ТЖ келтіретін шығыны



ТЖ XX ғасырда әлемде таралу бейнесі. Абсолютті шығын өлшемі. Қазақстандағы табиғи тәуекелдің жалпы бағасы жәен болжамы.
Қазақстанның тәуелсіз ел болуы, қоғамдық қатынастардың барлық негізгі салаларын қайта жасақтауы – елімізде Азаматтық қорғаныс жүйесін әрі халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесін құруға мәжбүр етті.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі заң жүзінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік орган болып табылады. Қазіргі таңда тамырын тереңге жайған бұл саланың өзіне бағынышты аумақтық органдары, құрылымдары барлық облыс, ауыл-аймақтарда жасақталған. Заманның түрлі қажетті лігіне байланысты Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар саласының сан-алуан қызметтері құрылды. Атап айтсақ, олар аумақтық, медициналық, нысандық, барлау, құтқа-ру, инженерлік, энергетика, коммуналдық-техникалық және жол-көпірлік, өртке қарсы, апаттық-техникалық, радиациялық және химия-лық қорғау, байланыс, материалдық-техникалық қам-тамасыздандыру, көліктік, қоғамдық тәртіпті қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, азық-түлік және т.б. құтқару мен кейінге шегеруге болмайтын жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін маңызды қызметтер.

Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға байланысты арнайы заңдар да бар. Бұл осы салалардың тәуелсіз мемлекетіміз үшін, халық, қоршаған орта, сондай-ақ, шаруашылық жүргізуші объектілер үшін аса маңызды екенін көрсетеді. Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңында: «Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясаттағы жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады» деп атап көрсетілсе, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңында: «Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу – мемлекеттің аса маңызды міндетте- рінің бірі, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі» деп жазылған. Осыған орай, біз төтенше жағдайлардың алдын алу мен оның салдарын жоюға барынша үлес қосып келе жатқан Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде атқарған жұмыстары жөнінде айта кетсек.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою бойынша ауқымды шаралар атқарып келеді, сонымен қатар, жоспарға сәйкес, төтенше жағдайлар саласындағы заңдарын, талаптарын, Азаматтық қорғаныс құрылымдары, апаттық – құтқару қызметтерінің жұмыстарын үйлестіру туралы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің алқа шешімін орындау бойынша да бірқатар жұмыстарды жүзеге асырып отыр.

АҚ мен ТЖ құрылымдарының әзірлігін арттыру, сондай-ақ, әртүрлі топтағы халықтарды ТЖ кезіндегі ережелер мен олардың алдын алу шараларына оқытуды ұйымдастыру бүгінгі күні ең басты міндеттердің бірі болып табылады.

Осы процестің өзі халықтың барлық топтарын қамтитындай етіп жасалды. Мектепке дейінгі мекемелерде оқу 8 сағаттық ойын үлгісінде өткізіледі. Балалар мекемесінің бірінде барлық меңгерушілер мен әдіскерлерді жинап, нұсқаулық-әдістемелік оқулар өткізу үрдіске айналған. Жалпы білім беретін, орта мектептер мен жоғары оқу орындарында «Негізгі өмір қауіпсіздігі» атты курс оқытылады. Ал, оқудың соңғы сатысында «Балаларды қорғау күні» өткізіледі, онда оқушылар ТЖ болған кездегі әрекеттер мен өзін-өзі ұстауды іс жүзінде көрсетеді. Атқарушы органдардың басшылық құрамы АҚ мен ТЖсаласындағы біліктіліктерін арттыру үшін республикалық курстарға әзірлікке жіберіледі. Жұмыс тәжірибесіне шаруашылық жүргізуші объектілерге барып оқыту әдісі енгізілген, бұл аудиторияның барын- ша ауқымды болуына септігін тигізеді. Оқудың сапасын арттыру мақсатында дая-рлау орталығының оқу-материалдық базасын жақсарту шаралары, оны жаңа техникалармен жабдықтау қолға алынған.
Штаттық, аймақтық және объектілік құрылымдардың күштері мен құралдарының жеке құрамдағы топтарын үнемі жауынгерлік дайындықта ұстау үшін олардың теориялық және тәжірибелік жүйесі жасалған. Оқу барысында түрлі төтенше жағдай кезіндегі, оның ішінде ғимараттан шұғыл шығудан бастап, Алматы қаласында апаттық жер сілкінісі бол-ған жағдайда тартылатын күштер мен құралдарды темір жол көлігіне тиеуге дейін, сондай-ақ лаңкестікке қарсы тақырыптар бойынша тәжірибелік әрекеттер жасалуда. Оқудың қорытындылары әртүрлі жиналыстарда, сонымен қатар, Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырыстарында қаралады.

Қала объектілерінде Өндірістік қауіпсіздік және мемлекеттік бақылау жөніндегі басқарма мен Өртті мемлекеттік бақылау басқармаларымен өрттің алдын алу және өндірістік қауіпсіздікті жетілдіру жөнінде үлкен жұмыстар атқарылып, құқық бұзушыларға қатаң шаралар қолданылуда. ҚР ТЖМ барлық аймақтық органдарының ағымдағы жылдың 9 айындағы ғана жұмыстарының нәтижесінде қалалық қызметтердің деректері бойынша оқиғалар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 947-ден 751-ге, яғни 21 пайызға, соның ішінде төтенше жағдай 164-тен 108-ге, 35 пайызға, ТЖ салдарынан зардап шеккендер 596-дан 489 адамға, 18 пайызға азайған. Қаза болған адамдар саны 164 адамнан 108 адамға, яғни 35 пайызға кеміген. Шығын есебі 107 млн. теңгеден 25 млн. теңгеге дейін, 77 пайызға төмендеген. Өрт саны 339-дан 326-ға, яғни 4 пайызға азайған. Өртте қаза болғандар 15 адамнан 6 адамға азайған, яғни 60 пайызға өрттен келген шығын 77 пайызға кеміген. (107 млн-нан 25-ға). Өндірістегі адам қазасы 25 пайызға азайып (86-дан 65-ке), 20 адамға (44-24) кеміген. Өткен мерзімде өрт сөндіру және басқа да құтқару жұмыстары барысында ҚР ТЖМ Астана қаласы бөлімшелерімен 2,5 мың адам құтқарылып, қауіпсіз жерлерге көшірілген.
Астана қаласы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Астана қаласы Төтенше жағдай лар жөніндегі департаментінің басты міндеті. Сондай-ақ, департамент қызметінің тағы бір түрі – өз саласына байланысты жергілікті атқару, сонымен қатар, қаладағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған меншік түріне қарамастан объектілерді тексеру болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №712 «Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қаулысы негізінде қайта құру — өрт қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік салаларын Астана қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің құзырына қосып берді. Бұл өзгеріс қала аумағындағы табиғи және техногендік сипатта-ғы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оның зардаптарын жою шараларына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Төтенше жағдайлар саласында қызмет ететін азаматтардың жұмысы жауапты да қатерлі. Дегенмен, осы салаға берілген білікті мамандар қандай төтенше жағдай болса да мойыған емес.

Шығыс Қазақстан облысы аумағының көп бөлігі айтарлықтай дәрежеде әртүрлі дүлей апаттар мен зілзалалар әсеріне ұшырайды.
Өнеркәсіп, коммуникация және көлік жағдайы радиациялық, химиялық, жарылу және өрт шығу қауіпі бар нысаналарда, көліктерде, басқа да әлеуметтік қауіпті және ерекше маңызды тіршілікті қамтамасыз ететін нысаналарда ірі авариялар мен зілзала апаттардың болуына әкеп соқтырады. Табиғи апаттардың — жер-сілкінісінің, су тасқынының, көшкіннің, дауылдың, орман және дала өрттерінің, температураның күрт төмендеуінің, борандардың, эпидемиялар мен эпизоотиялардың болуы елеулі дәрежедегі табиғи-климаттық жағдайларға байланысты.
Облыс аумағында 2008 жылы табиғи және техногендік сипаттағы 281 төтенше жағдай болды, 2007 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 40,3%-ға төмен.
460 адам зардап шекті, олардың 294-і қаза тапты, қаза тапқандар саны 34,6 %-ға немесе 156 адам өміріне азайды.
Төтенше жағдайдан келген материалдық шығын 2008 жылы 2007 жылғы көрсеткіштермен (154 млн. 520 мың теңге) салыстырғанда 24 %-ға (116 млн. 966,4 мың.теңге) төмендеді.
2008 жылы қалалар мен аудандарда жүргізілген тексерулер кейбір әкімдіктердегі басшы құрам және мамандарының әкімшілік-территориялық бірлікті және экономиканы ерекше жағдайға көшіруді ұйымдастыру процесін басқаруда, олардың өткізілетін шаралардың мақсаттары мен міндеттеріне жеткіліксіз көңіл бөлгендерін көрсетті, сондай-ақ күштер мен құралдарды, басқару органын және ТЖ және АҚ құрылымдарының мақсатты міндеттерін орындауға әрі қарай дайындау қажет.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ
саласындағы мониторинг, ғылым мен жаңа технологияларды дамыту
Қазiргі ғылыми зерттеулердiң жай-күйi, ТЖ мониторингісiнiң қолданыстағы жүйесi осы заманғы талаптарға және ғылыми-техникалық прогрестiң деңгейiне жауап бермейдi және ТЖдың алдын алу бойынша алғашқы шаралар қабылдауға әлi де болса ықпалы әлсiз.
Осыған байланысты:
ТЖ жағдайын байқау, бақылау және болжау сияқты тиiстi қызметтердi дамыта отырып, ҚРның барлық аумағында табиғи және техногендiк қауiптiлiктiң бiрыңғай мониторингiн жүзеге асыру қажет. Бұл ретте, мониторингтің осы заманғы құралдары мен технологияларын, оның iшiнде Жер бетiн қашықтықтан ғарыштық барлап қарау мүмкiншiлiктерiн көздеу;
ТЖ мен азаматтық қорғаныс саласындағы жалпы проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастыру;
жер сiлкiнiстерiн қысқа мерзiмде болжаудың әдiстерi мен әдiснамаларын жасау мақсатында ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргiзу;
геодинамикалық полигондар құру және геодинамикалық мониторингiнi ұйымдастыру, оның iшiнде Батыс Қазақстанның, Каспий маңы өңiрiнiң мұнай және газ кен орындарында;
жоғары дәлдiлікпен геодезиялық байқаулар жүргiзудi қамтамасыз ету;
жер қыртыстарының қазiргi қозғалыстарын зерттеу;
халқының саны 30 мыңнан астам қала үлгісiндегi қалалар мен кенттердi шағын сейсмикалық аудандарға бөлу және сейсмикалық қатер карталарын жасау;
су тасқыны, сел, сырғыма және қар көшкiнi қаупi бар аумақтарды паспорттау, осы аумақтардың ықтимал қатерлерiнiң егжей-тегжейлi картасын әзiрлеу, сел тасқындарын бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн құру;
гидрометеорологиялық қызметтi дамыту және жетiлдiру, гидрометеорологиялық стансаларды, бекеттердi, қар өлшейтiн маршруттар мен байқау бекеттерiн нормативке дейiн жеткізу, қауiптi табиғи құбылыстарды болжаудың сапасын және жеделдiгін арттыру;
радиациялық, химиялық, бактериологиялық қауiптiлiк мониторингiн ұйымдастыру, радиоактивтi материалдарды жинау, қабылдау, сақтау, тасымалдау және ұқсатуға бақылауды күшейту;
үйлер мен ғимараттар құрастырмаларының жай-күйiн және қирау қаупiнiң барын диагностикалау жөнiнде ұтқыр диагностикалық кешендер енгiзу;
ТЖ болжау әдiстемелерiн нормативтiк құжат сияқты әзiрлеу, верификациялау және аттестаттау, ақпаратты бiрыңғай стандарттар бойынша жинау, өңдеу және алмасу жөнiнде әдiстемелiк нұсқамалар мен регламенттер әзiрлеу;
қатерлер деңгейi бойынша аумақты аймаққа бөлу, табиғи және техногендiк қауiптiлiктердiң компьютерлiк деректер қорын құру, ТЖдың мониторингiн және оларды болжаудың бiрыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесiн құру, мамандандырылған геоақпараттық жүйелердi әзiрлеу сияқты нақты шаралар қабылдау қажет.
Бөгеттердiң, радиациялық, биологиялық, химиялық және жарылыс қаупі бар өндiрiстердiң, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету кәсiпорындарының, энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау объектiлерінің және т.б. кiрiктiрiлген деректер қорын құру қажет. Осындай объектiлердiң болуы мүмкiн қасақана бұзылуына тиiмдi ден қою үшiн құтқару және авариялық қалпына келтiру жұмыстарының электрондық жоспарларын жасай отырып, осы ТЖ салдарынан туындайтын компьютерлiк үлгілердi әзiрлеу қажет.


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий