Жалпы улағыш әсердегі УЗ-мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек



— зақымданушыға газқағарды тез кигізу;
— шлем масканың астынан амилнитриті бар жаншылған ампуланы енгізу (қөгілдір қышқыл антидоты);
— ауыр зақымданған кезде 2 – 3 минуттық үзіліспен амилнитриттің 2 – 3 ампуласын енгізу;
— тыныс алу күрт бұзылған немесе тоқтаған кезде жасанды демалдыру;
— зақымдалушының тыныс алу орнына түскен соң оны тез арада емдеу мекемесіне алып бару;

Теріні құрыстыратын УЗ – мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек:

— зақымданушыға газқағар кигізу;
— ИПП – 8 көмегімен ішінара санитарлық тазарту жүргізу;
— Егер улы заттың көзге түскендігі туралы күдік болса көзді сумен жақсылап шаю;
— УЗ асқазанға сумен немесе тамақпен түскен кезде асқазанды түтіксіз шаю;
— Егер дене қышып, қанталаса, онда ішінара тазалаудан кейін зақымданған жерге антисептикалық танғвш қою;
— Зақымданушыны емудеу мекемесіне алып бару;

Тұншықтырғыш УЗ – мен зақымданған кездегі алғашқы
медициналық көмек.

— зақымданушыға газқағар кигізу;
— зақымданушыны субъективтік жағдайға қарамастан зақымданған аймақтан шығару, ешкім шағымданбаса да жаяу көшіруге рұқсат етілмецді. Газқағарды ұзақ кию көңіл – күйді нашарлатады және өкпенің домбығуына әсер етеді.
— Жылдың суық уақытында зақымданушыны жылыту (көрпеге, пальтоға, плащқа орау, жылытқышты пайдалану).
— Тұншықтырғыш УЗ – мен зақымданған кезде жасанды тыныс алдыруға болмайды.

Алғашқы медициналық көмек:

— зақымданушыға газқағар кигізіп, зақымданған аймақтан әкету;
— көзді сумен мұқият шаю, көзді сүртуге болмайды, өйткені бұл жағдайда тітіркену күшейеді;
— 2 – 3 минуттың бойында түтіннен қорғайтын қоспамен демалдыру, егер тітіркену тоқтамаса тыныс алуды 5 – 10 минуттан соң қайталау.

Медициналық тірекке көздің, тыныс жолдары мен терінің құбылыстарымен зақымданғандар ғана жіберіледі.

BZ үлгісіндегі УЗ зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек:

— зақымданушыға газқағар кигізу;
— терінің ашық жерлеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізу;
— УЗ асқазанға сумен немесе тамақпен түскен кезде асқазанды түтіксіз шаю;
— Зақымданушыны емдеу нүктесіне алып бару;

Аммиакпен уланғандағы алғашқы көмек;

Зақымдану ошағында өз — өзіне және өзара көмек тәртібімен жүргізіледі;
— көзді алюминий – калийдің 0,5 ерітіндісімен немесе бор қышқылының 2 ерітіндісімен жақсылап шаю;
— газқағар немесе 5 лимон қышқылы ерітіндісімен шайылған мақта – мата таңғышын кигізу;
— тамшы теріге тиген кезде оны сумен жақсылап шаю, ТЖ және АҚ органдары нұсқауы бойынша желге қарсы бағытта зақымдану ошағынан шығу;
— аммиак бумен зақымданушыны тыныштық күйде күту керек, көңіл – күйінің қандай екндігіне қарамастан жатқызып қойып алып кеткен жөн:

Азот қышқылымен және тотығымен зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық қөмек:

— көз бен бетті жақсылап сумен шаю;
— газқағар немесе 2 тамақ содасы ерітіндісімен шайылан мақта – мата таңғышын кигізу;
— терінің ашық жерлерінен азот қышқылының тамшыларын сумен 10 – 15 минут бойы жақсылап шаю;
— зақымданушыны тыныштық күйде күту керек, көңіл – күйінің қандай екндігіне қарамастан жатқызып қойып алып кеткен жөн:
Бензинмен зақымданғандағы алғашқы медициналық қөмек:

— зақымданушыны таза ауаға шығарып жаға мен белбеуді босату;
— газқағар немесе 2 тамақ содасы ерітіндісімен шайылан мақта – мата таңғышын кигізу;
— теріде у тамшысы болса, оны сабын ерітіндісімен шаю;
— есінен танған жағдайда мүсәтір спиртін иіскету, тыныс алу тоқтаған кезде жасанды демалдыру;
— зақымданған аймақтан әкету;

Хлормен зақымданғандағы алғашқы медициналық қөмек:

— көзді сумен шаю;
— газқағар немесе 2 тамақ содасы ерітіндісімен шайылан мақта – мата таңғышын кигізу;
— теріде у тамшысы болса, оны сабын ерітіндісімен шаю;
— хлор буымен зақымданушыны зембілмен алып кетеді


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий