Бастауыш мектепте дамыта оқытудың теориялық-практикалық негiздерi



Мазмұны

Кiрiспе 1-2
I-тарау.Бастауышмектепте дамыта оқытудың
теориялық-практикалық негiздерi

1.1.Дамыта оқытудың зерттелуi,тарихы 4-6

1.2.Дамыта оқыту даралықты қалыптастыру негiздерi 7-9

1.3 Дамыта оқытудың ерекшелiктерi 9-13

Тұжырым 14

II-тарау.Оқу-тәрбие процесiнде бастауыш сынып
оқушыларын дамыта оқыту
әдiс-тәсiлдерi 15

2.1 Жаңа технологияны енгiзу жолдары 15-30

2.2 Сабақта қолданылатын әдiс-тәсiлдер 30-44

Қорытынды 45

Пайдаланылған әдебиеттер 46-47

Қосымша материалдар

Кiрiспе

Зерттеудiң көкейкестiлiгi: Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтiк –экономикалық өзгерiстер,елiмiздiң әлемдiк бiлiм деңгейiне енуi жағдайында,жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк стардартына сәйкес бiлiм беру жүйесi мазмұны мен оқытудың әдiстемелiк жүйесiн қайта қарау мәселесiн талап еткен едi. Қазiргi оқулық бiлiм мазмұнын тасымалдаушысы оқушылардың осы бiлiм мазмұнын меңгеру процесiн ұйымдастырушысы,ретiнде мұғалiмнiң саралап оқытуды жүзеге асыруына ,оқушылардың ақпараттар алу бiлiгiн қалыптастыруға мүмкiндiк берiп ,үйлестiрушi қызметiн жүзеге асыру,оқушыны тиянақты бiлiммен қаруландырып,жүйелеушiлiк қызметiн орындауы керек.
Қазiргi кезде бiлiм беру жүйесiнде бiлiм мазмұнын жаңарту,жетiлдiру мәселелерi өзектi мәселелердiң бiрi болып саналады.Бiлiм мазмұнын жаңарту мәселелердiң бiрi болып саналады.Бiлiм мазмұнын жаңарту оқу материалының теориялық негiздерiн жан-жақты терең қарастыруды талап етедi.Кезiнде бастауыш бiлiм жүйесiнiң өзгерiске ұшырауына Л.В.Занков,Д.Б.Эльконин,С.М,Языков,А.А.Люблинская т.б
ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесi себеп болған.
Аталған дидактиктермен психологтардың пiкiрлерi төрт жылдық бастауыш бiлiмнiң дәстүрлiк мазмұны оқушылардың интеллектiлiк дамуын жасанды түрде тежеп отыр,шын мәнiнде олардың танымдық мүмкiндiктерi анағұрлым жоғары деген қағидаға топталды.Сондықтан бiлiм мазмұнын жеңiлдетiп жiбермей,қиындата отырып оқыту керек деп дәлелдеген.Психолог П.П.Блонский «Ақылсыз бас ойлай да алмайды,оның неғұрлым тәжiрибесi мен бiлiмi мол болса ,соғұрлым ойлауға да қабiлеттi деген» С.М.Языковтың пiкiрiнше ,дамыту-ол оқушылардың туа бiткен қабiлеттерiн дамыту ғана емес,мұғалiмнiң алдына мақсат қойып жүйелi жүргiзген жұмысының нәтижесi.Дамыту кезiнде оқушыларды бiлiммен қаруландыру ,дағдыны меңгерту ,бiлiмге құштарлықты қатар жүргiзу керек.Бiлiм жоқ бала ойлай да алмайды.Дамыта оқыту барысында бiлiм көлемi де күрделенуге,кеңеюге тиiс деп есептелген .Елiмiздiң егемендiк алып,қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында соның iшiнде,бiлiм беру саласында жүрiп жатқан демократияландыру мектептi қазiргi кезеңдегi дағдарыстан шығатын қуатты талпыныстарға жол ашты.Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы»заңы осының дәлелi.Қазiргi заманға ғылыми-техникалық үрдiстiң қарқыны бiлiм беру жүйесiнiң алдына мүлдем жаңа мiндеттер қойып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқу-тәрбие процесiнде мектеп оқушыларына «Дамыта оқыту» жүйесiнде ғылымдар тәжiрибесiне сүйене отырып оқушылардың дармытушылық қабiлетiн қалыптастырып педагогикалық жаңа әдiстердiң тиiмдiлiгiмен жетiстiктерiне тоқталу.

Зерттеудiң мiндеттерi:
Дамыта оқыту аясында шығармашылық қоршаған дүниенi сабақтан тыс уақыттырға жылжытылмай әр сабақта өтiлетiн оқу бағдарламаларының,оқулықтардың мазмұнында болу шартының болуы.
Зерттеу жұмыстарының әдiстерi:
1.”Дамыта оқыту»теориясы туралы ғылыми еңбектерде талдау жасау.
2.Дамыта оқыту» проблемаларына арналған еңбектердi қарастыру.
3.”Дамыта оқыту» жолдары,тәсiлдерiне тоқталу.
4.Дамыта оқыту»үлгiсiнде сабақ жоспарларын құру.
Зерттеу базасы:
Солтүсттiк Қазақстан облысы,Айыртау ауданы,Казанка орта мектебi.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Бұл жұмыс кiрiспеден,екi тараудан,әр тараудан соң берiлген тұжырымдадан,қорытындыдан ,пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшадан тұрады.
1-тараудың мазмұнында «Дамыта оқыту» түрлерi теориялық негiздерi бастауыш мектепте дамыта оқытудың таңдалуы,оқыту әдiстерi берiлген.
2-тараудың мазмұнында «Дамыта оқытудың» алатын орны,атқаратын қызметi оның iшiнде дамыта оқытудың бiлiм берудегi қызметi,тәрбиелiк ой дамыту құралы болып саналатыны орын алады.Сонымен бiрге «Сын тұрғысынан ойлау» « Модульдық оқыту» құрылымына талдау жасалды.
Дамыта оқытудың теориялық ұғымына сипттама берiп,дамыта оқытудың жетiстiгiне тоқталу.
Зерттеудiң болжамы; Егер:
-Оқушыларды дамыта оқытудың әдiс-тәсiлдерiн пайдалана отырып оқытуда;
-Оқушылардың шығармашылық,дарындылық қабiлетi дамиды; онда:
-Оқушылардың ақыл-ойын,қиялын,шығармашылық,танымдық үрдiстерiнiң дамуына ықпал етедi.
Дамыта оқытуда оқушының iзденушiлiк-зерттеушiлiк әрекетiн ұйымдастыру көзделедi. Бастауыш мектепте дамыта оқытуды дұрыс таңдау оны ұйымдастыру мәселесiн қарастырамыз. Бүгiнгi қаралатын мәселемiзде дамыта оқытудың барлық түрiн қолдану емес.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий