ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ



Еңбекті қорғау –бұл ілеуметтік-техникалық ғылым, өндірістік қауіпті жағдайларды және кәсіптік зияндарды зерттейді, оларды болдырмау шараларын жасайды немесе оқыс жағдайлардың, кәсіптік аурулардың алдын алу тәсілдерін қарастырады. Толық қаіупсіз не зиянсыз кәсіпорындар мүлдем жоқ.. Еңбекті қорғаудың мақсаты – жұмыс істеушінің қауіпсіздігіне және ауырмауы үшін қолайлы жағдай жасап, еңбек өнімділігін барынша жоғары көрсете алатындай жағдайлармен қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігі адамның денсаулығы мен жұмыс істек қабілетін сақтау, адам еңбегін жұмыс мезгілін үнемдеу,оның белсенді жұмыс істеу периодын ұзарту, өнімнің жоғары сапасын көтеріп, қоғамдық еңбекті үнемдеу, негізгі өндірістік қорларды қолдануды жақсарту апаттар санын азайту және тағы басқалары арқылы артады.
Еңбек жағдайларын жақсарту және оның қауіпсіздігі өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруларды төмендетеді, бұл еңбекшілердің денсаулығын сақтайды және сонымен қатар қолайсыз жағдайларда жұмыс барысындағы төленетін жеңілдіктер мен қосымша ақша төлемдерін азайтады..
Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды.
Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Бұл Заң 1 қаңтар 2000 жылдан бері жұмыс істейді.

Табиғи жарықтандыру
Рационалды табиғи жарықтандыру психологиялық комфорт қамтамасыз етеді, көру және жалпы шаршауды болдырмайды, көздің кәсіптік ауруларға шалдығуына жол бермейді, еңбек өнімділігін көтереді және еңбек сапасын жақсартады, жарақаттану қауіптерін төмендетеді.
Өндірістік бөлімшелерді жарықтандыруға еңбекті қорғау келесі негізгі талаптарды қояды: жарықтың жеткілікті болуы және көзбен көру жұмысының сипатына сәйкес болуы тиіс, көру обьектісі мен фон аралығында көлеңке болмауы, араларында біршама шектеу болуы қажет; жарық көзі обьектіде шағылыспауы тиіс; жарық көзі жұмыс істеушінің көзін шағылыстырмауы керек; жұмыс ауданын жарықтандыру дәрежесі үнемі бір қалыпта болады; жасанды жарықтандыруға арналған электр қондырғылары қызмет көрсетуге залалсыз болуы қажет.
Кәсіпорынның өндірістік, қосымша және әкімшілік-тұрмыстық бөлімшелерінде табиғи және жасанды жарықтандыру қолданылады.
Табиғи жарық /күннің көрінетін жарық энергиясы/ организмнің жұмысын реттейді, оның қоршаған ортаны сезіне білу қабілетін қамтамасыз етеді, бөлмеде бірқалыпты жарық тудыруға мүмкіндік тудырады.
Күннің жерге түсетін барлық жалпы энергиясы мөлшерінің шамамен 52% көзге көрінетін жарық, қалғаны – көзге көрінбейді: жылулық, инфрақызыл /43%/ және ультракүлгін /5%/.
Ультракүлгін сәуленің ұзақ мерзімде болмауы немесе оның қажетті мөлшерден аз дозасы адам организміне кері әсер етеді, патологиялық өзгерістер туғызады және олар ультракүлгін жетімсіздігі деп аталады./жарық сәуледен аштық/.
Табиғи жарықтандырудың келесі жүйелерін ажыратады: жанама –күндізгі жарық бөлмеге ғимараттың қабырғаларындағы тесіктер арқылы түседі; жоғарғы- жарық ғимарат төбесіндегі тесіктер арқылы енеді; комбинирлі – жанама және жоғарғы жарықтандыру бірге қолданылады; бірлескен –жарықтандыру тәуліктің жарық кезінде табиғи мен жасанды түрін бірге қолдану арқылы орындалады. Бұл жағдайда көру жұмысының жағдайларына табиғи жарықтың жеткіліксіз болуынан жарықтандыру үнемі табиғи жарық көздерімен толықтырылады, ол арнайы СНиП талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бұл дипломдық жобада біржақта жанама жарықтандыруды қолдану қарастырылған.

Табиғи жарықтандыру коэффициентінің /ТЖК/мөлшерленген мағынасын анықтау
Мөлшерленген мағынасы /ТЖК/ келесідеі анықталады:
ен = е * m * c, (5.3)
е – ТЖК мағынасы , %;
m- жарықтандыру климат коэффициенті /күннің тура сәулесін ескермейді/, ғимараттың географиялық тұрған жеріне байланысты анықталады;
с – күн климатының коэффициенті / тура күн сәулесі ескеріледі/, ғимараттың географиялық тұрған жеріне байланысты анықталады;
Оргтехникамен жұмыс кезінде көру жұмысының сипаты жоғары дәлділікті қажет етеді / айқындау обьектісінің ең аз размері — 0,3-0,5 мм/. е = 2 % деп қабылдаймыз
Жобада біржақты жарықтандыру типі қарастырылған, қабылдаймыз: m = 1,00, с = 0,85. Сондықтан:
е = 2 * 1,00 * 0,85 = 1,7 %.

Жарық ойықтары ауданын анықтау
Жанама жарықтандыруда жарық ойықтарының қажетті ауданы жуық мөлшермен келесі формула бойынша анықталады: (5.4), м2:
Sок = ен * ηо * Sn * Кзд / τо * τ1 * 100, (5.4)
ен – жанама жарықтандыруда ТЖК -ң мөлшерлі мағынасы, /5.3/ формуласымен анықталады;
τо — жарық ойығының сәулені өткізудің жалпы коэффициенті, ойық шынысы материалына, былғану дәрежесіне, конструкция типі мен күннен қорғау қондырғысына байланысты. Бұл коэффициент 0,15—тен 0,30 шамасы аралығында өзгереді. Есептеу үшін оны 0,30 тең деп аламыз.
Кзд — терезелердің қарсы тұрған ғимараттар көлеңкесінен қараң,ылануын ескеретін коэффициент. Кзд — 1,7- ден 1-ге дейін ғимараттар арасының бір ғимараттың биіктігіне қатынасымен анықталады. Есептеу үшін 1,0 тең деп аламыз.
ηо – терезенің жарық түсіру сипаттамасы;
τ1 — коэффициент, ТЖК-ң бөлімше қабырғаларынан шағылысып түскен және жанындағы ғимараттың төбесінен шағылысқан жарыққы байланысты өсуін ескереді;
Sn – бөлме ауданы:
Sn = 5,35 * 6,14 = 32,849 м2.
Бөлме ұзындығының Z оның тереңдігіне В ара қатынасы тең болады:
Z = 5,35 м,
В = b / 2, мұнда b – бөлменің ені,
В = 6,14 / 2 = 3,07 м,
Z / В = 5,35 / 3,07 = 1,74 = 2.
Жұмыс қабырғасынан терезеге дейінгі биіктігін анықтау үшін жұмыс қабырғасы еденнен ,8 м биіктікте , ал терезенің төменгі жағы еденнен 1,2 м жоғары деп қабылданады. Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып келесі мөлшеді анықтаймыз :

h1 = hок + 1,2 м – 0,8 м, (5.5)

мұнда hок – терезе биіктігі.
hок = 2,4 деп қабылдаймыз.
Сонда :
h1 = 2,4 + 1,2 м – 0,8 = 2,8 м
Бөлімше терңдігініңВ оның биіктігіне h1 жұмыс қабырғасынан терезенің жоғары жағына дейін ара қатынасы тең болады:
В / h1= 3,07 / 2,8 = 1,096 = 1,5.
Сол себепті 2.2 [1] Кестесы бойынша жарықтандыру мағынасы
ηо = 9,5.
ρср – төбеден, қабырға мен еденнен шағылысып түсетін орташа өлшенген коэффициенті;
а – ең жақын терезеден жұмыс орнына дейінгі ара қашықтық, м. а = 1 м аламыз.
«а» қашықтығының бөлменің терңдігіне В ара қатынасы тең:
а / В = 1 / 3,07 = 0,326.
Жоғарыда көрсетілгеннен көреміз, коэффициент τ1 біржақты жанама жарықтандыруда 5.6 кетеде [1] сәйкес тең болады: τ1 = 1,1.
Sок = 1,7 * 9,5 * 32,849 * 1,0 / 0,3 * 1,1 * 100 = 16,076 м2.
Бір терезенің ауданы:
Sок = hок * b, (5.6)

мұнда b – терезенің ені:
b = Sок / hок
b = 16,076 / 2,4 = 6,698 м.
жобадағы бөлмелердің геометрикалық размерлерін ескере отырып нақтылы 6,698 м енді терезені шынылау үшін оның есептік мөлшерін анықтау мүмкін емес. Бір терезенің размерін қабылдаймыз:
S’1 ок = 2,4 * 4 = 9,6 м2 (нақтылық жарықтану).

Sок / Sn = 16,076 / 32,849 = 0,489 = 1 / 2,04,

Sок / Sn = 9,6 / 32,849 = 0,29 = 1 / 3,42,
Sок / Sn = 1 / 2 ÷ 1 / 4.

г/ Жасанды жарықтандыру
Жасанды жарықтандыру көбінесе электр жарық көздерінің екі түрінің көмегімен орындалады: қыздыру лампасы және люминесцентті лампа, олардың қыздыру лампасына қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:
● сәуленің спектрлік құрамы табиғи, күндізгі жарыққа жуық;
● КПД жоғары /1,5- 2 есе қыздыру лампасының КПД-н артық/;
● жарықты беруі жоғары / қыздыру лампасынан 3 есе артық/;
● қызмет көрсету мерзімі ұзақ..

5.2.3 Оқыс жағдайларда дәрігерлік көмекке дейінгі көмек
Алғашқы, яғни дәрігерге дейінгі көмекті оқыс жағдайда жарақаттанған қызметкерге өзімен бірге жұмыс істейтін жолдастары көрсетеді, сонымен қатар дәрігерді де шақырады,
Көрсетілетін көмектің тиімділігі көбінесе олардың тапқырлығына және істей білу қабілетіне байланысты. Әр қызметкер алғашқы жәрдемді көрсете білуі, бөлімшедегі аптечканың тұрған жері мен санитарлық пост орынын, денсаулық сақтау бөлімінің нөмірін, жедел жәрдем мен өрт сөндіру командасының нөмірін де білуі қажет


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий