Абайдың педагогикалық еңбектерінің тәрбиелік мәні



Мазмұны

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3

І. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қазақ ағартушы педагогтарының отбасы тәрбиесі және болашақ

мұғалімдерді даярлау туралы ой-пікірлері……………………………………………..5

1.2 Абай Құнанбаевтың бала тәрбиесіне көзқарасы……………………………………..6

ІІ. АБАЙДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЕҢБЕКТЕРІНІҢ

ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

2.1 Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы………………………………………8

2.2 Абайдың әлеуметтік көзқарасы…………………………………………………………….14

2.3 Абайдың ғылым-білімді үйренуге көзқарасы………………………………………..19

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………………24

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін. Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға берді. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» — дейді Президент Н.Ә.Назарбаев.

Абай Құнанбаев мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Егер Абай мен Шәкәрім қазақ халқының өткен заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы болса, бұл құдіретті бейнені романист қаламымен қайта тіріліткен Мұхтар Әуезовтің өзі жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан ұлттың аса көрнекті үш алып тұлғасының, былайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп кетуі – бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше құбылыс.

А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовты дүниеге келтірген қасиетті Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыз-даған.

Зерттеу жұмысының мақсаты: А. Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, олардың сабақтастығын жүйелеп, педагогиканың үрдісіне ендіру.

Зерттеудің міндеттері:

-А.Құнанбаев рухани-адамгершілік құндылықтарын айқындау;

-А.Құнанбаев шығармаларындағы философиялық, педагогтық-ағарту-шылық, діни және гуманистік ой-жүйелеріне талдау беріп, қазіргі жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау;

-А.Құнанбаев шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақ-тастығын жүйелеу және мазмұнын құру;

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларының сабақтастығы ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделіп, оқу-тәрбие үрдісінде пайдала-нудың әдістемелік кешені жасалып, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілсе, онда бұл үрдіс бүгінгі тәлім-тәрбие жұмыстарының тиімділігіне септігін тигізеді, өйткені дүниетанымы қалыптасқан, педагогикалық білімі терең және ой-өрісі кең жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.

Зерттеу кезеңдері:

— курстық жұмыстың тақырыбына байланысты әдебиеттер жинақтау;

— әдебиеттерді негізге ала отырып, тақырыптық жоспар жасау;

— құрылған жоспар бойынша теориялық бөлімді жазу;

— курстық жұмыстың өзекті мәселелерін эксперименттік деректермен анықтау.

Зерттеу жұмысының әдістері:

— зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық, әдістемелік еңбектерді сұрыптап талдау жасау;

Зерттеу пәні – Педагогика.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий