Балалар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе……………………………………………………………………..…………..4-6

І Бөлім Балалар дарындылығының дамуының психологиялық ерекшелігі……7-8

ІІ Бөлім Дарындылық түсінігінің туындауының тарихына шолу……………8-26

2.1. Кеңес және шетел психологиясындағы дарындылықты зерттеу ерекшеліктері…………………………………………………………………………………………….8-11

2.2. Дарындылықтың белгілерінің мен түрлерінің психологиялық ерекшелігі………………………………………………………………………………………….12-15

2.3. Дарындылық пен қабілеттің өзара сабақтастығы мен бірлесітігінің психологиялық негіздері………………………………………………………………………….16-20

2.4. Қазақстан Республикасындағы дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі……………………………………………………………………………21-23

2.5. Ақыл- ой дарындылығы: диагностикасы және оқу- тәрбие мәселелері..24-26

ІІІ Бөлім Зерттемелік жұмыстың бағдарлық бөлімі…………………………………..27-32

3.1. Зерттеу нысанасы мен пәні…………………………………………………….27

3.2. Зерттеме жұмысының мақсаты, мәселелері, болжамы………………….28-29

3.3. Таңдау сипаты………………………………………………………………….30

3.4. Диагностикалық әдістемелердің сипаттамасы……………………………31-32

ІҮ Бөлім Балалар бойындағы дарындылық қабілеттің даму ерекшелігін анықтаудағы эмпирикалық зерттеме жұмыстары……………………………………..33-45

4.1. Степногорск қаласындағы Л.Н.Толстой атындағы № 4 мектеп- гимназиясы оқушыларының ақыл- ой дарындылығын Равен матрицасы арқылы диагностикалау ……………………………………………………………………………………33-36

4.2. Дарынды оқушылардың ақыл- ой көрсеткіштерін интеллектуалдық коэффицент тестісінің нәтижелерімен салыстыру……………………………………37-40

4.3. Дарынды балаларды анықтау оқыту және дамытудағы білім беру технологияларының рөлі……………………………………………………….41-43

4.4. Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау маңызы мен ерекшелігі………………………………………………………………………..44-45

Қорытынды…………………………………………………………………….46-47

Түйін мен тәжірибелік ұсыныстар……………………………………………..48-49

Әдебиеттер………………………………………………………………………50-51

Қосымшалар……………………………………………………………………..52-61

Кіріспе

Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.

Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен жастардың дамуы үшін өркениетті жағдайлар жасау қажет.

Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық сұрақтарын қарастырумен Қазақстанда ұзақ уақыт бойы өте аз айналысты, тіпті айналыспады десекте болады. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарайғы дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.

Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласындағы- қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушының шығармашылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте басқа мемлекеттер арасында жетекші орынға иелену негізінде жан- жақты, ақыл- ой өрісін кемелденген оқушы тәрбилеу мәселесін шешу қажеттігін қойып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер өткізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман қажет.

Шығармашылығы жоғары, дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қаматасыз етеді.

Дипломдық жұмысымыздың өзектілігі: Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз.

Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру.Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті), дарынды ұрпақты тәрбиелеп оқыту, психология- педагогикалық маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз.

Зерттеудің мақсаты. «Балалар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары мен дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшелігі нақтылау, әрі жүйелеу.

Зерттеу обьектісі: Мектептегі дарынды оқушы балалар.

Зерттеу болжамы: Балалар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары қарастыру, жасау, жүзеге асыру негізінде әр мектептегі дарынды оқушының интеллектуалдық ой- өрісінің артуына ықпалы зор болады. Егер мектептегі дарынды оқушымен жекеленген жұмыстар жасау негізінде Республика көлеміндегі қабілетті балалардың жан- жақты ашылуына септігін тигізеді деген ойдамыз.

Зерттеу мідеттері:

— Балалар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары қарастыру, теориялық талдау жасау.

— Кеңес және шетел психологиясындағы дарындылықты зерттеу ерекшеліктеріне сараптама жасау.

— Дарындылықтың белгілері мен түрлеріне психологиялық талдау жасау.

— Дарындылық пен қабілеттің өзара сабақтастығы мен бірлесітігінің психологиялық негіздерін қарастыру.

— Қазақстан Республикасындағы дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесінің маңыздылығы мен артықшылықтарына талдау беру.

— Ақыл- ой дарындылығы: диагностикасы және оқу- тәрбие мәселелерін қарастыру.

— Балалар бойындағы дарындылық қабілетін анықтау әрекетінің маңызын ашып, жолдарын белгілеп, құралдарын таңдау.

— Балалар бойындағы дарындылық қабілетін эксперименттік зерттеу арқылы ашу.

Қазір әртүрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек берудің арнайы бағдарламалары жасалып, қолданылуда. Дамыған елдерде, сондай- ақ біздің мемлекетімізде де дарынды балаларды анықтау және диагностикалау жүргізіліп жатыр. Әрі мұндай жобалар жасалып қолданылуда. Мұнда дарынды, оқуды ерекше қабылдайтын және шығармашыл балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Педагог ерекше оқу бағдарламаларын игеріп қана қоймау керек, өз оқушыларының дарындылығына жекеленген қатынас тауып, оның әрбіреуінен жекедаралықты көру керек. Бізде осындай педагогтар көп пе, бізде олар дайындала ма? Дарындылықтың арнайы түрлерімен қатар, олардан едәуір ауқымды, ақылдың абыройы қажет болатын, бар жерде көрінетін ақыл- ой дарындылығы бар екендігін өмір үнемі көрсетуде.

Енді, біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі сатысында ерекше интеллект белгілері бар және сол арқылы өз құрдастарын басып озатын балаларға көңіл бөлу мектептердің көкейкесті міндеті.

Қазақстан Республикасының Президентіның «Дарынды балаларға арналған мектептерге мемлекеттік қолдау көрсету мен дамыту» туралы жарлығына сәйкес талантты жастарды қолдау мен дамыту мақсатындағы ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысымен Республикалық ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы ашылды. Осы мәселені шешу үшін стратегиялық бағдарлама жасалған.

Зерттеме жұмысын жүзеге асыру барысында эксперименталдық жұмыстар Степногорск қаласындағы Л.Н.Толстой атындағы № 4 мектеп- гимназиясы болып табылды. Зерттеме жұмысына 22 оқушы қатысты.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытынды, түйін мен тәжірибелік ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий