Өрт сөндіру құралдары



Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:
Су — өртті сөндірудің негізгі құралы. Өскемен қаласының ТЖ басқармасының инженері Нұржан Өміржановтың сөзіне қарағанда, суда үлкен жылу сыйымдылық бар және өте үлкен бу түзілу жылуын иеленеді, демек ол буға айналып, көп жылуды сіңіреді.
— су отпен күресуде тұтас, ықшамдап және бүркіп шашу түрінде қолданылады, — деп әңгімесін жалғастырды Нұржан Өміржанов, — ықшамдап шашуда жақсы екпінді күшпен су беріледі, ал ол еріксіз жалынды азайтады. Ұсақ-ұсақ судың тамшыларынан тұратын бүркіп шаруда ол толығымен буға айналып, сол арқылы жылудың көп бөлігін өзіне сіңіреді. Бірақ сумен тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (мұнай, керосин, бензин, май) сөндіруге болмайды, өйткені ол олардан ауыр болғандықтан астына түседі, ал жанғыш сұйықтық үстіне шығады. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қапайымы болып табылады. Оның отты сөндірудегі әрекеті — ол жанғаш затты салқындатады. Құм көбінде ағаш жәшіктерде сақталады. Жәшікті және күректі қызыл түске бояп қояды.
— отты сөндіру құралдарының түрі бойынша өрт сөндіргіш ауа-көбікті, аэрозольды және ұнтақты, — дейді ТЖБ инженері Нұржан Өміржанов, — химиялық көбікті өрт сөндіргіштер қатты және сұйық заттар мен материалдарға арналған. Олар құрылысы жағынан қарапайым, дұрыс ұстағанда ол көшіруге ыңғайлы. Оны қолдану саласы шексіз деуге болады, дегенмен кейде жанып жатқан зат жанудың дамуына немесе электр тоғын өткізген жағдайлардан басқа.
Химиялық көбіктің құндылығы оның төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде болып табылады, ол жанған затты толығымен тығыз жауады және оған ауа жібермейді.
Көмір қышқылды өрт сөндіргіштер химиялықтармен қатар айтарлықтай таралған. Олар химиялық зертханаларда, кітапханаларда, мұражайларда және басқа да жайларда кеңінен қолданылады. Бұл өрт сөндіргішті қуаттандыру үшін үлкен қысымда тұрған сұйытылған көмір қышқылы (көміртек диоксиді) қолданылады. Көмір қышқылы өртті сөндіру құралы ретінде көптеген құндылықтары бар. Ол қоршаған заттарға қандай да болсын физикалық немесе химиялық әсер етпейді, тоқ өткізбейді, ауа түспесе де жанатын заттарды алып тастағанда оны қатты заттарды, тез тұтанғыш сұйықтықтарды сөндіру үшін кеңінен қолдануға болады.
Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу барысында баллонды көлденең жағдайға бұруға болмайды, өйткені бұл кезде сифонды құбыр арқылы көмір қышқылдың шығуы бұзылады.
Қазіргі уақытта құрғақ ұнтақтармен толтырылған ұнтақты өрт сөндіргіштер көп таралған, олар өрт аумағына түсіп, отты сөндіретін зат бөледі.
Ұнтақты өрт сөндіргіштер тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың, газдардың, ағаш өнімдерінің, тоқ қысымында тұрған электр сымдардың, сілтілі металлдар мен өздігінен жану қасиеті бар басқа да заттардың жануын сөндіру үшін қолданылады.


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий