Ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру



Мазмұны

І Кіріспе………………………………………………………5-6

ІІ Негізгі бөлім……………………………………………..7-39

1. Ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыруының

теориялық мәселелері………………………………………….7-12

2. Ақыл-ойды дамытудың халықтық жүйесі……….13-24

3. Оқушының ақыл-ой тәрбиесін

қалыптастыру ерекшеліктері.Әдіс-тәсілдер…………………………………………………………..25-39

Қорытынды…………………………………………………..40-41

IV Қолданылған әдебиеттер………………………..42

Кіріспе.

Қазіргі Қазақстан мектептеріне білім бері беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдармен қатар өткен мұраларға абарынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап,оның ішінен пайдалы ілімдерін ала білу ұлттық педагогика үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол салуда.

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін ,түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ»,»Ақылды сатып ала алмайсың»,»Ақыл — тозбас киім,білім — сарқылмас бұлақ» деген халқтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.

Орнымен, жүйелі түрде, уақытында пайдаланылған халықтық педагогикалық ескерткштер үлкен білімділік және тәрбиелік тиімділікке ие екендігін қазіргі оқыту тәжірибесі көрсетуде.

Халықтық білімдердің көпқорлылығы, олардың ақыл-ой тәрбиесі мазмұнындағы орны мәселелерінің тиісті оқу пәндерінде ашып көрсетілуі болашақ мамандар , тәрбиешілер мен ата-аналарды теориялық және практикалық білімдермен қаруландыруға көмегін тигізері сөзсіз.

«Мәдени мұра» бағдарламасы осыған айғақ. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында :»Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру,сөйтіп өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажет.

Жалпы айтқанда, ойлау дегеніміз не? Ойлаудың түрлері?Ақыл-ой тәрбиесінің мектеп бағдарламаларындағы алатын орны қандай?

«Ақыл-ой тәрбиесін қалыптастырудың» күрделілігі сонда, ол — тек қана педагогиканы ғана қамтып қоймай, психологияны, басқа жаратылыстану, логика ғылымдарының қатыстылығымен сипатталады.

Әрине, «Ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру» туралы жан-жақты білу мақсатындағы ізденісімді қазақ халқының ірі тұлғалары Әл-Фараби,М.Қашғари,А.Құнанбаевтан бастадым. Себебі, дәл осы ірі ғалым-ойшылдардың мұралары ұлттық тәрбие беруде сіңірген еңбектерінің зор екендігін дәлелдей алады. Әсіресе, А.Құнанбаевтың педагогикалық мұраларының ықпалымен қазақ халқынада тәуелсіздік үшін күресушілердің жаңа легі :М.Дулатов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,М.Әуезов т.б. көші басталды.

Ұлтымыздың аяулы азаматтар ұлт келешегі үшін қызмет еткен, бойындағы барын берген зиялы қауым өкілдерінің қазақ мектептері үшін пайдалануға тұратын көзқарастары мен тәжірибелері бүгінгі күнде өзектілігін көрсетіп отыр.

Егеменді еліміздің пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап , еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары , газет-журналдар жарыққа шықты. Мен осы «Ақыл-ой тәрбиесі қалыптастыру» тақырыбы бойынаша ақыл-ой тәрбиесі мәселесі жөнінде оқытушылардың балалармен жұмысы туралы практикалық , әдіс-тәсілдер мәліметтерін педагог мамандарына арналған тамаша мерзімді басылымадардан алдым. Мен осындай басылымдардың бірінен сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы мазмұнымен таныстым.Бұл бағдарлама әлемнің түпкір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.Сонымен қатар, қазіргі заманғы білім беру бағдарламалары бойынша сын тұрғысынан ойлау мәселесіне байланысты «Сорос-Қазақстан» қоры көмегімен құрастырған бұл бағдарламаның құрылымымен жете таныса отырып , мен осы жұмыста 4-сынып оқушыларына арналған бір ашық сабақ жобасын қарастырдым. «Оқу мен жазу арқылы ойлауды дамыту»туралы мақаласын Д.Малдыбаева,»Ойлау логикасын қалыптастыру» Қ.Хатапұлы, «Ой белсенділігін дамыту» З.Базылова мақалалары оқыту іс-тәжірибелері үшін , әдістемелерді жандандырып отыру үшін балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыруына көмекші құралдар болар десем, қателеспеспін.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий