Өндірістік улар



Жоспар:
І.Кіріспе
1.Өндірістік улар және олармен улану
ІІ.Негізгі бөлім
2.Өндірісті улардың классификациясы
3.Токсикология

III.Қорытынды
4.Өндірістегі улы химикаттар
Кіріспе
Өндірістік улар және олармен улану.Өндірістік у — белгілі бір жағдайларда (мысалы жұмыс аумағы ауасы үшін шекті-рауалы концентрациясынан асып кеткен жағдайда), кәсіпорын қызметкерлерінің улануын туындатуы мүмкін,өндірістің бастапқы аралық, жанамалы немесе соңғы өнімі болып саналатын у.
Химиялық заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек ету аясында байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс жасау химиялық өндірісте байқалады,шикізат өнімдері,аралық қосылыстар жүмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ өндірістің кейбір салаларында,тау-кен,машина жасау,мұнай,жеңіл өнеркәсіпте т.б өндірістік алқаптарда да жұмыс жасау барысында,белгілі бір химиялық өңдеуден химиялық заттар бөлінеді.Олар адам ағзасына енуімен бірге тері қабатын зақымдап, кәсіптік улану туғызуы мүмкін. Қазірде 7 млн.астам химиялық заттан түрі мәлім. Оның 600 мыңдайы ғана кең көлемде қолданыста. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қоспалар мен қосылыстардың түрлері шығарылуда.Еңбек ету барысында адам ағзасына әсер етіп,оның жұмыс жасау қабілетін төмендететін немесе денсаулығына нұқсан келтіретін-химиялық заттардың қатарына өндірістік немесе кәсіптік улану жатады. Олар өндірістік улану немесе токсиндік заттар,яғни,токсиканттар деп аталады. «Өндірістік улану» ұғымына да кең мағынада жұмсалатын термин «зиянды зат» ұғымы. Зиянды заттар құрамында улар да, фиброгенді негіздегі аэрозолдар да кездеседі.
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.
Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен уланған нерв жүйесі ,бензолмен уланған — қан айналым мүшелерін айтуға болады.
Тікелей әсер етуде удың тиген жерінде ұлпаның зақымдануы,ісу,тері және шырышты қабаттың іріңдеуі – әсіресе, қышқыл және сілтілік ерітінділермен және бумен жұмыс жасау барысында туындайды. Тікелей эсер ету түрі нерв талшықтарының рефлекторлық реакциялануы және ұлпа ыдырау барысындағы өнімдерді сорып алуға қатысты жалпы құбылыстармен сипатталады.

Негізгі бөлім
Өндірісті улар және олардың классификациясы.
Халық шаруашылығында қолданылатын химиялық заттардың саны көп.Олар былай жіктеледі:
Химиялық систематикасы:
— органикалық;
— бейорганикалық;
— элементті-органикалық.
Ағзаға әсер ету қасиеттері бойынша:
1) Тұншықтыратын:
— қарапайым тұншықтырғыш, демалатын ауадан (азот, сутегі, гелий)оттегін қысу;
— химиялық әсерету, жасуша мен қан арасында газ алмасудың бұзылуы (СО, синилді қышқыл);
2) Тітіркендіргіш — өкпе немесе демалу жолдарының сілемейлі қабықшасының тітіркенуі.
3) Ұшпа анашалар:
— қанға түскеннен кейін жүйке жүйесіне әсер етеді:
— соңы толық анықталмаған анаша заттары (эфирлер, майлы, азот тұнбасы);
— ішкі ағзаға кері әсер ететін заттар (галагенөндіретін майлы қатар);
— қан жүйесіне әсер ететін заттар (араматты көмірсутектер);
— жүйке жүйесіне әсер ететін заттар (алкаголь, майлы қатардағы күкіртті қосылыстар);
— қанға және қан айналымына әсер ететін органикалық азотты қосылыстар (анилин, нитробензол).
4) Әртүрлі әсер ететін металлорганикалық және бейорганикалық қосылыстар (сынап, қорғасын, фосфор).
Зақымдануына байланысты:
— нейтротропты;
— гепатотропты;
— невротоксикалық;
— кардиотоксикалық;
— қан уы.
Спецификалық әсеріне байланысты:
— аллергендер;
— тератогенднр;
— мутагендер;
— супермутагендер;
— концерогендер (күшті, әлсіз, орташа).

Қауіптілігіне байланысты (класстар):
1- төтенше қауіпті (Be, Cd, Pb, Hg, Tl).
2- жоғары қауіпті (Sb, As, Ba,Se),
3- жай қауіпті (Cr, Ag, Al),
4- азғана қауіпті (Cu, Fe, Mn, Zn, Ni, Ge, Sr, Rb, Cs).
Агрегатты күйде:
— газ;
— бу;
— аэрозольдар.
Улыхимикаттар (пестицидтер):
— инсектицидтар;
— акарициды;
— гербицидтар;
— фунгицидтар
3.Токсикология (грекше toxіkon – у және logos – ілім) – медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы:
 әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология;
 ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді.
Қазіргі токсикологияда үш негізгі бағыттары бар:
— теориялық;
— профилактикалық (гигиеналық);
— клиникалық;
Теориялық токсикология — экзогенді химиялық огенттермен осы жүйенің араласу процесстері байқалатын, тірі жүйедегі әртүрлі түр өзгерістерінің жоғалуын немесе дамуын, араласу механизмі мен заңдылықтарын, формасын, түрін, оқытады.Қоршаған ортаның химиялық компоненттерінде адамзатқа қолайлы экологиялық бағыттардың жасалуы оның жетістіктеріне жатады.
Профилактикалық токсикология – адам айналасындағы өндірісті немесе өндірісті емес ортаның химиялық құрамының антропогенді және табиғи өзгеруі адамда химиялық этнология (химиялық аурулар) ауруларының пайда болуын ескертетін бағыттар.
Профилактикалық токсикология ҚО әртүрлі химиялық қосылыстардың токсико-гигиеналық әдістері мен принциптерін, сонымен қатар тікелей немесе жанама байланыс жасайтын ғылыми негізді құрайды және зерттейді.
Профилактикалық токсмкологияның зерттеу әдістері болып:
— жануарларға тәжірибе;
— химиялық агенттермен байланыс жасайтын адамдарды бақылау;
— клиникалық бақылау кезінде адамдарда, агенттермен байланысынан кейін сол немесе басқа потологияның пайда болғанын байқаймыз.
Профилактикалық потология келесі түрлерге бөлінеді:
— коммуналды;
— тағамды;
— өндірісті;
— ауылшаруашылық;
— тұрмысты;
— касметикалық.
Профилактикалық потология экологиялық токсикология сияқты оны жекелендіріп және анық экологиялық профиль құрайды.
Клиникалық токсикология – адам мен оның ұрпақтары өндірісті және өндірісті емес жағдайларда химиялық заттармен байланысу кезінде пайда болатын жасырын және анық, созылмалы немесе өткір ауруларды зерттейді.
Оның құрылымы:
— созылмалы химиялық ауруларды зерттеу;
— өткір химиялық аурулар туралы оқу;
— нашақорлы токсикология;
— емдік токсикология;
— жасанды материалдардың адамға биологиялық әсерін зерттеу.

Қорытынды.Өндірістегі улы химикаттар

Сонымен,өндірістік у дегеніміз — белгілі бір жағдайларда (мысалы жұмыс аумағы ауасы үшін шекті-рауалы концентрациясынан асып кеткен жағдайда), кәсіпорын қызметкерлерінің улануын туындатуы мүмкін,өндірістің бастапқы аралық, жанамалы немесе соңғы өнімі болып саналатын у.
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.
Жалпы улы заттардың қасиеттеріне байланысты түрлі классификациясы болады.
Улы химикаттар (пестицидтер) – адам денсаулығына және экологияға зиян келтіретін микроорганизмдерден,жануарлар және өсімдік түрлерімен күрес жүргізуге арналған химиялық заттар.Олар гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер және т.б. болып бөлінеді.
Гербицидтер арам шөптермен күресуге арналған химиялық заттар.Олар феноксиқышқылдар,бензойн қышқылының туындылары,динитроанилиндер және көптеген гетероциклді қосылыстар.
Инсектицидтер зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын химиялық препараттар.Инсектицидтерге хлорорганикалық,фосфорорганикалық заттар,сондай-ақ құрамында мышьяк және күкірті бар заттар жатады.
Фунгицидтер өсімдіктердің саңырауқұлақтар арқылы пайда болатын аурлармен күресуге қолданылатын химиялық заттар.Фунгицидтер ретінде әртүрлі антибиотиктер,сульфаниламидті препараттар қолданылады.
Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен уланған нерв жүйесі ,бензолмен уланған — қан айналым мүшелерін айтуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Р.Жұмаділова «Химия 11-сынып»

2.С.Әлімжанова «Химия»


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий