Халықтың сел, қар көшкіні, сырғыма мен опарылма пайда болу кезіндегі іс-әрекеті



Қазақстанда таулы жерлер және тау бөктерінің аумағы селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды. Олар республика аумағының 13,3% немесе 360000 ш.м. ауданын алып жатыр. Мұнда үлкен ауылшаруашылық жайылымдары, көптеген шаруашылық объектілері мен коммуникация желілері, сондай-ақ халқының жалпы саны 5 миллионға жуық Алматы, Шымкент, Тараз сияқты ірі қалалар мен бірқатар басқа да елді мекендер орналасқан.
Сел – тау өзенінің арналарында 3-5 м/с жылдамдықпен биіктігі 10-20 м дейін (кейбір жағдайларда 40-50 м дейін) жекелеген толқындармен қозғалатын, су мен үгілген материалдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін тау тасқыны, ол салмағы 300 тонна үлкен тастың өзін оңай дөңгелетіп әкетеді.
Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздақтың тез еруінен, биік таудағы өзендерді бұзып шығуынан пайда болады. Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.
Селдердің қуаты мен қиратушылығы бойынша Қазақстан ТМД–да алғашқы орындардың бірін алады. Республикада 300-ден астам белсенді сел бассейіндері бар. Онда әртүрлі сипаттағы 600 астам сел белгілері тіркелген. Сел көбінесе қатты нөсерден пайда болады – 80% шамасы, мұздақтардың еруінен болған сел оқиғалары – 15% жуық, қар тез еріген және жер сілкінісі кезінде сел сирек пайда болады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай – ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар болып табылады.
Жылдың жылы мерзімінде (мамыр-қыркүйек) Қазақстанның таулы аудандарында сел пайда болады.

Сел қаупінің белгілері:
— сел қаупі күшті аудандарда қатты нөсердің ұзақ жаууы;
— биіктегі сел қаупі бар өзендерде ауа температурасының күрт көтерілуі, бұл морендік өзендердің суға толып, арнасын бұзып шығуын тудырады;
— өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе оның жоғарғы жағында өзен бөгеті бұзылуын көрсететін шұңқырдың пайда болуы;
-өзен бөгетінің бұзылуына алып келетін жер сілкінісі.

Сел тасқынының тікелей және жақын қаупінің белгілері:
— морендік-мұздақ кешендегі судың толғандығын айғақтайтын сел қаупі бар арнадағы ағынның тоқтауы немесе күрт бәсеңдеуі;
— биіктегі сел қаупі бар арнадан күшті гуілдің естілуі;
— сел айдаған тастың соққысынан топырақтың дірілдеуі;
— сел толқындарының соққысынан шаңдақ бұлттың пайда болуы;
— судың қатты лайлануын сипаттайтын сел алдындағы тасқынның пайда болуы;

Сел қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары:
1. Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз.
2. Сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз.
3. Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз.
4.Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опарылма түсуі мумкін.
5. Сел араларымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-30 м болға тиіс.
6. Сел қаупі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.
7. Сел тасқынының белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп тау беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз.
8. Сел тасқыны өткеннен кейін селдік арнаға түспеңіз, өйткені ол қайталануы мүмкін.
9. Арнаға төмен түскен кезде және онымен жүрген кезде әсіресе ой-шұңқырдан аса сақ болыңыз.
10. Морендік – мұздақтық кешенде және оның бойымен сел тасқыны қаупі болмайтын немесе өте сирек болатын кезеңде, ең жақсысы, ауа температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады.
11. Үйінділер бейберекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар көшкінінен пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан жүрмеңіз.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Көп жағдайда халық сел қаупі туралы ондаған минут бұрын, кей жағдайда 1-2 сағат бұрын естуі мүмкін. Осындай тасқынның жақындауын дөңгеленіп және бір-біріне соқтығысып үлкен жылдамдықпен келе жатқан гүрілден естуге болады.
Сейсмоқауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерді ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ кранын жауып, жарықты өшіріп, электрприборларын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.
Сел қаупі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ немесе арқан болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның ішіне біртіндеп жақындай отыра тасқынның бағыты бойынша шығару керек.
Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-Шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында.
Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60º–пен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын-шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 м/c дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.
Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшуіні болып табылады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.

Көшкін қаупінің белгілері:
1. Көшкін апаттарының деректері адамдардың қаза болуына алып келетін лықсулардың көпшілігінің адамдардың кінәсінен болатындығын көрсетіп отыр. Автомобиль жолымен немесе жаяу соқпақпен келе жатқан адамдардың көшкіннің астында қалуы өте сирек. Көшкіннің лықсуы оның қозғалысының үлкен жылдамдығынан бірнеше секундпен өлшенеді. Мұндай жағдайда адамның қауіпсіз орынға жету мүмкіндігі жоқ. Бұдан шығатын қорытынды — қарлы тік жартасқа шықпаңыз, тек жолмен және тапталған сүрлеумен жүріңіз.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының таудағы жағдай туралы хабарларын үнемі қадағалаңыз, Қазгидрометтің көшкінұстау станцияларының мамандарымен кеңесіңіз.
3. Қалың қар жауғаннан кейін 2-3 күн бойында тауға шықпаңыз.
4. Қар қалың жауып, бұрқасын болғаннан кейін тік жартастардың қиылысын айналып өтіңіз, сондай-ақ олардың ирек тұстары мен қардың еруімен жүруге болмайды. Мұндай жағдайда тек су ағатын жиектің бойымен ғана көтеріліп, төмен түскен жөн. Егер аяқ астынан қардың отыруынан сықыр естілсе қозғалысты бірден тоқтатыңыз. Бұта, қалың орман өскен ірі тастар жатқан беткейлер қауіпсіздеу.
5. Қар суланып, беткейлерден оңай сырғитын көктем кезінде түстен кейін аса сақ болыңыз. Күн жылып қар еріген кезде (наурыз-сәуір) тауға шығудан немесе көшкіндер жасанды жолмен түсіріліп жатқан аудандарда демалудан бас тартыңыз.
6. Қозғалыс кезінде тәулік уақытын ескерген жөн. Көктемде көшкін қауіпі қар суланып беткейден оңай сырғитын мезгіл тал түсте байқалады.
7. Тауда төңірек жақсы көрінетін кезде жүріңіз. Тұман әрдайым көшкін қаупін күшейтеді.
8. Көшкін қаупі бар жерлерден өткен уақытта айқайлап шуламаңыз.
9. Көшкін қаупі бар жерлерден бір-бірлеп өтіңіз.
10. Қарлы беткеймен көтерілген кезде айналсоқтамай тік жүріңіз.
11. Қар жапқан тік таулы беткейге жақын жерде демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз. Түнейтін жерді дұрыс анықтау аса маңызды. Мұнда жазықтың екі жағындағы беткейдің қар көшкіні қаупі ескерілуге тиіс. Бағытты жоспарлағанда қауіпті учаскілер кездескен жағдайдағы қосымша нұсқаны міндетті түрде межелеген жөн. Сөйтіп жорықты тоқтатпай және өзіңізді төтенше қауіпке ұшыратпай басқа қауіпсіздеу жолмен жүрген дұрыс.
12. Қар көшкіні лықсыған кезде оның ықтимал жолынан кетіп жер бедерінің, жартастың бұрышын паналаңыз.
13. Тауға еш уақытта жалғыз бармаңыз. Топпен жүрген кезде қауіпке бірден ұшырамайтындай болып жүрген жөн.
Осы тәртіптерді сақтамау көп жағдайда қайғылы оқиғаларға алып келеді.

Қар көшкініне тап болған кездегі өзін-өзі құтқару әдістері:
— көшкін сырғыған жағдайда жүктерді лақтырып тастап бірінші кезекте мұзұрғыштан, қапшықтан, шаңғы мен таяқтан босаныңыз;
— көшкіннің шетіне шығуға талпынып, негізгі қар массасын өзіңізден өткізіп жіберіңіз;
— шаң тәріздес көшкінге тап болған жағдайда (құрғақ қар) одан тұншығып қалмау үшін ауыз бен мұрынды бас киіммен немесе бөкебаймен жабу керек;
— қолдан келген барлық әдіспен (аяқ-қолды қозғалта) үстіңгі бетте қалуға тырысыңыз.
Егер көшкін басыңыздан жоғары басып қалса, ол тоқтағанға дейін тізені ішке бүгіп басты қозғалту арқылы демалу үшін беттің төңірегінен үлкен кеңістік жасауға тырысыңыз; көшкін тоқтағаннан кейін төменгі жақ пен үстіңгі беттің қайда екендігін анықтап, қолмен ауыздың төңірегіндегі кеңістікті кеңейтіп, сілекейді түкіріп тастаңыз; көшкін кезінде айқайлау пайдасыз, бұл тек күш пен ауа қорын шығын қылады, егер құтқарушылардың қадамы естілсе ғана айқайлауға болады. Сабырлық сақтап ұйқымен күресіңіз. Тыныс алу үшін қажетті ауаның қар арасынан өтетіндігін есте сақтаңыз. Көшкін астынан 11 күннен соң адамдар тірі табылған оқиғалар да белгілі. Алайда көшкін басқан адамның бетінің айналасынан тыныс алу кезінде су буының жиналу нәтижесінде герметикалық мұз қыртысы пайда болады. Сондықтан зардап шегушіні қар астынан мүмкіндігінше жылдам шығарып алуға тырысу қажет.
Көшкін қаупі кезінде тауда қалған туристерге мынадай көрнекі болжамдық белгілерді естерінде сақтау пайдалы, олар пайда болған сәтте тез қауіпсіздік шараларын қабылдаған жөн:
— іле Алатауының ортатаулық белдігіндегі күзгі-қысқы кезеңдегі қар көшкіннің лықсуы беткейдегі ескі қар биіктігінің 30-40 см деңгейінде басталады. Бұл жағдайда көшкіннің лықсуы үшін 20-25 см жаңа жауған қар, ал аязды күні өте жеңіл үлпілдек қар жауса, онда 10-15 см жеткілікті;
— қатты қар жауған кездегі жаппай көшкіннің пайда болуы қарашаның өзінде болуы мүмкін;
— қар жиі жауған кездегі ( сағатына 3 см) қар көшкінінің қауіпті ахуалы 3-4 сағаттан кейін тууы мүмкін, сондықтан бұл уақытты қауіпті аймақтан шығу үшін пайдалану керек;
— қысқы-көктемгі кезеңде үстіңгі бетте қар жамылғысы жоқ жағдайда теңіз деңгейінен 1800 м жоғары аймақтағы алғашқы ылғалды көшкін жылынғаннан бастап 18-24 сағаттан кейін лықси бастайды;
— егер жылы күні жауын-шашын түсе бастаса қауіпсіз аймаққа тез шығуы қажет.
— төзімді (адам салмағын көтеретін) және қуатты (20 см жуық) мұз қыртысы (қар бетіндегі қатқан түйіршік) тек таңертеңгі сағаттарда сенімді бола алады, ал онымен жүрген кезде (қажетті жағдайда) жүрушілер тобында үлкен арақашықтықты сақтай отыра қозғалу қажет.
— егер аз жауған қар жаяу бұрқасынға ұласса, онда 4-6 сағаттан соң дауылды көшкін болуы мүмкін, ал желдің жылдамдығы 15 м/c болса 2-4 сағаттан кейін болуы мүмкін.

Қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру және көшіру.
Тауда болған кез келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, барша жұрт сақтауға тиіс сақтандыру шараларын білуге міндетті.
Қазақстанда адамдар көшкіндерге тек, егер олар қыстың суық мезгілінде тауда болса ғана тап болуы мүмкін. Ал шыңдар мен асуларға шығатын альпинистер мен туристер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуесқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25%-іне жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қаупі бар беткейлерден ебедейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.
Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкіннің ықтимал лықсуын алдын-ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тігірек беткейлер қауіпті болып табылады, солай болса да көшкіннің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, әрбір қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады.
Іле Алатауына қыста барушыларға мынадай ақыл-кеңесті ұсынуға болады:
— қысқы жорық пен өрмелеу үшін желтоқсан-ақпан айлары аса қауіпсіз мерзім болып табылады, бұл уақытта жауын-шашын аз, қар жамылғысының биіктігі аласалау. Жаяу соқпақ пен автожолдар өтетін жазыққа дейін жететін үлкен көлемдегі көшкін лықсуы сирек байқалады;
— 1600-3500м аймағындағы алапатты көшкін белсенділігі наурыз-сәуірде байқалады, ол жылдың салқын мерзіміндегі жауын-шашынның көптігіне байланысты. Қар қалың жауатын жылдың осы мезгілінде жалпы тауға шығуға болмайды;
— 3500 м биіктікте орналасқан аймақтағы ең жоғарғы көшкін белсенділігі жылдың жылы мерзімінде болады (мамыр-шілде). Жорық пен өрмелеу үшін аса қолайлы уақыт тамыз-қыркүйек. Бұл айларда тіпті 4000 метр биіктіктегі қар жамылғысының өзі елеусіз;
— тау шаңғышыларының жаттығулары мен жарыстары қарашаның аяғына – желтоқсанның басына белгіленеді және сәуірдің ортасына дейін сақталады, бұл үшін 2000-3000 м аймағындағы қар жамылғысы жеткілікті.

Көшкін қаупі кезінде тауға шығу қажет жағдайда кезек күттірмейтін жұмыс үшін, атап айтқанда құтқару жұмысы үшін тік жартастан, оның биік бөлігінен немесе жартасқа жақын тар жерден өту қажет. Бұл беткейде шамалы сілкінтеді. Одан сақтандыру арқанының, шаңғының бүкіл ұзындығын пайдаланып отыра, бір-бірлеп өтіп, шаңғы таяғынан немесе мұз ұрғыштың ілегінен бос ұстау керек. Топтың жекелеген мүшелері арасындағы арақашықтық кемінде 20-30 м болуға тиіс. Топтың барлық мүшелері ұзындығы 20-30 м ашық боялған көшкін бауын белдеріне таңып, негізгі арқанға екі-екіден байлаулы болуы керек. Егер көшкін аяқ астынан лықситын болса, оған бүкіл топ тап болмайды және сонымен қатар құлаған уақытта қандайда бір кедергіге ілуге болады. Арқан тарту құлаған кезде зардап шегушіге қардың бетінде қалуға үлкен мүмкіндік береді.
Топ мүшелерінің бірі қауіпті жерде қалған кезде қалғандары оны мұқият қадағалауға және қажет жағдайда айқайлап ескертуге тиіс.

Қар көшкіні басып қалған адамды іздеу кезіндегі қажетті іс-әрекет:
1. Көшкіннің қайталану қаупінің жоқтығына көз жеткізу. Бір адамды беткейдің үстіңгі бөлігін қарау үшін қалдыру, көшкіндегі жолдасының жоғалу нүктесінен тез белгілеу.
2. Зардап шегушіні табу немесе іздеу үшін бағдар беруі мүмкін қандай да бір затты табу үмітімен осы нүктеден төмен көшкін конусын мұқият қарау. Көмілген адамның, әдетте, жоғалу нүктесі мен оның жарықтарының аса жеңіл заттары жатқан жердің арасында болатындығын есте ұстау керек.
3. Көшкін бауын немесе сақтандыру арқанын тапқан кезде зардап шегушіні табу қиынға соқпайды. Ең бірінші кезекте қардан оның басын босатып, содан кейін ғана алғашқы дәрігерлік көмек көрсету қажет.
4. Егер зардап шегушіні өз күштеріңізбен табу мүмкіндігі болмаса, құтқару отрядын шақыру қажет. Оған қатысушылар күрделі ауа райы жағдайындағы ұзақ жұмысқа әрдайым дайын болуға тиіс.
5. Егер бақытсыздықтың тікелей куәгері жоқ болса, зардап шегушінің жатқан жерін тау бедерінің нысанына, көшкін түріне, оның сырғу бағытына қарай анықтайды. Тік құлама беткейде бірінші кезекте жайпақ учаскелерде көшкін жылдамдығы баяулайтындықтан қашатты тексереді және онда қар көп қалады. Егер көшкін жолында жекелеген ағаш, жартастың ұшы, жол кездессе, зардап шегушіге осы кедергілерге аялдауға болады.
6. Қозғалыс жылдамдығы 160 км/с асатын құрғақ үлпілдек қар көшкініне тап болған адамды шетке лақтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда көшкін конусы алдындағы едәуір кеңістікті қарау қажет.
7. Аймақты анықтағаннан кейін бағдарлауға көшеді. Көшкін бұрғысы серпілмелі металл шеңберінен тұратын бірнеше бұралмалы секциядан тұрады.
8. Құтқарушылар бір-бірімен аралық сақтап беткейге қарсы тұрып, бұрғыны қарға 3 м тереңдікке енгізеді. Содан соң беткейдің үстімен 10 см жоғары көтеріліп оны бағыт бойынша іздеуді қайта жалғастырады. Зардап шегушіні осындай әдіспен жылдам табу ықтималдығы -70%.
9. Екі мәрте сәтсіз бағдарлаудан кетіп әрбір 25 см арқылы мұқият тексеруге кіріседі. Бұл кезде құтқарушылардың аралығы 30 см болуға тиіс. Егер бұрғы қардың қалыңдығынан топыраққа жетпесе, бойлама траншея қазу қажет.
10. Іздеу жұмыстары зардап шегуші табылғанға дейін жүргізіледі. Жатқан жерін анықтаған бойда қазу басталады. Әуелі жылдам қазуға болады, кейін күрекпен денені жарақаттамау үшін сақтық жасағаны дұрыс.

Құтқарушылардың іс-әрекеті:
— зардап шегушіні қазып алғаннан кейін оның бетінің алдында бос кеңістіктің бар-жоғын немесе бетіне қардың қатып қалмағанын анықтау қажет. Екінші жағдайда тірі қалу мүмкіндігі аз;
— бірден жүректің соғысы мен құрсақтың қысылу дәрежесін (егер ол жылы және жұмсақ болса, оның өмір сақтап қалу мүмкіндігі бар)тексеру керек;
— ауыз бен мұрындағы қарды кетіріп «ауызға ауыз» немесе «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасау қажет;
— бір уақытта зардап шегушіні ұйықтау қапшығына салып, қыздырғыш қойып (ыстық су құйылған ыдыс) жылыту керек;
— егер адам есін жиса, оған қантты шай немесе кофе берген жөн. Спирт ішімдігін беруге болмайды!

Есіңізде болсын!
Зардап шегушіні жүрек соғысы мен тыныс алуы
қалыпқа түскеннен кейін ғана әкетуге болады.

Үгінділер мен опырылмалар

Үгінділер – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы.
Опырылма – тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.
Үгінділер мен опырылмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері: жерүсті және жерасты сулары мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Аса ірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырылмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.
Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы қопарылмалы құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскілерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи геоморфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйшігін салу, су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суармалы сумен ылғалданады. Опырылмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады.

Сырғымалар мен опырылмалар қаупінің белгілері:
— топырақтың ылғалдануына алып келетін нөсер жаңбырдың жаууы, қар жамылғысының үздіксіз еруі;
— жарықшақтары, бұрын болған қопарылмалардың іздері бар борпылдақ жыныспен жамылған таулы тік жартас;
— тас кесектері құлайтын, жарықшақтары бар, жыныстарын жел кеулеген таулы тік жартас.

Қопарылмалар мен үгінділер аудандарында болған кездегі сақтық шаралары:
1. Таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарын ұдайы қадағалау.
2. Құлау белгілері мен жарықшақтары бар еңіс жартас пен тік беткейлердің жанына тоқтамаңыз.
3. Қопарылмалар мен үгінділер пайда болған үгінділердің шетіне жақындамаңыз.
4. Қауіпті учаскіден бір-бірден, тез және шусыз өтіңіз.
5. Тас құлаған кезде қабырғаға жабысыңыз немесе басыңызды қапшықпен жауып, шығып тұрған жартас ұшының астына жасырыныңыз.

ХАЛЫҚТЫҢ ДАУЫЛ, ҚАРЛЫ БОРАН, ҚАР БАСУ, ШАҢДАҚ ДАУЫЛ, ЖӘНЕ НАЙЗАҒАЙ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІ

Дауыл – жойқын күші бар және едәуір созылатын, 300 м/с (108 км/c) жылдамдықпен соғатын жел.
Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді.
Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, мал қырылып, материалдық залал келтіреді.
Жылдамдығы 40 м/сек күшті дауыл 1998 жылдың 18 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында болды. Байланыс пен электрберу желілері үзіліп, үйдің шатырларын ұшырып әкетті. 11 ауданның үстінен өткен бұл дауыл 360 млн. теңгеге залал келтірді. Екі адам қаза болды.
Жалаңашкөл метеостанциясының ауданында (Алматы облысы) 1958 жылғы 28 қаңтарында дауыл кезінде соққан желдің жылдамдығы 22 м/сек.
Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шарасы ретінде таянған қауіп туралы халыққа хабарлаудың жақсы ұйымдастырылған жүйесімен қатар дауылдарды қауіптілік деңгейі бойынша аудандастыру болып табылады. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тыйым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс.
Дауылдың жақындағаны туралы хабарды алған бойда мыналарды істеу қажет:
1. Панахананы, жертөлені әзірлеу;
2. Есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу;
3. Есік пен терезенің жел соғатын жағын ашық қалдыру, ғимараттың ішкі қысымының тепе-теңдігін сақтау үшін, оны сол қалпында бекіту;
4. Төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар заттарды алу;
5. Ауладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу;
6. Газды, электр энергиясын ажырату, суды жабу, пешті сөндіру және арнаулы органға бару;
7. Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну;
8. Ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау.

Халықтың дауыл кезіндегі іс-әрекеті:
— бұқаралық ақпарат құралдарын ұдайы тыңдау;
— ғимарат ішінде ұшқан шыны сынықтарынан сақтанған жөн;
— жел баяулағаннан кейін панаханадан шығуға мүлдем тыйым салынады;
— далада қалған кезде ең жақын шұңқырды іздеу немесе жерде етпетінен жату керек;
— орманда болған кезде ең жақсысы ашық орынға шығу;
— нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электрберу желілерінің тіректеріне жақындамаңыз;
— дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығыңыз.

Дауылдан кейінгі негізгі жұмыс түрлері:
— зардап шеккендерді іздеу және жаралыларды ғимарат үйінділерін шығару;
— жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардағы адамдарды құтқару;
— зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу;
— шыққан өртті сөндіру;
— өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық-энергетикалық желілердегі аварияларды жою.

Бұрқасындар мен қарлы борандар
Қазақ даласының долы желдері қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады. Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, бұл аумақтағы қар жамылғысының су ресурстарына әртүрлі таралуына және топырақтың әртүрлі деңгейінде тоңазуына алып келеді. Сонымен қатар бұрқасындар авиацианың, темір жол және басқа көліктердің қалыпты жұмысын тоқтататын биік күрттік қардың пайда болуына ықпал етеді. Қатты боран телеграф және телефон байланысының бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеліп соқтырады. Халықты таяуда болатын төменгі температурадағы қарлы боран туралы өз уақытында құлақтандырғанына қарамастан 1995 жылғы желтоқсанның аяғында Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында 100-ге жуық адам қаза болды.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қыста орташа 50-60 күн бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының Жалғыз төбе ауданында бұрқасын күндер саны айына 27-ге дейін жетеді.
Ықтимал бұрқасын мен қарлы боран туралы хабар алған бойда сыртқа шығуды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен өңдеу үшін ғимаратты қынтап, азық-түлік пен судың артық қорын жинау керек. Ауылды жерде малдың қажетті жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек.
Машиналарды жолға аса шұғыл жағдайда ғана шығарып, оларды сырғанатпайтын шынжырмен, азық-түлікпен күйдіргіш шаммен және жылы киіммен қамтамасыз ету қажет.
Дауылды жел бұрқасын, қарлы боран кезіндегі барлық жұмыс ұжымдасқан түрде орындалады. Әрбір жұмысшы бір-біріне көмекке келу үшін көз көретін жерде болуға тиіс. Бұрқасын кезінде нақты көрінген нысаналар: телефон желісі, орман, жол бойымен ғана жүру керек.
Егер бұрқасынға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық түсті матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып тастау керек. Машина капотын жерге қарай бұрып тынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаңыз. Машинаны қар басып қалу қауіпі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.
Егер жылынғыңыз келсе далаға шығып, түтін трубасын ауаға шықпайтындай етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (бір ұшын автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптен кездеседі.
Қар басу бірнеше тәулік бойы жауатын қалың қардың әсерінен пайда болады. Соның салдарынан тіршіліктің қалыпты арнасы бұзылады, кейде адам құрбандықтарына, малдың қырылуына және материалдық құндықтарының жойылуына алып келеді.
1970-1987 жылдары (18 қыс) Қазақстан аумағында 600 күшті қар басу тіркеліп, оның 50%-ке жуығы тек Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында байқалды.
1986 жылы 7 желтоқсанда Ащысайда 10 сағаттың ішінде 133 мм қар жауды.
Қардың қатты жаууы Шығыс Қазақстан облысында жиі байқалады. Үлбі өзенінің сағасында биіктігі 2000 метрден асатын Қазақстанның «қар полюсі» жатыр, мұндағы қар жамылғысының биіктігі 8 метрге дейін жетеді.
1969 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанның оңтүстік-шығысында қалың жауған қар бір-қатар облыстардың мал қыстайтын жерлеріндегі тау етегін 1,5-2 метр қар жамылғысымен жапты. Осындай зілзала 1999 жылдың қаңтарында Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында болды.
Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда жолдың, ғимараттың жел соғатын жағынан қар қалқандары мен тосқауылдар орнатылады.

Шаңдақ дауыл — бұл күшті жел салдарынан жер бетіне шаңның, кұмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы.
Қазақстан аумағында шаңдақ дауыл – сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады. Қыс айларында, егер жер бетін қар жаппаса сирек байқалады. Күшті шаңдақ дауыл Қазақстанның батысында, Каспийдің шығыс жағалауында, Сырдария өзені мен арал төңірегіндегі жазықта болып өтті. Бұл дауылдардың саны аталған аудандарда жылына 5-6 дан бастап, бірнеше ондықтарға жетуі мүмкін.
Дауыл адам организміне, қоршаған табиғат пен механизмге жағымсыз әсер етеді.1960 жылғы 19 мамырда Ертіс бойында шаңдақ дауыл 12 сағатқа созылып, соның нәтижесінде егіс алқабы шөлейтке айналды.Дауыл кезінде қалың шаңнан 3-4 метр жердегі адам көрінбейді, ал үйлерде күндіз шам жағылды.
Қазақстандағы апатты шаңдақ дауылдар туралы ертедегі мәліметтерден мынаны көруге болады: 1910 жылдың қарашасында кешке таман дауыл басталды. Алғашқы күні жел алапат күшпен соғып, үш күн бойы толастаған жоқ. Осы уақыт бойы күндіз қараңғы болғандықтан үйлерінен ешкім шыққан жоқ. Ауада шаң кұм және қармен қатар ұсақ тастар да ұшып жүрді. Жел даладағы малды белгісіз жаққа айдап кетіп, жаппай қырып кетті. Бір Маңғыстау ауданының өзінде 0,5 млн кой мен ешкі, 0,4 млн жылқы, 0,3 млн түйе қырылды.

Сақтық шаралары
Егер дауылды шаңдақ жақындағанда елді мекенде болсаңыз есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаңыз.Үй хайуанаттарын оларға арналған қораға немесе ғимарат ішіне қамау керек.
Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз малды құм үйінділерінің арасындағы тасаға жасыру қажет. Егер жақын жерде сексеуіл немесе биік бұта болса, дауыл аяқталғанша малды сол жерде ұстай тұрған жақсы.
Егер дауыл сіз елді мекеннен қашық жерде жүргенде басталса, көру қашықтығы азайып, адасып кету мүмкін болса, қозғалысты, тоқтату керек. Дауыл аяқталғаннан кейін немесе көріну қашықтығы бір шақырым және одан асқан жағдайда жүру қажет.Егер жолды таппасаңыз сол жерде қалып, дауылдан кейін бақытсыздық дабылы – түтіні қатты шығатын материалды от жаққан жақсы.
Егер сіз автомобильмен келе жатсаңыз, ештеңе көрінбесе, қозғалтқышты өшіріп, есік пен терезенімықтап жауып, жолдың шетіне тоқтау қажет. Қозғалтқыштың әуе сүзгісін қымтап, автомобиль корпусын төмен түсіру керек. Дауыл аяқталғаннан кейін қозғалтқышты шаңнан, құмнан тазартып, ауа сүзгісіндегі материалды алып, қозғалтқышты қосып, қозғалысты бастаңыз.
Егер шаңдақ дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, бірнәрсе түспеу үшін арнайы көзілдірік киіңіз, егер ол жоқ болса, дағдылы көзәйнегіңіздің бүйірін қолыңызбен жауып қорғаныңыз. Желден тығылатын қандайда бір пананы табу керек: бұтақ, сексеуіл, жер бедерінің ойлы-қарлы жерін пайдаланыңыз. Егер қандайда бір жамылғы болса, оны шаңнан, суық желден, дененің суынуынан қорғаныс ретінде пайдалануға болады.
Күн ыстықта соққан шаңдақ дауыл кезінде (35º-тан жоғары) дененің ысынуына қарсы шаралар қолдану қажет. Бұл үшін тәулігіне бір адам үшін 8 литр тұщы судың қоры болуға тиіс. Дауыл кезінде судың бірнеше тамшысын іше отыра организмнен тер бөліну процессін қамтамасыз ету керек. Мұндай температурада жүрісті тоқтатқан жақсы.
Шаңның тыныс алу органдарына өтуін азайту үшін дауыл кезінде дәкенің бірнеше қабатынан жасалынған ауыз жапқышты немесе бет орамалды ауызға байлап алған жөн. Егер мүмкіндік болса «Лепесток» немесе «Р-2» үлгісіндегі қорғаныс респираторын пайдаланыңыз.
Дауыл кезінде атмосфералық электр мен найзағай ұшқыны болса, үйді, автомобильді, радиоқабылдағыш пен теледидар аппаратурасының антеннасын жермен қосу қажет. Қызмет көрсетуші жұмысшылар электр беру және байланыс желілерін электр тоғынан қорғауды қамтамасыз ету керек. Электрберу желілерінің жеке тұрған ағаш төңірегінен дауылдан қорғанатын пана іздеуге болмайды.

Найзағай – адам үшін өте қауіпті, сонымен қатар ол авариялық ахуалды тудыратын көзге айналуы мүмкін.

Найзағай жақындаған кездегі сақтық шаралары:
1. Егер сіз найзағай болардың алдында қала сыртында болсаңыз, алдын ала тоқтап, қауіпсіз орынды іздеңіз. Найзағай кезінде орманда жалғыз ағаштың және бір деңгейде орналасқан ағаштардың жанына тоқтауға болмайды. Биік емес, ұшар басы қалың ағаш арасына жасырынған жөн. Алайда найзағайдың еменге, терекке, талшынға, шегершінге жиірек, ал шыршаға, қарағайға, бүкке сирек түсетіндігін есте ұстау қажет. Ал үйеңкі мен қайыңға өте сирек түседі.Тоғайдың шеті мен үлкен егістікте болу да қауіпті. Сулы жер мен суаттардың жанында жүру мен тоқтау аса қауіпті.
2. Таулы жерде найзағай болардың алдында биіктіктен — жотадан, төбеден төмен түсу керек. Жүрген немесе дем алған кезде жартасқа, қабырғаға сүйкенуге немесе ұстауға болмайды. Табиғи мекен – жартастағы үңгірде қабырғадан кемінде екі метр қашықтықта жасырынуға болады.
3. Ашық алаңда найзағайдан құрғақ шұңқыр мен жырада жасырынуға болады. Егер олар суға толса, одан кеткен жақсы. Құм мен тас аралас топырақ таза топыраққа қарағанда қауіпсіз.
4. Найзағай аймағында абдырап жүруге болмайды.
5. Барлық металдық заттарды адамдардан 15-20 метр қашықтықта қою керек.
6. Отырар алдында топырақ үстіне полиэтилен, киім төсеңіз.
7. Арқаны еңкейтіп басты төмен қаратып, аяқтың табанын бірге қосып, қатарласа отырған жақсы.
8. Найзағай болардың алдында жүзу құралында болған адам кешікпей жағаға ұмтылу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, қайықты кептіріп, құрғақ киім киіп, діңгекті түсіру керек немесе оны суға ескек немесе бөрене арқылы төмен түсіру керек. Құтқару желетін, етікті киіп, жаңбыр суының қайықтың сыртына қарай ағатынды етіп полиэтилен жамылу керек. Ал бұл жағдайда полиэтилен діңгекке немесе суға тимеуі тиіс. Найзағай кезінде якорьді беруге немесе таңдауға болмайды, өйткені якорь арқаны найзағай соққысынан электөткізгішке айналады.

Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері:
Көмекті кештірмеу қажет. Найзағайдың соғуынан адамның тірі қалатын кездері де болады. Жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылауды бір минуттен артық тоқтатпай, зардап шегушіде өлім белгілері ашық байқалғанша жалғастыру керек.

ХАЛЫҚТЫҢ СУТАСҚЫНЫ МЕН СУБАСУ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІ

Су басу — өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол елді мекендердің су астында қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.
Көптеген субасудың негізгі себептері нөсер жаңбыр болуы, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі, қума жел болып табылады.
Сырғымалар, бөгеттердің, тоғандардың кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті. Ол өз кезегінде нөсердің немесе ұзақ жаңбырдың салдары болып табылады.
Судың көтерілуінен болатын субасуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурызда, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шілдеде, республиканың жазықтағы өзендерінде наурыз-маусымда болады.
Жаңбыр тасқындары Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегіндегі және ортасындағы өзендерде, сайларда, көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде Ертіс бассейінің өзендерінде байқалады. Олар көбінесе жойқын болып келеді. Орта таулы аймақтардағы жаңбыр тасқынның ерекшелігі белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы болып табылады.
Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал өзенінде және Каспийдің бүкіл солтүстік-шығыс жағалауында болады. Кептелулер мен тосқауылдардан болатын қиаратқыш салдары бар тасқынның таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан өзендері болып табылады.

Сақтық шаралары
Өзеннің жоғарғы бөлігіндегі мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бұзылу жағдайында тасқын қас қағым сәтте болуы мүмкін. Қалған жағдайларда су басу қаупіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік бертін азды-көпті уақыт бар. Қар еріген және қолайсыз ауа-райы кезінде батпақтардың үстімен жүру өте қауіпті. Судың қосымша көлемі батпақтардың өткізгіштігін азайтады, сондықтан тіпті тексерілген учаскенің өзі кедергіге толы және өте қауіпті болуы мүмкін.
Апатты су тасқыны кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, ең болмағанда, жер бедерінің ең биік нүктесіне дейін жету қажет.

Залалдан сақтандыру және оны азайту жөнідегі шаралар

Елді мекендегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.
Республика аумағындағы көптеген тасқындардың тасқын судан болатындығы белгілі болып отыр. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету және су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, ғимараттар мен үйжайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, қысқа бұталы ағаштар отырғызу, жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау.

Субасудан сақтандырудың негізгі шаралары.
Жеке сақтандыру шараларына мыналар жатады:
— толқын соққыларына төзетін күрделі


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий