Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану



Кіріспе………………5
1 Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары……………
1.1 Жылдық жоспар графигін құру ережесі……………………..6
1.2 Оқу жылының тақырыптық жоспарын таңдау………………..11
2 Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәні
2.1 Балабақшада оқу жұмысына талдау жасаудың рөлі………………..17
2.2 Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен
анықтаудың жолдары…………..23
2.3 Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және
спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану……………………………………….26
2.4 Балабақшадағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық
мазмұнының ерекшеліктері………………….29
Қорытынды………………35
Пайдаланылған әдебиеттер……
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы 1 наурыздағы жолдауы.
Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.
Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді.
Үшіншіден, үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және инженерлік ғылымдардың ғылыми–қолданбалы орталықтарын дамыту үшін тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс.
Төртіншіден, Білім және ғылым министірлігі мен Үкіметтің өзге де тиісті құрылымдары ғылыми-техникалық оқыту технологиясын әзірлеп, ақша қаражатын тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстардың салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын бақылауға алуы керек.
Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік даму институттарын белсендірек тартып, сонымен қатар жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық және ғылыми білім беру ісіне құйылуын көтермелеп отыруымыз қажет.
Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделілік туғызып отырған білім беру салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің білікті оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы керек.
Зерттеудің мақсаттары: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын қарастыру.
— Жылдық жоспар графигін құру ережесімен таныстыру;
— Оқу жылының тақырыптық жоспары таңдау;
— Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәнін ашу;
— Балабақшада оқу жұмысына талдау жасау;
— Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтау;
— Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану
— Балабақшадағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесі пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеудің обьектісі: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын жоспарлауды жасау технологиясын анықтау әдістемесі.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий