Сел тасқындары



Сел – тау өзеннің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.
Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды қзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінен пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай – ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып табылады.
Қазақстанда өткен сел тасқынның 250 оқыиғасының 100 – і Іле алатауында болған. әсірісе солтүстік бөктердің орталық бөлігіндегі төкпе өршіктеріне Қаскелең, Алматы, Талғар қалалары орналасқан қапталдарындағы өзендерде сел тасқыны ерекше күшті.
Верный (қазіргі алматы) қаласына саулаған 1921 жылғы сел туралы мәліметтер келтіре отырып, А. Сергеев «Каменный щит» (1978) атты кітабында былай деп жазады: «селдің бірінің артынан бірінің төңкеріле ағуынан таудай толқындары түйетастарды, опырылған жартастардың үйдей сынықтарын домалата айдап, жолындағының бәрін күйретіп, қиратып, ғимараттарды жаңқалап, үгіп, талқандап келе жатты. Тасқын кейбір үйлерді ірге тасынан жұлып алып, гүрілдеген, гүрсілдеген қою қараңғылықта, ауладағы құрылыстармен, қора – қопсысымен, мал – туарымен қоса, сұрапыл екпін мен ығыстырып, әкете барды».
1887 – жылы. жер сілкінуі кезінде Ақсай және Алматы өзендерінде өте күшті лайлы тасқын болған.таудағы қар көшкіні бөгеп тастаған кіші Алматы өзені тасып кетіп, Верный қаласында бірнеше квартал су астында қалған.
1902 – жылы. Ақсай өзнеі бәссейнінде тау етегінде балшық пен тас аралас лай жиналған.
1918 – жыл. топырақ көшкіні таудан сырғанап кеп Батарея шатқалында өзеннің арнасын бөгеп тастады. Мол су жиналып, көшкін топырақ бөгетін бұзып кеткен де Кіші Алматы өзеніне сарқырай құйылған, жол – жөнекей көпірлерді, су дирмендерді ағызып әкеткен.
1921 – жылы 8 шілдеде. Өте қатты нөсер (бір тәулікте 116м, яғни айлық екі норма мөлшерінде) жауып, таулардың жоғары бөлегінде қар мен мұзартты үдере ерітіп жібергенде Іле алатауының солтүстік бөктеріндегі барлық өзендерде әдеттен тыс орасан көп мөлшерде су жоғары көтерілген.Кіші Алматы өзенінің алқаптарында сел тасқыны арасы 0,5 — 1 миноттық жиілікпен бірін – бірі қуалай аунаған, биіктігі 2 метр келетін 80 толқын ағып өткен лаймен бірге тасқын тамырымен қопарылған ағаштарды, дәу тастарды, үйлерді ағызып әкеткен. Қалаға тасқын домалатып әкелген түйе тастардың салмағы 24 тонна, аумағы 14 текше метрге жеткен, ал таудан шығарында мұның аумағы 70 текше метр, салмағы 200 тоннадай болыпты. тасқында ағып кнлген балшық пен тас аралас лай шөгіндісі қаланың көптеген көшелерін 1 метр және одан да жоғары биіктіктен 100 үй 14 дирмен қираған. судағыдай емес, балшық пен тас аралас жабысқақ лай тасқынынан қалқып шығу мүмкін емес. сондықтан адамдар өліп, көптеген үй жануарлары қырылды.
1933 – жылы Алматы қаласында осы сел тасқынының іздері әлі де көрініп жатқан – ды. М . Горыкий атындағы паріктен Форманов көшесіне дейінгі ауданда кейбір үйлердің төменгі қабатын терезесіне дейін сел тасқыны әкелген лай көміп кеткен,диаметірі 1 метрден 2 метрге дейнгі қойтастар көшелерде жатқан – ды.
1921 – жылы 8 шілдеде. үлкен Алматы өзенінің алқабында сел көпірлер мен дирмендерді қиратып кеткен. Арнасынан асып шыққан Есік өзені 18 үйді құлатқан. Талғар селосында өзен суы 8 метр көтеріліп, дирмен мен көпірді ағызып әкеткен.
1940 жылғы 29 шілдеде қатты жаңбырдан кейін сол жақ Талғар шатқалының сол жақ қапталынан сел тасқыны сулады; сел терең жыралар қазып, үймек – үймек тастарды, тамырымен қоса қопарылған ағаштарды ағызып әкелді.
1941 жылғы 25 мамырда Іле алатауының жотасында 97 минут ішінде 93 мимллиметр жауын жауды. Бірақ нөсер негізінен алғанда ормандық белдеу үстінен өтті де, ойранды сел туғызған жоқ.
1950 жылғы 8 – 9 шілдеде Үлкен алматы бассейінінднгі сел тасқыны өзен алабына 1428 мың текше метр балшық пен тас аралас қыруар лай құлатты. Бірақ қалаға келіп жеткен жоқ, ештеме қираған жолқ.
1963 жылғы 7 шілдеде Есік көлін ойрандаған сел тасқыны болды.
Есікті ойраннан кейін 10 жыл өткен соң 1973 жылы 15 шілдеде Кіші Алматы шатқалында айдай әлемге әйгілі сел тасқыны болды, бірақ Медеу шатқалында күшті жарылыс арқылы жасалған тас бөгет селді жібермей, жуасытып тастады.
Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жұргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.
Халыққа сел тасқынның жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай – ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. өот болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ бұрандасын жауып, жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.
Сел тасқынна тап болған адамға қолда бар барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр және т.с.с. болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.
Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балалрды, аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
Егер сел апатына елді – мекен ұшыраса, онда іздеу құтқару жұмыстарына әзірленген жоспары бойынша жұмыс жұргізетін әр түрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары таратылады.


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий