АНА ТІЛІН ОҚЫТУ



ЖОСПАР
I. КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………….3
І. АНА ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ……………………………………………………..4
1.1 Қазақ тілін ана тілі ретінде (АТО) оқыту…………………………………………4
1.2 Бүгінгі таңда ана тілі сабағын жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өткізудің маңызы……………………………………………………………………………………………………….7
II.Негізгі бөлім.
ІІ. СЫНЫПТА АНА ТІЛІН ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ…………………………………………………………………………12
2.1 Оқыту әдістері туралы түсінік және олардың жалпы сипаттамасы.12
Оқулықпен жұмыстың рөлі ………………………………………………………..16
2.3 Әңгіме әдісін қолдану………………………………………………………………….19
2.4 Витагендік әдісті қолдану…………………………………………………………… 20
2.5 Дамыта оқыту технологиясы ……………………………………………………….24
ІІІ. 3 – СЫНЫПТА АНА ТІЛІ САБАҒЫН ӨТКІЗУДЕГІ ОЙЫН – ТӘСІЛДЕР-
…………………………………………………………………………………………………………………26
3.1 Грамматикалық ойын – жаттығулар………………………………………………26
3.2 Рөлдік ойындар…………………………………………………………………………….30
3.3 Сабақ жоспары……………………………………………………………………………..32
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………………36

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясында мемлекеттік тілдің мәртебесі көрсетілді. Одан әрі қарай «Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы» (1996, 4 қараша), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998, 5 қазан), «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын кеңейту туралы» (1998, 14 тамыз) құжаттары бекітілді. Бұл мақсаттарда казақ тілін екінші тіл ретінде оқыту проблемасына үлкен мән берілген. Тілді оқытудың, үйретудің нақты міндеттері көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» — «тілдерді тиімді меңгеру саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту мен тереңдету үшін дәстүрлі оқу орындарында тілдерді оқытумен қатар жаңа әдістердің де керек екенін тәжірибе көрсетіп отыр» деген мәселеге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен бірге қоғамдағы тіл проблемаларын шешу жөнінде кезек күттірмейтін шараларды айқындау, жүзеге асыру белгіленген. Бағдарламада бұл үшін қажетті ғылыми-әдістемелік, материалдық-техникалық және кадрлық ресурстармен камтамасыз ету, тілдің қоғамдық өмірдегі керемет аясын кеңейту шараларымен қатар оқу орындарында тілді оқыту мен үйрету әдістемелерінің сапасын жақсарту, тілдерді оқьпудың төлтума бағдарламалары мен жаңа технологияларын әзірлеу мәселелеріне айрықша назар аударылған. Мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдарынан шығатын қорытынды — соңғы 10-15 жылда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Жұмыстың мақсаты — қазіргі қоғам талабы, мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы, яғни оған қоғамдық қызмет аясының кеңеюі, тілді оқыту мен үйретудің әдістемелерін жақсарту, тілдерді оқытудың жаңа технологиясының озық практикасын қорыту проблемасының бар екендігін көрсетіп отыр. Мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі жаңа типтік бағдарламалар мен оқулықгарды жасауды, білікті кадрларды көбейтуді, техникалық құралдармен жабдықтауды айрықша талап етіп отыр.
Білім беру жүйесінің көптеген тармақтарында бұрынғы дәстүрлі әдістемелерден елеулі айырмашылықтары бар, жаңа ізденістегі соны оқыту әдістемелері қолданылып жүр. Бұл нақты айтқанда, үйренушінің дербес танымдық белсенділігін арттыратын жаңаша жаңғыртып оқыту (инновационная), жоғары белсенділікті дамыту (интерактивная), оқытудың көпдеңгейлік әдістемелері мен жобалық әдістер.
Қазақ тілін оқыту процесінде қолданылып жүрген жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесі мен жоғары белсенділікті дамыту әдістемесінің және көпдеңгейлік оқыту әдістемесінің практикалық тәжірибесін ғылыми тұрғыдан біршама негіздеп, талдап және жинақтап қазақ тілін өзгетілді дәрісханаларда оқытатын оқытушылар үшін әдістемелік құрал жазудың уақыты келді.
Осыған орай біз ұсынып отырған еңбек мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мақсатында мектептерде, кәсіптік білім беру жүйесінде және жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытып жатқан оқытушыларга тілді оқыту әдістемесін жетілдіре түсуіне және біліктілігін арттыруына арналған көмекші құрал болар деген мақсатта жазылды.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий