Компьютердің зияны



Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез-келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…
Дей тұрғанмен, еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін құлағында ойнасам деп талпынған компьютердің адам денсаулығына зияны бар ма? Күн-түн демей интернет клубтардан шықпайтын жас жеткіншектерімізге әсері қалай? деген сұрақ бәрімізді мазалайтыны сөзсіз.

Соңғы кездері компьютердің адам денсаулығына зияндығы туралы жиі айтыла бастады. Компьютер алдында көп отыратын адам арнайы жаттығуларды күнделікті жасап, демалыс уақытын жүйелі орналастырмаса, компьютерден алатын сәулеленудің әсері өте жоғары болмақ. Сондықтан да компьютермен жұмыс істейтін ересек адам әр сағат сайын, ал жас жеткіншектер жарты сағат сайын 10-15 минуттай үзіліс жасап тұруы керек, және күніне компьютер алдында 5 сағаттан артық отырмағаны жөн. Осыдан кейін күндіз-түні интернет клубтарда отырып алып, компьютердің алдынан шықпайтын жастарымыздың халін бағамдай беріңіз. Үнемі қозғалмай отырғандықтан омыртқаның қисаюы, сәулелену ауыруына шалдығады.

Компьютер алдында жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына әсерін тигізетін негізгі факторлар: ұзақ уақыт бойы отырып жұмыс істеу; монитордың электрмагнит сәуле шығаруы; көздің қажуы, қол ұшы буындарына жүктеменің көптігі.

Адам компьютер алдында ұзақ уақыт отырғанда: мойын, бастың, қолдың және иық бұлшық еттеріне күш түсіп, осыдан омыртқаға артық жүктеме, остерохондроз, ал балаларда — сколиоз пайда болады. Отырып көп жұмыс істейтін адамдарда, орындықта көп отырғанда, жамбас мүшелерінде қан айналысының нашарлауына әкеліп соғады, мұның салдарынан — простатит және геморрой пайда болады, бұларды емдеу — ұзақ процесс. Бұдан басқа, қозғалыстың аз болуы май басуға әкеледі.

Қазіргі кезде жұқа экранды мониторлар денсаулыққа қауіпсіз делінгенімен, бірақ әлі де оның белгілі мөлшерде электромагниттік сәулелерді бөліп шығаратыны айтылуда. Ал ескі мониторлардың зияны тіптен жоғары. Сондықтан үстеліңізде ескі манитор тұрса одан ертерек құтылғаныңыз жөн.

Демалыссыз ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отыру көзге көп кері әсерін тигізеді. Көруді нашарлатады.

Қол саусақтарымен перне тақтаны үнемі басқан соң жансыздану, әлсіздік пайда болады, Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан әрі қарай қол ұшының ауыруы созылмалы жағдайға өтеді.

Компьютерде және оның маңында шаң көптеп жиналады, бұл сол жұмыс аумағын ластайды. Лас болған жерде әртүрлі микробтар, бактериялар болады. Осының бәрі аллергиядан бастап әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін.

Ал осындай көптеген зиянды әсерінің бар екеніне қарамастан адамдардың одан бас тартпайтыны анық, бұл заңды да. Өйткені өркениетті қоғамның тірлігін компьютерсіз елестету мүмкін емес. Дей тұрғанмен, көп уақытын интернет пен агентте өткізетін жастарымыздың қазіргі күйіне алаңдамай тұра алмайсың.

Қаламызда компьютерлік дүңгіршектер мен вагондар көптеп кездеседі. Мұндай жерлерде ойын бағасы арзан, сондықтан виртуалды ойындарға берілген балалар күні бойы отыруға дайын. Бірақ, ол жерлерде ауа ылғалдылығы төмен. «Шаңды» микроклимат балалардың денсаулығына кері әсер етеді. Сонымен бірге, тек пайданы көздегендер компьютердің жұмыс тәртібіне аса мән бермейді. Негізінде бір ойын компьютері 4-5 шаршы метр жер алуы керек. Ал іс жүзінде ойын клубтарында компьютерлер сығылыстырылып қатар-қатар орналастырылған. Мектепке дейінгі балалар осылайша үздіксіз ойын ойнайтын болса, олардың «қыликөздікке» ұшырауы әбден мүмкін. Ғалымдар компьютер алдында ұзақ отырған балалардың миына ойын кезінде операция жасап жатқан хирургтің миына түсетін дәрежедегі салмақ түсетіндігін айтады. Яғни бала стреске жиі ұшырайды. виртуалды ойындарға еліткеп әр түрлі қылмысты істерге баруы мүмкін. Сондықтан бұл қауіптің алдын алу үшін ата-аналармен қоғам болып бірге күресу, мектеп жасындағы балалардың интернет залға кіруін шектеу керек.

Ал, компьютер пайдаланушылар мынаны есте сақтағаны дұрыс: үнемі компьютер қосулы тұратын бөлменің ақтаулы болғаны, еденіне линолеум төселгені дұрыс. Оны сүрту де оңай. Компьютерлі бөлмелерге балығы бар аквариум немесе су толы ыдыс қойылып, кактус өсірілгені абзал. Өйткені су өзіне негативті энергияны тартып алып, бөлмелерде ылғалдылықты реттейді. Ал кактус болса, электромагнитті өрістерді бойына сіңіреді. Үстелдің пернетақтамен биіктігі 62-88 см, үстелдің деңгейімен санағанда, еденнен санағанда экран биіктігі 90-128 см; үстел мен экранның ара қашықтығы 40-115 см. экран мен оператордың көзінің ара қашықтығы 60-80 см болғаны дұрыс.

Компьютер — көп жұмыстарымызды оңайлататыны анық. Десе де ағзаға тигізетін кері әсері өз алдына. Ендеше, виртуалды ойынға мас болып экранға байланған, агентпен дос болып, компьютерге қамалған жастарымыздың жағдайына алаңдайтын, жайын бағамдайтын кез келген секілді…


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий