Өндірістік нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы



Өндірістік нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 334 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2005 жылғы 17 тамызда тiркелдi. Тiркеу N 3792

«Заң газетi» 2005 жыл 11 қараша N 145-146(770)
________________________________________

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына және 17-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Өндiрiстiк нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi А.А. Белоногқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министрдiң
мiндетiн атқарушы
«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлiгi
Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық
iстерi комитетiнiң төрағасы
2005 жылғы 8 шiлдедегi
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрiнiң
М.а. 2005 жылғы 8 шiлдеде
N 334 бұйрығымен бекiтiлген
«Өндiрiс объектiлерiн жобалауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормалары
1. Жалпы ережелер
1. «Өндiрiс объектiлерiн жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормалары (әрi қарай санитарлық ережелер) өндiрiс объектiлерiн жобалаумен, салумен, қайта салумен және эксплуатациялаумен қызметi байланысты жеке және заңды тұлғалар мен ұйымдарға тағайындалған.
2. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда келесi терминдер мен анықтамалар қолданылған:
1) өндiрiстiк объект — өнiмдi шығаруға, жұмысты атқаруға және қызмет көрсетуге байланысты шаруашылық қызметiнiң объектiсi, олар адамның денсаулығы мен мекен-жайына әсер ету көзi болып табылатын процестердi, жабдықтарды және технологияны қолданумен жүзеге асырылады;
2) аэрация — құрамындағы органикалық заттармен жылдам тотығуы үшiн түрлi ортаның ауамен жасанды қанығуы;
3) санитарлық қорғау зонасының шекарасы — санитарлық қорғау зонасының (әрi қарай СҚЗ) немесе кеңiстiктiң жоспарлы проекциясының барынша көп территориясын шектейтiн линия, әсер етушi нормаланатын факторлар оның маңынан тыс жерде белгiленген гигиеналық нормативтен аспайды;
4) ластану зонасы — ластану көзiнiң маңындағы территория, оның шегiнде атмосфераның жер бетi қабаты концентрациясының мүмкiндiк шегiнен асатын зиянды заттармен ластануы мүмкiн;
5) рециркуляция — температураны және қоспадағы компоненттердiң концентрациясын реттеу мақсатымен технологиялық процеске газдардың, сұйық және қатты заттардың ағымының толығымен немесе жекелей қайтып келуi;
6) шлам — руданы ұсақтау процесiнде, байытқанда, бұрғылағанда немесе өндiрiстiк қызметте түзiлетiн пайдалы қазбалар немесе тау жынысы;
7) шламоотвал — шламды жинайтын, сақтайтын жер.
2. Өндiрiстiк объектiлердi орналастыруға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
3. Өндiрiстiк объектiлер (әрi қарай — объектiлер) белгiленген тәртiпте бекiтiлген аудандық жоспардың жобасы мен қаланың (елдi мекеннiң) бас жоспарына сәйкес жобалануы керек.
4. Объектiлердi салу жобалары:
1) өндiрiсте зиянды немесе зияндылығы аз заттарды қолдануды;
2) зиянды өндiрiстiк факторлардың интенсивтiлiгiн, сонымен бiрге шығаратын зиянды заттардың және қалдықтардың көлемiн жоятын немесе барынша көп төмендететiн технологияны және жабдықтарды қолдануды;
3) өндiрiстiк және қоршаған ортаның гигиеналық нормаларының талаптарын қамтамасыз ететiн кешенiн қарастыруы керек.
5. Өндiрiстiк объектiлердiң алаңдары селитебтiк және рекреациялық территорияға қатысты желдiң ық жағына орналасуы керек.
6. Адамның денсаулығы мен мекен-жайына негативтi әсер ету көзi болып табылатын технологиялық процесiмен объектiлердiң кәсiпорнының толық жобалық қуаттылығымен анықталатын санитарлық-қорғау зонасы болуы керек.
7. СҚЗ-ның өлшемi осы санитарлық ережелердiң 1-шi қосымшасында келiсiлген өндiрiстiк объектiлердiң жiктелуiне сәйкес қабылдануы керек.
8. Жалпы өндiрiстiк алаңда орналасқан объектiлердiң топтары үшiн шығатын зиянды заттың қосындысын және барлық физикалық әсер ету көздерiн, әрекеттегi объектiлердiң табиғи бақылауының жылдық циклының нәтижелерiн ескере отырып, бiртұтас СҚЗ-ы белгiленуi керек.
9. Санитарлық-қорғау зонасы:
1) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген бағдарлама бойынша атмосфералық ауаның ластану деңгейiне үлгi жасаумен және күшi бар стандарттарға сәйкес объектiден шығатын зиянды заттарды есептеу негiзiнде бекiтiледi. Румбалар бойынша (әрi қарай — р) желдiң басым бағытының жиiлiгiн ескере отырып, үлгi жасау нәтижелерi бойынша СҚЗ-ның кеңдiгiн түзету кезiнде р<12,5% болса, бағыт бойынша ластану зонасын қысқартуға рұқсат етiлмейдi;
2) Әрекеттегi, салынып жатқан және салынуға белгiленген өндiрiстiк объектiлерден шығатын зиянды заттардың биологиялық әсерiнiң қосындысы әсерiн, сонымен бiрге осы заттардың трансформациялануының зиянды өнiмiн ескере отырып, концентрациясының мүмкiндiк шегiне (әрi қарай — КМШ) салыстырмалы түрде атмосфералық ауаның ластану деңгейiне үлгi жасау;
3) физикалық факторлардың мүмкiн әсер ету деңгейiн есептеу;
4) жобаланатын, салынатын және әрекеттегi объектiлердiң әлемдiк және отандық аналогтарын сараптау;
5) арнайы лабораториялық және аспаптық тексеру нәтижелерi негiзiнде мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда ғана белгiленген тәртiпте бекiтiледi;
10. СҚЗ-на алынған жерлердi ауылшаруашылығы объектiлерi (ауылшаруашылығы дақылдарын өсiру, мал жайылымы және пiшен шабу) үшiн пайдалану мүмкiндiгi, өндiрiстен шығатын зиянды заттардың мөлшерi мен сипатын ескере отырып анықталуы керек.
11. Объектiлердiң жобаларымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық сараптау жүргiзу үшiн территорияны меңгеру және жайластыру жобалары мен шаруашылық ауыз суы көздерiн санитарлық қорғау зоналары көрсетiлуi керек.
СҚЗ-ның жайластыруын жобалауда көшеттердi сақтап қалу қарастырылуы керек. Селитебтi территория жағынан кеңдiгi 50 метрден (әрi қарай — м.) кем емес, ал 100 м-ге дейiнгi кеңдiкте — 20 м-ден кем емес ағаш-бұталы өсiмдiк көшетiнiң алқабы орналасуы керек.
12. Вентиляция және кондиционерлеу жүйелерiмен ауаны ұйымдастырып және ұйымдастырмай алатын жерлерiндегi объектiнiң алаңында жекелеген ғимараттар мен имараттар, өндiрiстiк бөлмелердiң жұмыс зонасы үшiн сыртқы ауадағы зиянды заттардың мөлшерi КМШ-нен 30%-тен аспайтындай етiп орналасуы керек.
13. Өндiрiстiк объектiнiң территориясында функционалдық зоналар: өндiрiстiк, әкiмшiлiк-шаруашылық, транспорттық-қоймалық және қосалқы объектiлер бөлiнуi керек. Шектес өндiрiстiк ғимараттардан туындайтын, циркуляциялық зонаның енiнен кем емес кеңдiктегi ажыраумен зиянды заттарды пайдаланатын объектiлердегi әкiмшiлiк-шаруашылық және қосалқы зоналары өндiрiстiк және транспорттық-қоймалық зоналардан бөлiнуi керек.
14. Зиянды заттарды пайдаланғандағы технологиялық жабдықтардың ашық алаңдары мен ғимараттардың ұзын осьтерi желдiң басым бағытына параллельдi болуы керек.
15. Жолдан және құрылыстан бос объектiнiң территориясы жайластырылуы және көгалдандырылауы қажет.
16. Жобаланатын және әрекеттегi объектiлердiң осы санитарлық ережелердiң 1-шi қосымшасында белгiленген СҚЗ-ның өлшемдерi төмендегi жағдайларда ұлғайтылуы мүмкiн:
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2004 ж. 18-шi тамызындағы N 629-шы бұйрығымен бекiтiлген, нормативтiк-құқықтық актiлердiң мемлекеттiк реестрiнде 3076 нөмiрiмен тiркелген «Атмосфералық ауаны қорғауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормаларына (әрi қарай СанЕмН) сәйкес селитебтi территорияның атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың мөлшерiн қамтамасыз етпейтiн, ескiрген технологиялық жабдықтардың болуы;
2) газды, шаңды ұстайтын жабдықтардың тиiмдiлiгiнiң төмендiгi және гигиеналық нормативтерге дейiн атмосфералық ауаның ластауыштарын төмендетудiң техникалық шешiмдерiнiң болмауы;
3) селитебтiк және өндiрiстiк территориялардың желдiң басым бағытына қолайсыз орналасуы;
4) техникалық құралдармен ластану деңгейiн төмендету мүмкiндiгi болмағанда СҚЗ-ның шекарасынан тыс жерде, атмосферадағы химиялық заттардың мөлшерiнiң КМШ-нен және шудың, дiрiлдiң, радиожиiлiктегi электромагниттiк толқынның және басқа зиянды физикалық факторлардың деңгейiнiң мүмкiндiк шегiнен (әрi қарай ДМД) асуы.
3. Өндiрiстiк ғимараттарға, бөлмелерге және имараттарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
17. Өндiрiстiк ғимараттардың және имараттардың жобаларында 1 жұмысшыға келетiн меншiктi алаң 4,5 метр квадраттан (әрi қарай м2) кем болмауы керек.
18. Әрбiр тұрақты және тұрақсыз жұмыс орнының алаңы 2,2 м2-тан кем болмауы керек (кабиналардан және объектiлерден басқалары), олардың бос алаңының шамасы арнайы талаптармен келiсiледi. Жабдықтармен, қызмет көрсететiн зоналармен, жүрiп өтетiн жолдармен, өтетiн жерлермен, резервтегi алаңдар мен аралық қойманың орындары нормативке кiрмейдi.
19. Микроклимат бойынша 15 метр кубтан (әрi қарай м3) кем емес нормативтiң талаптарын қамтамасыз ету қажеттiлiгiне сүйене отырып, бөлменiң көлемi есептеу жолымен анықталады.
20. Егер де табиғи ауа алмасуы мен жарықты бұзбаса, өндiрiстiк ғимараттардың сыртқы қабырғасына жапсыра құрылыс салуға рұқсат етiледi.
21. Бу, газ және шаң түрiндегi зиянды заттарды бөлмейтiн ыстық технологиялық процестермен сипатталатын объектiнi орналастыру үшiн, табиғи басқарылатын ауа алмасуын (аэрацияны) қамтамасыз ететiн қабырғаның және шатырдың конструктивтiк элементтерiмен бiр қабатты ғимараттар немесе көп қабатты ғимараттардың жоғары қабаттары қарастырылуы керек.
22. Зиянды заттар бөлiнетiн болса, тек қана табиғи ауа алмасуды жобалауға рұқсат етiлмейдi.
23. Қауiптiлiгi I-шi және II-шi кластағы зиянды заттардың жабық бөлмелерге бөлiнуi болжанған объектiнi жобалау барысында, оқшауланған бөлмелерге немесе пульттi немесе операторлық зоналардан осы жабдықтарды басқаратын зоналарда технологиялық құрал-саймандарды орналастыру қарастырылады.
24. Қауiптiлiгi I-II-шi кластағы зиянды заттармен жұмыс жүргiзiлiп жатқан бiрнеше өндiрiстi бiр ғимаратқа орналастырғанда, улы заттардың көп компоненттi қоспасының түзiлуiне және көршi өндiрiстiк бөлмелерге олардың таралуына кедергi жасайтын құрылыс шешiмдерiн қолданумен, жекелеу қамтамасыз етiлуi керек.
25. Өндiрiстi жобалаудың технологиялық талаптарына сәйкес табиғи жарығы жеткiлiксiз үй астында және цокольдық қабатта терезесiз және жарық күн тартарсыз ғимаратты салуға, тұрақты жұмыс орындарымен өндiрiстiк бөлмелердi орналастыруға рұқсат етiледi. Бұл кезде мыналар қарастырылуы керек:
1) жасанды жарық
2) эритемдi сәулелену құрылғысы;
3) жасанды жарығы бар (жасанды жарық коэффициентi 0,5%-тен кем емес) жұмыс орнынан 100 м-ден алыс емес қашықтықта жұмысшылар қысқа уақытқа демалуға арналған бөлменiң құрылғысы;
4) осы санитарлық ереженiң талаптарына сәйкес тұрақты әрекеттегi ықтиярсыз вентиляциямен қамтамасыз ету.
26. Ашық алаңдарға технологиялық және энергетикалық, жабдықтарды орналастырғанда, олардың басқару пульттерiн орналастыруға арналған және жұмысшылардың демалатын бөлмелерi қарастырылуы керек.
27. Шаң бөлiнуi мүмкiн бөлмелерде, оның жинақталуын және жиыстырылуын қиындататын конструктивтiк элементтер мен өңдейтiн материалдар қолданылмауы керек.
28. Өндiрiстiк бөлмелерге ауаны әкелетiн вентиляциялық камераларға алаң қарастырылуы керек. Вентиляциялық қондырғыларды үйдiң iшiне жасалған үстiңгi жарты қабатқа, консольды тiрекке орналастыруға рұқсат етiлмейдi. Ауа келетiн камералардың кiретiн есiгi бөлменiң, коридордың, тамбурдың iшiнен немесе ауасында зиянды заттары жоқ жердiң сыртынан болуы керек.
29. Басқару пульттерiнiң бөлмелерiнде, санитарлық-тұрмыстық қондырғыларда және жаяу жүретiн туннельдерде зиянды сұйықтықтар мен газдарды, сонымен бiрге транзиттiк бу құбырларын салуға болмайды.
30. Жылытылатын өндiрiстiк бөлмелердiң сыртқы қоршауын жобалау, төбенiң және қабырғаның iшкi бетiне конденсаттың түзiлу мүмкiндiгiн болдырмауы керек. Бұл талаптардан шығу тәртiбi ылғалды бөлмелерге ғана рұқсат етiледi.
31. Зиянды және агрессивтi заттарды пайдаланатын учаскелер орналасқан бөлмелердiң iшкi құрылыс конструкциясын қосқанда, қабырғаны, төбенi және басқа беттердi өңдеу үшiн, сорбцияны болдырмайтын және жүйелi тазартуды, ылғалды және вакуумды жиыстыруды, қажет болғанда — дезинфекцияны қажет ететiн материалдар болуы керек.
32. Ашылатын терезелерi және жарық күн тартарларымен жабдықталған ғимараттар мен имараттарда еденнен немесе жұмысшы алаңынан басқарылатын, ашық ойықтың шамасын реттейтiн механизмдер, сонымен бiрге осы тәрiздес жұмыстарды ыңғайлы және қауiпсiз орындауды қамтамасыз ететiн терезенi, күн тартарларды және жарық арматурасын тазарту үшiн механизмдер мен алаңдар қарастырылуы керек.
33. Бөлмелердiң және жабдықтардың түспен безендiрiлуi бейнеленудiң ең аз коэффициентiн (0,4-тен артық емес) ескере отырып орындалуы керек.
34. Жаңа ғимараттар мен имараттарды салу және әрекеттегiлерiн қайта салу кезiнде сыртқы қоршаулар арқылы, сонымен бiрге технологиялық көздерiнен жұмысшы зонасына жылу мен суықтың артығымен түсуiн азайтуға бағытталған шаралар қарастырылуы керек.
35. Түрегеп тұрып жұмыс iстейтiн жылытылатын бөлмелердiң еденiн жабатын материал жылуды сiңiретiн коэффициентi метр квадратты градусқа көбейтiп, бiр сағатқа көбейтiп 6 килокалория (әрi қарай — ккал/м2.град.сағ.) болуы қажет немесе ағаш кедергiсiмен немесе жылу изоляциялайтын кiлемшесiмен жабылуы керек.
36. Агрессивтi сұйықтықтардың (қышқылдардың, сiлтiлердiң) және сынап, ерiткiштер, биологиялық активтi заттар сияқты зиянды заттар болжамды әсер ететiн жерлерде, көрсетiлген заттардың әсерiне тұрақты, олардың сорбциясын болдырмайтын, тазартылған және зиянсыздандыруға бейiмдi еденнiң жабындысы қарастырылуы керек. Көрсетiлген заттарды бұрып жiберу үшiн канализацияға суағар қарастырылуы керек, қолданыстағы құрылыс нормалары және ережелерiнiң (әрi қарай — ҚНжЕ) талаптарына сай болуы керек.
37. Радиожиiлiктi диапазондағы электромагниттiк өрiс көздерiмен (әрi қарай — ЭМӨ) жұмыс iстейтiн өндiрiстiк бөлмелердi ағымды линияларда орналастыруды қосқанда жалпы бөлмелерде де, жеке бөлмелерде де орналастыруға рұқсат етiледi. Қондырғымен және онымен жұмыс iстеуге байланысты емес жұмыс орнындағы ЭМӨ-тiң деңгейi шамасының мүмкiндiк шегiнен аспаса, жалпы бөлмелерде ЭМӨ көздерiн қарастыру керек. Көрсетiлген жағдайды қамтамасыз ету мүмкiн болмаса, ЭМӨ қондырғылары жеке бөлмелерге орналастырылуы керек.
38. Бiр бөлмеге бiрнеше қондырғылар орналастырылған болса, олардың орналасуы сәуле энергиясының қосындысы есебiнен персоналдың жұмыс орнындағы сәулелену деңгейiнiң мүмкiндiк шегiнен аспауын шектеуi керек.
39. Электромагниттiк өрiс көздерiмен жұмыс iстеуге тағайындалған экрандалған бөлмелердi жобалау кезiнде, жұмыс ауданы мен көлемi жоғары жүктемемен жұмыс iстеудегi қауiпсiздiк шараларының сақталуын ескере отырып, өңделетiн заттың габаритiне сәйкес жасалуы қажет.
40. Экрандалған бөлмелердiң қабырғасы, төбесi және еденi сәулеленудiң деңгейiнiң мүмкiндiк шегiн төмендетуiн қамтамасыз ететiн сәуле жұтатын материалмен қапталуы қажет. Сәуле белгiлi бағытта түсетiн болса, қабырғаның тек соған сәйкес бөлiгiн ғана сәуле жұтатын қабатпен қаптаған жөн. Экрандалатын бөлмелерде күшi бар НҚА-ге сәйкес, табиғи жарықтың, ультракүлгiн сәуленiң жеткiлiксiздiгiн, ауаның газды және ионды құрамының өзгеруiнiң орнын толтыратын шаралар қарастырылуы қажет.
41. Көршi бөлмелерге құрылыс конструкциялары арқылы электрлi магниттiк өрiстiң өтуi кезiнде, деңгейiнiң мүмкiндiк шегiнен аспауын шектейтiн шаралар жасалуы керек.
42. Лазер қондырғыларына арналған бөлмелердi жобалағанда лазердiң құрылымы мен пайдалану ережелерiнiң талаптары сақталуы қажет.
43. Шу көздерi орналасқан әрекеттегi өндiрiс орындарын салғанда және қайта салғанда бөлме iшiндегi жұмыс орындарындағы, сонымен қатар тұрғын үйлердi қоршаған территорияның ауласындағы шудың деңгейiн төмендетуге бағытталған архитектуралық-құрылыс шаралар қарастырылуы қажет.
44. Шудың параметрлерiн күшi бар гигиеналық нормативтерге дейiн жеткiзу мүмкiн болмағанда:
1) стационарлық жабдықтар үшiн дыбысты изоляциялайтын кабиналарды құру, процестi дистанциядан басқаруды қарастыру қажет;
2) қол саймандары үшiн басқа жұмысшыларға шудың әсерiн болғызбайтын жерге жұмыс орнын орналастыруды қарастыру қажет.
45. Шудың, дiрiлдiң және инфрадыбыстың жұмысшыларға әсер етуiне байланысты жұмыс орындарының маңында, мезгiлдi демалуға және профилактикалық процедуралар жүргiзуге арналған бөлмелер қарастырылуы қажет.
Плазмалық технологияларға арналған бөлмелердi жобалаған кезде:
1) бiр жұмысшыға 10 м2-тан кем емес және еденнiң ең төменгi нүктесiнен 3,5 м-ден кем емес бөлменiң биiктiгi есебiнде, жабдықталмаған алаңның болуын қарастыру;
2) қабырғасы мен төбесi ультракүлгiн сәуленi жұтатын, жанбайтын перфорирленген материалдан қорғаныс жабындысы бар дыбысты жұтатын қаптауы болуы керек. Жабдықтың дыбыс жұтатын қорғаны болмаса, қаптау биiктiгi 2,7 м-ден кем болмауы керек.
4. Технологиялық процестер мен жабдықтарға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
46. Технологиялық процестер мен жабдықтарды жасау кезiнде төмендегiлер қарастырылуы керек:
1) қалдықсыз және қалдығы аз технологияларды енгiзу;
2) қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың туындауына байланысты технологиялық процестер мен операцияларды, көрсетiлген факторлары жоқ немесе интенсивтiлiгi ең аз процестерге және операцияларға алмастыру;
3) зияндылығы жоғары заттарды зияндылығы төмен заттарға алмастыру;
4) бастапқы және соңғы өнiмде зиянды заттардың қоспасының мөлшерiн шектеу, соңғы өнiмдердi шаңданбайтын формада шығару;
5) зиянды өндiрiстiк факторлармен жұмысшылардың жанасуын болғызбайтын өндiрiстiк технологияларды пайдалану;
6) жұмыс зонасына қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың түсуiнiң (таралуының) алдын-алатын шешiмдер мен қорғаныш құралдарын жабдықтың конструкциясына қолдану;
7) өндiрiстiк құралдарға эргономиканың және техникалық эстетиканың талаптарының және жұмыс орыны мен еңбек процесiн ұйымдастыруда эргономикалық талаптардың сақталуы;
8) әсерi жiтi бағыттағы заттармен жұмыс зонасының ластануы кезiнде, технологиялық процестi басқару және автоматты бақылау, сигнализация жүйелерiн жасау;
9) жүк тиеу және жүк түсiру жұмыстарын механизациялау және автоматизациялау;
10) технологиялық және вентиляциялық зиянды заттардың шығуын өз мезгiлiнде жою, зиянсыздандыру, өндiрiс қалдықтарын пайдаға асыру және көму;
11) зиянды заттардан және факторлардан қорғанатын ұжымдық құралдар;
12) жұмыс орындарындағы қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың деңгейiне бақылау;
13) нормативтiк-техникалық құжаттарға қауiпсiздiк талаптарын енгiзу.
47. Технологиялық процестер мен жабдықтарды жасауда Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген химиялық заттарды пайдалану керек. Ылғал бөлу көзi болып табылатын өндiрiстiк жабдық, мейлiнше герметизациялануы және құйылысқа арналған автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталуы керек.
48. Инфра- және ультрадыбыстың, шудың, жалпы және локальды вибрацияның, иондаушы және ионданбайтын сәулеленудiң көзi болып табылатын жабдықтарды жобалағанда күшi бар НҚА-дiң талаптарының сақталуын қарастыру қажет.
49. Технологиялық процестердi жобалаған кезде өндiрiстi пайдаланудың барлық кезеңдерiнiң ұзақтығының есебi: iске қосылуды реттеу (жоспарлы жөндеуден соң iске қосу), тұрақты қызмет ету (пайдалану жылдары бойынша) берiлуi қажет.
50. Өндiрiстiк бөлмелердiң жұмыс орындары мен объектiнiң территориясындағы дыбыс қысымының мүмкiн деңгейi, дыбыс деңгейi және дыбыстың эквиваленттi деңгейi қолданыстағы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2005 жылғы 24 наурыздағы «Жұмыс орындағы шу деңгейлерiнiң гигиеналық нормативтерiн бекiту туралы» N 139 бұйрығының талаптарына сәйкес келуi керек.
51. Жаңадан салынатын және қайтадан салынатын объектiлердi, олардың жеке ғимараттарын және имараттарын жобалау кезiнде шаралар қарастырылуы керек, оларды орындау тұрғын үйдiң территориясында гигиеналық нормативтен аспайтын шудың деңгейiн қамтамасыз етуi керек.
52. Жұмыс орындарындағы транспорттық-технологиялық вибрацияның мүмкiн деңгейлерi қолданыстағы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2005 жылғы 29 маусымдағы «Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы» N 310 бұйрығының, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеуден өткiзу реестрiнде N 3781 тiркелген, талаптарына сай келуi керек.
53. Жұмыс орнындағы инфрадыбыстың деңгейiн жұмыс орнындағы инфрадыбыстың гигиеналық нормативтерiне сәйкес қабылдау керек.
54. Негiзгi дозалық шектер (осы санитарлық ережелерге 3-шi қосымша) ионданатын сәулеленудiң нормаланатын параметрлерi болып табылады. Оларға төмендегiлер жатады:
1) тiкелей ионданатын сәулелену көзiмен тұрақты және уақытша жұмыс iстейтiндерге арналған тиiмдi және эквиваленттi дозаның мүмкiндiк шегi, (А категориясы — персонал);
2) ионданатын сәуле көздерiмен жұмыс iстемейтiндерге, бiрақ та объектiлердiң қызметiне негiзделген жұмыс орнының немесе тұрғын мекеннiң орналасу жағдайына байланысты, иондаушы сәулеленудiң әсерiне ұшырайтындарға арналған шектiк (тиiмдi) эквиваленттi дозалар (Б категориясы).
Радиоактивтi заттармен және ионданушы сәулеленудiң басқа көздерiмен жұмыс iстеу барысында күшi бар радиациялық қауiпсiздiктiң нормаларына дозалық шектер сәйкес келуi керек.
55. Жұмыс орнындағы өндiрiстiк көздерден ультракүлгiн сәулеленудiң (әрi қарай — УС) мүмкiндiк деңгейi: ұзын толқынды УС-А-400-315 нм, орта толқынды УС-315-280 нм, қысқа толқынды УС-280-200 нм облыстары үшiн сәулеленудiң спектралды құрамын ескере отырып қабылдануы керек.
Сәулелену интенсивтiлiгiнiң гигиеналық нормативтерi жұмысшыларға әсер ету ұзақтығын, сәулеленуден қорғайтын арнайы киiмдi мiндеттi түрде киюдi, бас киiмдi және көздi қорғайтын құралдарды пайдалануын ескере отырып белгiлейдi.
56. Жоғарыда көрсетiлген нормативтер 2000 Цельсийден жоғары температурадағы көздер шығаратын сәулеленуге (электрлiк доғалар, плазма, балқытылған металл, кварц әйнегi), полиграфияға, химия және ағаш өңдейтiн өндiрiстерге, ауылшаруашылығына, кино- және телетүсiрулерге, дефектоскопияға, денсаулық сақтау ұйымдары мен өндiрiстiң басқа салаларына таралады.
Нормативтер қызмет көрсететiн персонал болмағанда, ортаны зарарсыздандыру үшiн қолданатын лазерлер шығаратын, сонымен бiрге емдiк және профилактикалық мақсатқа қолданатын УС-ге таралмайды.
57. 1,2 м2-тан артық емес терi бетiнiң (бет, мойын, қол саусақтары) қорғалмаған учаскелерi болғанда, жұмыс сменасының 50%-де сәулелену көзiнiң жалпы ұзақтығында, 5 минут және одан көп бiр реттiк сәулеленудiң ұзақтығында жұмысшыларға УС-дiң мүмкiн интенсивтiлiгi УС-А облысы үшiн метр квадратына 10,0 Ваттан (әрi қарай м2/Вт), ал УС-В облысы үшiн м2-на 0,01 Вт-тан аспауы керек.
58. Терiнiң барлық бетiнiң қорғанысы кезiнде жұмысшылардың сәулеленуiнiң мүмкiн интенсивтiлiгi жұмыс сменасы барысында әсер ету ұзақтығында УС-В; УС-С облысында м2-на 1Вт-тан аспауы керек.
59. Жобаланатын жабық өндiрiстiк бөлмелердiң микроклиматының оптималды және мүмкiн параметрлерiн дұрыс есептеу үшiн метеорологиялық жағдайды сипаттайтын (ауаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылу сәулеленудiң интенсивтiлiгi) көрсеткiштерiн де, энергия шығынының мәлiметтерiн де басшылыққа алу керек.
5. Жұмыс орыны мен еңбек процесiне қойылатын талаптар
60. Жобаланатын еңбек процесiнiң, технологиялық жабдықтардың және жұмыс зонасының өлшемiнiң ерекшелiктерiне байланысты, ыңғайлы жұмыс позасында жұмыс атқаруды жұмыс орыны қамтамасыз етуi керек. Еңбек операциялары қажет ететiн аймақтың шегiнде (аймақ шекарасы жоғары созылған қолдың арақашықтығымен анықталады) орындалуы керек. Жиi пайдаланатын еңбек құралдары мен басқару органдары (1 минутына 1 рет және одан да көп) жұмыс бетiнiң шетiнен 300 миллиметрден (әрi қарай — мм) аспайтын қашықтықта ең қолайлы аймақтың шегiнде орналасуы қажет.
61. Отырып орындалатын жұмысқа арналған жұмыс орыны — көтерiлетiн-бұрылатын орындықпен және рационалды конструкциядағы аяқ тiреуiшiмен, ал еңбектiң сипатына қарай түрегелiп жасалатын жұмысқа тағайындалған жұмыс орыны сүйенiш орындықпен және демалуға арналған орындықпен қамтамасыз етiлуi керек.
62. Жұмыс орнының (профилактикалық тексеру жүргiзу, жөндеу технологиялық жабдықтарды жөндеу және қалпына келтiру кезеңдерiнде) құрылуына және қызмет етуiне ашық алаңдарды, сонымен бiрге жұмысшылардың жұмыс атқару аймағында еркiн қимылдауы үшiн бос аулалар қалдыруды жұмыс орнындағы негiзгi және қосымша құрал-саймандардың технологиялық ұйымдастырылып жабдықталуының орналасуы қамтамасыз етуi керек.
63. Монтаждауға (демонтаждауға), жабдықтармен жұмыс iстеуге және жөндеуге байланысты еңбек операцияларын орындау барысында жұмысшылардың дене тұлғасы мен оның орналасу жағдайына байланысты, жұмыс зонасының төмендегiдей ең кiшi өлшемi (жабдықтардан жұмыс зонасының шекарасына дейiн) метрмен алынады:
1) 15 градусқа дейiн еңкейiп, түрегеп тұру 0,7 (0,6) м;
2) 30 градусқа дейiн еңкейiп түрегеп тұру 0,8 (0,6) м;
3) 60 градусқа дейiн еңкейiп түрегеп тұру 0,9 (0,6) м;
4) 90 градусқа дейiн еңкейiп түрегеп тұру 1,2 (0,9) м;
5) жүресiнен отыру 1,1 (0,8) м;
6) жүрiс жолы өтетiн жер 0,7 м.
Жұмысшылардың қолы немесе тұлғасының бiр бөлiгiнiң жартысы жабдықтың үлкен бөлiгiнде (шығып тұрған элементтерде) қалатын болса, жұмыс аймағының өлшемiн жақша iшiнде көрсетiлген шамаға дейiн кiшiрейтуге болады.
64. Объектiдегi еңбек процесiн жобалау төмендегi жағдайларды қарастыруы керек:
1) еңбектi көп қажет ететiн технологиялық операцияларды механизациялау және автоматизациялау, iс-әрекет түрлерiн алмастыру, өндiрiс операцияларын кезектестiру, еңбек ету мен демалыстың рационалды тәртiбiн енгiзу, кәсiби даярлық деңгейiн жоғарылату;
2) смена барысында адамның динамикалық еңбекке қабiлетiне сәйкес қарапайым еңбек тәсiлдерiнiң қайталану санын шектеу, конвейердiң қозғалу қарқынын өзгерту, ол тұрақты болмаса технологиялық процестiң барысына үздiксiз бақылау ұзақтығына шектеу жасалуы керек.
65. Екi және үш сменалық еңбек тәртiбiнде жұмыс сменасының аяқталуы 24 сағаттан кем болмауы керек. Смена аралығындағы күнделiктi демалудың ұзақтығы жұмыстың ұзақтығынан екi есе көп болуы керек. Төтенше жағдайларда (апатқа ұшырау жұмыстарында) азғантай демалыс (бiрақ 8 сағаттан кем емес) рұқсат етiледi.
66. Мызғып алуға құқылы ұзартылған сменадағы жұмысшыларға ыстық тамақ қабылдауға және ұйықтауға арналған бөлмелер жабдықталуы қажет.
6. Жылуға, вентиляцияға және ауаны кондиционерлеуге
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
67. Бөлменiң көлемiнде зиянды заттардың, жылудың және ылғалдылықтың бiркелкi емес таралуын ескере отырып ауа шығыны есептеумен анықталады. Ауа алмасудың еселiгi бойынша вентиляцияға кететiн ауа шығынын анықтауға болмайды.
68. Бiрнеше зиянды зат бiр мезгiлде жұмысшы зонасына бөлiнетiн болса, жалпы алмасулы вентиляцияға есептелген ауа шығыны ауаның ең көп шығынын қажет ететiн зиянды зат бойынша есептелуi керек.
69. Бiрқатар заттардың организмге бiр бағытта әсер етуi туралы мәлiметтер болғанда, жалпы алмасулы вентиляцияның есептеуiн ауаның ластануын ескере отырып, әрбiр затты жеке-жеке, оның концентрациясының мүмкiндiк шегiне дейiн ерiтуге қажет ауа шығынын қосу жолымен есептеп шығарылуы керек.
70. Өндiрiс бөлмелерiнде табиғи немесе механикалық вентиляцияны жобалағанда, бiр жұмысшыға сыртқы ауаның келуi осы санитарлық ережелердiң 4-шi қосымшасына сәйкес қамтамасыз ету керек.
71. Вентиляция мен ауаны кондиционерлеу жүйелерiнiң қабылдағыш саңылаулары және табиғи ауа келетiн вентиляция арқылы ғимараттар мен имараттардың iшiне түсетiн ауадағы зиянды заттардың концентрациясы жұмыс зонасындағы ауаның деңгейiнiң мүмкiндiк шегiнен 30%-ке аспауы керек.
72. Қауiптiлiк кластары әртүрлi зиянды заттар бөлiнетiн өндiрiстiк немесе көршiлес бөлмелердi бiр ғимаратқа бiрiктiру кезiнде, ең улы зиянды заттарды бөлетiн бөлме үшiн ұйымдастырылған ауа әкелетiн сорғыштың басым болуы қарастырылуы керек.
73. Көп қабатты өндiрiстiк ғимараттардың алаңының төбесiне жабылған монтаждың ойықтары жекеленген баспанамен қамтамасыз етiлуi керек, ал ауа алмасуы әр қабатқа жеке есептеледi.
74. Жылдың салқын мезгiлiнде шығаратын ауаның орнын толтыру үшiн биiктiгi 6 м және одан аласа бөлмелерде сағатына бiр рет ауа алмасудан артық емес көлемiнде, ал биiктiгi 6 м-ден жоғары бөлмелерде — еден алаңының әр 1 м2-на сағатына 6 м3 көлемiнде сыртқы ауаны ұйымдастырмай әкелуге (вентиляцияның терiс дисбалансы) рұқсат етiледi.
75. Көршiлес бөлмелерде жағымсыз иiсi бар заттар болса және жұмыс ауасындағы зиянды заттар концентрациясының деңгейi мүмкiндiк шегiнен 30%-тен аспаса, осы бөлмелерге ұйымдастырылмаған ауаның келуi рұқсат етiледi.
76. Вентиляция, ауаны кондиционерлеу және ауаны жылыту жүйелерiнiң шашыратқыштарындағы температурасы мен ауаны шығару жылдамдығын, осы санитарлық ережелердiң талаптарына сәйкес метеорологиялық жағдай жұмысшы зонасында қамтамасыз ететiндей есеппен анықтау керек.
77. Келетiн ауаны бергенде, бөлменiң таза және аз ластанатын бөлiгiне келетiн ауа, бөлменiң лас аймағынан келмеуiн қарастыру қажет.
78. Зиянды заттарды (газдарды, шаңды, жылуды) бөлетiн көздер технологиялық жабдықтарға бекiтiлген, болмаса бөлу көзiне мейлiнше жақын орналастырылған меншiктi сорғышы бар, жергiлiктi ауа шығаратын вентиляция құралымен жабдықталуы қажет.
79. Бөлмеде бөлiнетiн немесе жергiлiктi сорғышпен шығарылатын зиянды заттардың, жылудың және ылғалдың саны жобаның технологиялық бөлiмiнiң бойынша қабылдануы керек. Қажеттi мәлiметтер болмағанда сәйкес объектiлерде жүргiзiлген табиғи зерттеулердiң нәтижелерi пайдаланылады.
80. Технологиялық жабдықтардан қауiптiлiгi I-шi және II-шi кластағы зиянды заттарды шығаратын жергiлiктi сорғыштар жергiлiктi ауа шығаратын вентиляция жұмыс iстемеген жағдайда, бұл жабдықтан iске қосылмайтындай етiп қоршалуы керек.
81. Егер ауа шығаратын вентиляция жұмыс iстемей қалғанда өндiрiстiк процестi тоқтату мүмкiн болмаса немесе жабдықты (процестi) тоқтатқанда жұмысшы зонасының ауасындағы КМШ-нен асатын концентрациядағы зиянды зат бөлменiң ауасына бөлiнiп жатса, жұмыс тәртiбi автоматты өшiрiлетiн резервтiк вентиляторларымен жергiлiктi сорғыш қарастырылуы керек.
82. Вентиляцияға, ауамен жылытуға және ауаны кондиционерлеуге арналған ауаның рециркуляциясы, ауасында қауiптi концентрацияда ауру қоздырғыш бактериялары, вирустары немесе саңырауқұлақтары бар бөлмелерге, сонымен қатар жағымсыз иiсi бар немесе қауiптiлiгi I-шi және II-шi кластағы зиянды заттары бар бөлмелерге қарастыруға рұқсат етiлмейдi.
83. Қауiптiлiгi III-шi және IV-шi кластағы бiр зиянды заттан артық бөлмейтiн бөлмелерге ауаның рециркуляциясы рұқсат етiлмейдi.
84. Технологиялық жабдықтардың қыздырылған беттерiмен және ауамен жылытудың ауа қыздырғыштарымен жанасуы кезiнде, жанғыш зиянды заттарды бөлмейтiн болса ғана, вентиляциямен қатар қолданылған ауамен жылытудағы рециркуляцияны қарастыруға болады.
85. Жылытудың, вентиляцияның және ауаны кондиционирлеудiң қондырғылары тұрақты жұмыс орындары мен жұмыс атқарылатын зонаның қосалқы бөлмелерiнде деңгейiнiң мүмкiндiк шегiнен асатын шу және дiрiл шығармауы керек.
86. Ғимараттар мен имараттарды жылыту үшiн зиянды факторларды және жағымсыз иiстердi шығармайтын жүйелер, приборлар және жылу апарғыштары қарастырылуы керек.
87. Шаң бөлетiн өндiрiстiк бөлмелердегi қыздырғыш приборлар жеңiл тазаланатын, бетi тегiс болуы керек. Сыртындағы газды қыздырғыштардан тiкелей жану өнiмдерiн шығарғанда ғана инфрақызыл газды сәулеленетiн жылуды қарастыруға рұқсат етiледi.
88. Қыздырғыш элементтерiнiң құрылыс конструкцияларына жапсырылған сулы жылыту жүйелерiнiң және тұрақтың жылытатын бетiндегi орташа температурасы тұрақты жұмыс орнындағы еден үшiн плюс 260С-тан; кiсiлер уақытша болатын еденнен плюс 30С-тан; төбелер үшiн: бөлменiң биiктiгi 2,5-нан 2,8-ге дейiн болса плюс 280С-тан; 2,8-ден 3,0-ге дейiн болса плюс 300С-тан; 3,0-тен 3,5-ға дейiн болса плюс 330С-тан; 3,5-нан 4,0-ке дейiн болса плюс 360С-тан; 4,0-тен 6,0-ға дейiн болса плюс 380С-тан аспауы керек.
89. Жылу көздерiнiң температурасы төмен жылыту жүйелерiндегi радиациялық кедергi еденнен 1,5-2,0 м биiктiктегi жұмыс орнында метр квадратына (әрi қарай — м2) 35 Вт-тан (сағатына 27 ккал/м2-тан) аспауы керек.
90. Жылуды бөлетiн жабдықтар вентиляция жолының мүмкiндiгiн ескере отырып орналасуы керек. Бөлменiң көлемiне келетiн аэрациялық ауа ағысының таралуы үшiн, жабдықтар арасындағы қашықтық ағыстың бағыты бойынша, оның өлшемiнен көп болуы керек.
91. Жоғары жылу бөлетiн цехтар мен учаскелердi табиғи вентиляциямен (аэрациямен) жабдықтағанда, шатырда дистанциядан басқарылатын механизацияланған фрамугамен жабдықталған тұтанбайтын шахталар немесе аэрациялық күн тартарлар қарастырылуы керек. Табиғи вентиляция кезiнде желденетiн бөлмелерге ауаның келуi жылдың жылы мезгiлiнде еденнен 1,8 м-ден артық емес, ал жылдың суық мезгiлiнде вентиляциялық ойықтың түбiне дейiн 4 м-ден төмен емес деңгейде қарастыру керек. Осы мақсатпен жобаның құрылыс бөлiмiнде көрсетiлген деңгейлерге ауа беретiн терезеде ашылатын ойықтар, аэрациялық қақпалар, көтерiлетiн қозғалтқыш қабырғалар қарастырылуы керек. Ашылатын ойықтардың алаңы терезенiң жалпы алаңынан 20%-тен кем болмауы керек.
92. Шаңды және жеңiл конденсацияланатын буларды, сонымен қатар араластырған кезде зиянды немесе өрт қауiптi қоспалар шығаратын немесе көрсетiлген қасиеттермен жаңа химиялық қосылыстар түзе алатын заттарды жергiлiктi сорғыштың жалпы шығаратын қондырғысына бiрiктiруге болмайды. Жергiлiктi сорғыштың мұндай жүйелерiн жалпыалмасулы ауа шығаратын вентиляцияның жүйелерiмен бiрiктiруге рұқсат етiлмейдi.
93. Егер де, зиянды заттардың мөлшерi жұмысшы зонасындағы КМШ-нен аспайтын, ал микроклиматтың параметрлерi нормаланатын көрсеткiштерге сәйкес келетiн болса, онда қозғалатын крандардың кабиналарында қоршаған өндiрiстiк бөлменiң ауасын қосымша өңдеусiз қолдануға рұқсат етiледi. Қайшы болған жағдайда, крандардың кабинасын кондиционерлермен жабдықтау керек.
94. Мүмкiндiк концентрациясынан 30%-ке асатын Сыртқы және рециркуляциялық ауаның шаңдануы кезiнде немесе ол өндiрiстiң технологиясы бойынша қажет болса, кондиционерлеу жүйелерiнде; ауа душында ауаны тазарту; жұмысшылардың демалу зонасына (басты немесе беттi қорғайтын шлемдерге, маскiлерге, қалқандарға) тiкелей ауаны беру қарастырылуы керек.
95. Ауаны әкелетiн және шығаратын қондырғылары бар табиғи желдетусiз өндiрiстiк бөлмелердiң жалпы алмасулы вентиляция жүйесi ауаны шығаратын жүйенiң резервтiк вентиляторымен жобалануы керек. Ашылатын ойықтар арқылы талап етiлетiн ауа алмасудың 50%-тей түсетiн көршiлес бөлмелермен бiрiктiрiлген көрсетiлген бөлмелер үшiн резервтiк вентиляторды жобалауға рұқсат етiлмейдi.
96. Бөлмелердегi, сонымен бiрге табиғи желдетусiз бөлмелердегi жыл бойына және тәулiк бойына жұмысқа тағайындалған кондиционерлеу жүйелерi жылдың суық мезгiлiнде берiлген температу


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий