Ұялы телефонды қалай пайдалану керек?



ДНК-дағы өзгерістер, нерв клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда
Ұялы телефон станциялары денсаулыққа қауіп төндіргендіктен, мектептердің ауласы, бала бақшасы, ауруханалар, саябақтар секілді қариялар, балалар мен науқастар көп болатын мекендерге құрылмауы керек».
-Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесу керек. Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болу керек, жақын жерде тұрақты телефон болса соны қолдану керек.
-Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек.
-Аяғы жүкті әйелдер ұялы телефон қолданбауы керек, үйде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет.
-Әсіресе нерв жүйелеріне әсер ететіндіктен балалардың ұялы телефон қолдану жастары кешіктірілуі керек. /18 жастан бұрын қолдану ұсынылмайды./
-Ұялы телефон құлаққап арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша ұялы телефорнның мидан алыс болуы қамдалуы керек.
-Телефонның сөйлесуден басқа ерекшеліктерін қолданудан қашқақтау керек.
-Ұялы телефон арқылы қысқа сөйлесу әдетке айналу керек, қысқаша мағлұмат берілетін кезде SMS қолданылуы керек, ұзын мерзімді сөйлесуді насихаттайтын кампанияларға кедергі жасалуы қажет.
-Ұялы телефондар ең көп радиация таратқан кез – телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін жихазды құлаққа жақындату ең сенімдісі.
-Қарапайым телефон, яғни кабельді телефон болса сонымен сөйлесу керек, осындай телефон болған кезде ұялы телефон жабық тасталуы керек.
-Топтық тасымал көліктерінде электрондық хабарласу жүйелері болымсыз әсер етеді. Сондықтан жол апатынан аулақ болу үшін көліктерде ұялфы телефон жабық ұсталуы қажет.
-Телефон сатып алған кезде SAR көрсеткіші барлары таңдалуы керек. Өндірушілер телефондардың SAR көрсеткішін қорабының үстіне жазу тақырыбында мәжбүр болуы керек. Қолданушылар жихаз таңдауда саналы болуы қажет. SAR көрсеткіші 0,1 W/kg және одан да төмендері таңдалуы керек.
-Көлік жүргізіп отырған кезде телефон қолданбау қажет. Жедел түрде сөйлесу керек кездерде де көлік сенімді жерге тоқтатылып, сөйлесу керек.
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ
Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.
Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Ал біздің қазекемдер, жасыратыны жоқ, осынау алақанға сиып кететін қалтафонды есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа беріп қояды. Оны ұстаған бала алдымен аузына салады, жалайды. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да баршылық қой. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек.
Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтафонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны сабақ үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне “хат” жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.
Қалта телефонының және бір еліктіргіш тұсы – ұялы агент. Онымен қазір бәрі шұғылданады. Бұл агентке компьютермен де, кішкентай телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе, шыға алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің барлық адамымен танысуға болады. Осы турасында танысымнан естігенімдей, бір сыныпта 26 оқушы болса, оның 12-сі сабақтың үстінде агентте отырады екен. Сондағы бар жазатындары – бір-бірімен танысу. Мұғалім 45 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп әлек болып жатса, оқушы бала партаның астынан ұялы телефон арқылы агентте отырады. Бірақ оны мұғалімдер көрмейді әрі сезбейді. Міне, көрдіңіз бе, титімдей телефонның қаншама нәрсеге залалын тигізіп отырғанын.
Байғұс ата-ана бар жиған-тергенін баласының аузына тосып, одан қалса телефонды несиеге әпереді. Онымен қоймай, ай сайын ішіне ақшасын да салып отырады. Сонда бұл кімге пайда, кімге зиян? Біздіңше, баршылыққа салынып, жас баланы қымбат заттарға әуес етпеу керек. Біріншіден, ол баланың мінезін өзгертеді, екіншіден, сабақтан қалдырады, үшіншіден, менмендікке әкеледі.
Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған мәлімдемеде былай делінген «Еуропада жүргізілген зерттеулер ең аз дегенде он жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті». Мәлімдемеде ұялы телефон және оның станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды.
Анкара дәрігерлер палатасы мәлімдемесінде ұялы телефондар мен олардың станцияларының адам денсаулығына әсерінің кабельсіз байланыс жүйелері құрылғалы бері талас болып келе жатқанына назар аударылды. Ұялы телефон және станцияларының бір-бірімен байланыста әуеден радио сигналдары жолдап, жұмыс істегені айтылған мәлімдемеде «Алайда әуе кеңістігіндегі сигналдардың бөлінуі үшін қала орталығы секілді көп адам бар жерлерде төмен деңгейлі сигнал станциясы құрылуы керек. Байланыс әуе жолы арқылы болғандықтан сигнал төңірекке тарайды және жандыларға міндетті түрде әсер етеді» деп жазылды.
Мәлімдемеде сондай-ақ былай делінді: «5 Еуропа елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, нерв клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда
Ұялы телефон станциялары денсаулыққа қауіп төндіргендіктен, мектептердің ауласы, бала бақшасы, ауруханалар, саябақтар секілді қариялар, балалар мен науқастар көп болатын мекендерге құрылмауы керек».
Аталмыш мәлімдемеде ұялы телефон қолданған кезде ұмытылмауы керек ұсыныстарға орын берілді:
-Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесу керек. Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болу керек, жақын жерде тұрақты телефон болса соны қолдану керек.
-Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек.
-Аяғы жүкті әйелдер ұялы телефон қолданбауы керек, үйде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет.
-Әсіресе нерв жүйелеріне әсер ететіндіктен балалардың ұялы телефон қолдану жастары кешіктірілуі керек. /18 жастан бұрын қолдану ұсынылмайды./
-Ұялы телефон құлаққап арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша ұялы телефорнның мидан алыс болуы қамдалуы керек.
-Телефонның сөйлесуден басқа ерекшеліктерін қолданудан қашқақтау керек.
-Ұялы телефон арқылы қысқа сөйлесу әдетке айналу керек, қысқаша мағлұмат берілетін кезде SMS қолданылуы керек, ұзын мерзімді сөйлесуді насихаттайтын кампанияларға кедергі жасалуы қажет.
-Ұялы телефондар ең көп радиация таратқан кез – телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін жихазды құлаққа жақындату ең сенімдісі.
-Қарапайым телефон, яғни кабельді телефон болса сонымен сөйлесу керек, осындай телефон болған кезде ұялы телефон жабық тасталуы керек.
-Топтық тасымал көліктерінде электрондық хабарласу жүйелері болымсыз әсер етеді. Сондықтан жол апатынан аулақ болу үшін көліктерде ұялфы телефон жабық ұсталуы қажет.
-Телефон сатып алған кезде SAR көрсеткіші барлары таңдалуы керек. Өндірушілер телефондардың SAR көрсеткішін қорабының үстіне жазу тақырыбында мәжбүр болуы керек. Қолданушылар жихаз таңдауда саналы болуы қажет. SAR көрсеткіші 0,1 W/kg және одан да төмендері таңдалуы керек.
-Көлік жүргізіп отырған кезде телефон қолданбау қажет. Жедел түрде сөйлесу керек кездерде де көлік сенімді жерге тоқтатылып, сөйлесу керек.


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий