған қабілеттері баяу дамиды. Күнделікті өмір тәжірбиесінен көріп жүргеніміздей балаға басқа тілді меңгерту үшін алдымен ол тілдің грамматикасын үйретуден емес, сол тілдегі қолданылатын сөздерді үйретуден бастаған дұрыс. Әдеттегі оқытуда біз баланы балаға қиындық келтіретін іс — әрекеттерден бастаймыз. Мысалы: жазбаша жаттығулар орындатамыз, сөздерді жазғызамыз.т.б мұндай тапсырмалар баланы жалықтырады және оның ешқандай қызығушылықтарын тудырмайды. Баланы осындай көп қырлы іс — әрекеттен босату үшін математика сабақтарында ауызша жаттығуларды көбірек қолданған дұрыс. Егер бала есептеудің ауызша тәсілдерін жақсы меңгерсе, онда ол есептеудің жазбаша тәсілдерін ешқандай қиындықсыз меңгере алады. Бұған мысал ретінде басқа тілді меңгеру процесін алуға болады. Егер бала аулада басқа тілді балалармен ойнап, олармен қарым – қатынасқа түсетін болса, онда ол сол ұлттың тілін тез меңгеріп сол тілде еркін сөйлейтін болады. Ендеше баланы есептеулерге үйрету мәселесі де осыған ұқсас.

Ауызша есептеуге берілген жаттығулар баланың тез ойлай білу, жылдам шешім қабылдай білу сияқты қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Сондай – ақ ауызша жаттығулар сабақты түрлендіріп өткізуге де септігін тигізеді. Ендеше ауызша жаттығулар оқушының ойлау қабілетін танымдық белсенділіктерін қалыптастыруда зор мүмкіндіктерге ие болады. Ауызша жаттығулар мұндай қызметі оны дамыта оқыту идеясымен тығыз байланыстырады. Сондықтан сабақта ауызша жаттығуларды қолдану мәселесін дамыта оқыту теориясымен бірге қарастырған дұрыс. Дамыта оқыту теориясының негізгі ретінде Л.С.Выготскийдің, В.В.Давыдовтың, Л.В. Занковтың, М.И.Махмутовтың, Ю.К.Бабанскийдің еңбектерін айтуға болады. Сондай – ақ дамыта оқыту теориясын жасауда Х.Ж.Ганеев, Н.Б.Истомина, Л.Г.Петерсон, Б.А. Тұрғынбаевалар арнайы зерттулер жүргізді.

В.В.Афанасьев, Г.Д.Глейзер, В.А.Гусев, В.А.Далингер, Ю.М.Колягин, В.Ж.Крупич, В.Ж.Монахов, Н.В. Метельский, А.М.Пышкало, Г.Н.Саранцев, Н.С.Стефанова, А.А.Столяр, П.М.Эрдниев және т.б. зерттеулерінде математиканы оқыту процесінде жеке тұлғаны дамытудың көптеген міндеттері қойылып, шешіледі.

Бұдан басқа ойлаудың ерекше тәсілдерін қалыптастыру мәселесін қарастыратын, яғни оқушылардың интеллектуалдық дамуына арналған көптеген зерттулер бар. ( К.А.Апанасенко, М.А.Артомонова, М.К.Дробкин, В.В.Никитин т.б.)

Соңғы жылдары Ресейде жарық көрген бағдарламалық — әдістемелік материалдар, оқулықтар, оқу құралдары дамыта оқыту қызметін нығайтуға бағытталып отырғандығын байқаймыз. Сондай – ақ еліміз егемендік алғанннан кейінгі жылдары жазылған бастауыш сыныптарға арналған математика пәні бойынша өзіміздің төл оқулығымыз (авторлар тобының жетекшісі, профессор Т.Қ. Оспанов) дәл осы дамыта оқыту қағидаларына негізделген. Көріп отырғанымыздай, білім беру жүйесінде дамыта оқытудың рөлі теріске шығарылмайды, керісінше, қазіргі кезде дамыта оқыту жөнінде білім сапасын анықтайтын факторлардың бірі ретінде айтуға болатын жаңа жағдайлар туындап отыр.

Осылайша, дамыта оқытудың жаңа өміршең педагогикалық әдістері мен құралдарын іздестіру міндеттері пайда болады.

Математиканы тиімді құралдарының бірі ретінде біз ауызша жаттығуларды ұсынамыз.

Оқушыларды дамытуда бірқатар оқыту технологиялары болғанымен олар мектептерде жеткілікті түрде қолданыс таппай жүр.

Өз кезегінде, ауызша жаттығулардың дамыта оқыту жүйесінде алдыңғы қатардағы орындардың бірін алу мүмкіндігі бар. Бұл жерде ауызша жаттығулар оқытудың әр қилы дамытушылық қызметін атқаратын дидактикалық бірлік ретінде қарастырылады. Бұдан басқа математиканы оқытуда ауызша жатттығулар мынадай негізгі белгілері бар көп қырлы құбылыс ретінде қарастырылады.

— Білімді меңгеруді ұйымдастыру тәсілі;

— Білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға мақсатты түрде бағытталған құрал;

— Оқушылардың оқу – танымдық қызметін ұйымдастыру және басқару құралы;

— Оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттыру құралы;

— Оқушылардың оқу — танымдық қызметін ынталандыру құралы;

— Оқыту әдістемесін жүзеге асырудың бір түрі;

— Теориямен практиканың байланысын жүзеге асыратын құралы;

«Ауызша жаттығулар» терминінің өзі әдістемелік әдебиеттерде жеткілікті түрде түсіндірілмегендіктен ол нақтылай түсуді қажет етеді. Жарық көрген еңбектердің барлығы әдеттегідей орта мектептерге арналған. Бұл еңбектердің өзінде ауызша жаттығуларға анықтама берілмейді, тек ауызша есептеулерге арналған тапсырмалар топтамасы ғана беріледі. Бастауыш мектеп жағдайына келетін болсақ, бұл мәселе төңірегіндегі еңбектердің барлығы сондай – ақ ауызша есептеулерге арналған.

Бастауыш мектепте оқушылардың ауызша жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі мәселелер Ресей ғалымдары А.П.Бронникованың, Г.Б.Поляктың, Я.Ф.Чекмаревтің мақалаларында белгілі бір дәрежеде көрініс табады, бірақ аталған авторлар оқушылардың ауызша жұмыстарын есептей білу біліктілігімен байланыстырады.

Жоғарыда келтірілген түсіндірмелер мынадай қайшылықтардың бар екендігін білдіреді.

— Бастауыш мектепте оқытудың дамытушылық қызметін арттыру мен кіші мектеп жолындағы балалардың әрекеттерінің ішіндегі жетекшісі болып есептелетін осы әрекет түріне көңілдің жеткіліксіз бөлінуі арасындағы қайшылық;

— Математика сабақтарында бастауыш мектеп оқушыларының оқу танымдық қызметтік ұйымдастыруда ауызша жаттығуларды қолдану қажеттілігі мен оларды қолдану әдістемесінің болмауы арасындағы қайшылық;

— Математиканы оқытуда жазбаша безендіруді талап ететін есептердің кеңінен қолданылуы мен оқушыларды дамытуда ауызша жаттығулардың мүмкіндіктері мен өзіндік ерекшеліктерінің ашылмауы арасындағы қайшылық;

Жоғарыда аталған қайшылықтарды шешу қажеттілігі біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін анықтайды.

Зерттеу нысаны ретінде дамыта оқыту жүйесіндегі математиканы оқыту алынды.

Зерттеу пәні – бастауыш мектеп оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттыруға бағытталған ауызша жаттығулардың қолданудың психологиялық – педагогикалық негіздері және әдістемелік шарттары.

Зерттеудің мақсаты – ауызша жаттығулардың теориялық тұрғыдан негізделген жүйесін жасау және осы жүйені жүзеге асырудың моделін құру.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Егер ауызша жаттығулардың педагогикалық потенциалын пайдалануға қажетті жағдайлар жасалса, онда бастауыш мектепте математиканы дамыта оқытудың тиімділігі артады;

Оқу процесі болжау мақсаттарымен айшықталған технологиялық тұрғыдан келу бағытында жүзеге асырылады;

Ауызша жаттығулардың мазмұны біртиптілік қарсы мысалдар келтіру, салыстыру, үздіксіз қайталау, көп нұсқалық принциптерін қанағаттандырады;

Оқу процесі қызметтің жетекші түрін есепке ала отырып құрылады;

Оқушыларды дамытудың негізгі бағыттары ретінде негізге алынатындар;

Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, оқушылардың ауызша сөйлеуін дамыту, эвристикалық қызметтің тәсілдеріне үйрету, кеңістік туралы түсініктерін қалыптастыру, ойлауың әр түрлі тәсілдерін қалыптастыру.

Зерттеу барысында тақырыптың өзектілігін зерттеу және тұжырымдалған ғылыми болжамның дұрыстығын тексеру барысында зерттеудің мынадай міндеттерін шешуге тура келеді:

Ауызша жаттығулардың дамытушылық бағытының тиімділігін арттыратын оқу процесінің моделін құру. Оқу — танымдық процесінде ауызша жаттығуларды қолданудың дидактикалық шарттарын тұжырымдау және оны қолдану әдістемесінің тиімділігін анықтау. Оқытудың дамытушылық қызметін арттыруға бағытталған ауызша жаттығуларды қолдану әдістемесін жасау.Математиканы оқытудағы ауызша жаттығулардың маңызын анықтау.Бастуыш мектеп ауызша жаттығуларды қолдану әдісін жүзеге асыру қамтамасыз ететін бағдарламалық – әдістемелік материалдарды құру.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий