Судың адам экологиясындағы рөлі



Салмақ бірлігінде (г/м3, м/л) немесе көлем бірлігінде көрсетілетін су қоспасының көлем бірлігіндегі салынды заттектердің құрамы.Судың лайлылығы су қоймаларда жағаға жақындаған сайын (жағаны шаятын толқынға байланысты), ал ағын суда бетінен түбіне қарай (түпкі шөгінділерді шаятын ағынмен ұлғаяды) артады.Судың лайлылығы су тасу кезінде көп байқалады. Әдетте, жергілікті жердің сулығы азайған сайын судың лайлылығы артады: еуропаның орманды жолақтарындағы өзендерде судың лайлылығы 50-100 г/м3, орманды далада – 100-200 г/м3, далада және шөлейтте – 250-500 г/м3 шамасында өзгереді. Дүние жүзіндегі ең лайлы өзен Хуанхе ( 35-40 мың г/м3) болып саналады. 
Судың адам экологиясындағы рөлі 

Су — 11,11 % сутек пен 88,89 % оттектің химиялық қосылысы. Жер гидросферасының жалпы көлемі шамамен 1800 млн км3, судың дені – 1370 млн км3 Дүниежүзілік мұхиттың үлесінде, шамамен 13 мың км3 су бу күйінде атмосферада және 90 млн км3-ден көбірегі құрлықтың тұщы суы болып табылады.су биосферада орасан зор рөл атқарады, ол тірі заттектің маңызды құрамды бөлігі, онсыз тіршілік болмайды. Адам су болмаса 5-6 күн ғана тіршілік ете алады, өйткені оның денесі орта есеппен 65 % судан тұрады. Адам эмбрионының 97 % су, жаңа туған баланың дене массасының 77 % судан тұрады. Елу жасқа қарай су дене массасының 60 % құрайды. Адам экологиясы жөніндегі зерттеулерде халықтың сапалы сумен жабдықталуы проблемалары әртүрлі тұрғыдан қарастырылады. Бұл орайда, ең алдымен сумен жабдықтау көздеріне, судың сапасына ерекше маңыз беріледі. Мысалы, кермек суларды тұтынудан адамның несеп және өт жолдарына тас байланады, ультратұщы сулы өңірлерде жүрек-қантамыр аурулары жиі кездеседі. Судың химиялық құрамы адамдарда биогеохимиялық эндемиялар деп аталатын ауруларға себепші болуы мүмкін. Мысалы ауыз суда фтор жетіспесе тіс жегісі, ал, бұл микроэлемент шамадан артық болса флюороз ауруы пайда болады. Суды хлорлау кезінде түзілетін органикалық заттектері мол хлорорганикалық қосылыстар, мамандардың пікірінше, күшті канцерогендер болып табылады. Кейбір тілсіз қияпаттар да сумен байланысты. Мұхиттар жағалауында олар: тайфундар, цунами, ал құрлықта топан су, су тасуы, сел және т.б.


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий