Діріл



Тербеліс- бірдей немесе жартылай бірдей процесстердің периодты түрде қайталануы. Бұл тербелістер табиғи түрде немесе қолдан жасанды түрде пайда болады. Тербелістер қатарына жай ғана маятник тербелісінен бастап, күрделі жарық толқындарын шығаратын электромагниттік тербелістерді жатқызуға болады.
Механикалық тербелістер- периодты түрде қайталанатын, айланбалы немесе бастапқы қалпына оралатын процесстер.
Дірілдеу (вибрация)- денеде айнымалы күш әсерінен пайда болатын кіші-гірім механикалық тербелістер. Дірілдеу жер бетімен толқындар арқылы таралады.
Көлік вибрациясы техника жұмыс істеуінің бұзылуына алып келеді де, апаттардың себепшісі болуы мүмкін. Статистика бойынша, көлік апаттарының 80 пайызына осы дірілдеу себебші болады.
Адамның денесін динамикалық жүйе ретінде қарастыруға болады. Көптеген зертеулер көрсетуі бойынша, осы динамикалық жүйе діріл әсер еткен кезде өзгеруі мүмкін. Динамикалық жүйе үшін қауіпті, резонансты тербелістер бар. Резонансты тербелістер кезінде дене немесе оның жеке мүшелер тербелістерінің амплитудасы күрт жоғарылауы мүмкін.
Резонансты жиіліктер.
Адам үшін резонанс болу жағдайлары:
• Адам отырған қалпында жиілік 4-6 Герц
• Бас үшін 20-30 Герц жиілікте
• Көз үшін 60-90 Герц жиілікте
Жоғарыда аталған жиіліктермен адамға әсер етсе, омыртқа зақымдануы, көз көру нашарлалауы, тіпті жүкті әйел адамның уақытынан ерте босануы мүмкін.
Әсер етуші діріл туралы ақпаратты вестибулярлы құрал қабылдайды.Вестибулярлы құрал адам бас сүйегінің самай бөлігінде орналасқан.Мидың бұл бөлігі кеңістіктегі адамның тепе-теңдігіне, орналасуына жауап береді.
Адамға әсер етуші діріл мөлшері шамадан тыс көп болса, вестибулярлық құрал миға жалған ақпарат беруі мүмкін. Бұл жағдайда ағза жүйесінің жұмысы бұзылып, бас айналу пайда болады.
Дірілдің адамға ұзақ әсер етуі діріл ауыруларына алып келеді. Діріл патологиясы шаң патологиясынан кейінгі екінші орынды алады. Дірілдің адам ағзасына әсер ету күшіне қарай ауыру өршуінің төрт кезеңі бар.
1. Бірінші кезеңдегі ауыру белгілері айқара байқалмайды: қол, иық бұлшық еттері ауырады, ұсақ тамырлар қысылады. Ұйқы бұзылады, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, ашушаңдық, тершеңдік,
2. Екінші кезеңде қол ауыруы өрши түседі, сезімталдық төмендейді, дене қызуы төмендейді, қол терісі көгеріп кетеді, артериялық қысым ауытқиды.
3. Үшінші кезеңде екінші кезеңдегі белгілер күшейеді. Жұдырық түйген кезде, саусақтардың ағаруы, ұйуы.
4. Төртінші кезеңде дене қызуы тым төмендейді. Дене бұлшықеттері түгелімен ауырады. Жүйке жүйе және эндокринді жүйе қызметтері бұзылады, бас айналыды, бас, кеуде бөліктерінің ауыруы.
Яғни діріл ауыруына бірінші ұшырайтын қол және аяқтың тобық бөлігі.

Діріл ауыруы

Адам ағзасына ұзақ уақыт діріл әсер ету салдарынан пайда болатын ауыру. Бұл ауыры әдетте құрылысшыларда, машинисттерде, тігін машинасымен қолданатын тігіншілерде яғни дірілдейтін құралдармен жұмыс істейтін жұмысшыларда пайда болады.
Осы құралдардың көбін қолда ұстауға тура келеді. Ал адамның қолы дірілге қатты сезімтал болып табылады. Секундына 35 тербелістен артық діріл әсер етсе, жергілікті діріл ауыруы пайда болады. Сонымен қатар жергілікті діріл көліктің ішінде келе жатқан адамдарда болу мүмкін.
Діріл ауыруларының даму кезеңдері алты айдан тоғыз айға дейін созылуы мүмкін (діріл күштілігіне байланысты).
Діріл ауыруының негізінде жүйке жүйенің әр түрлі бөліктерінде дами алатын парабиоз процессі жатыр. Ең алдымен қол рецепторлары зақымдалады. Потологиялық процесс рецепторлардан перифериялық жүйкеге өтеді. Омыртқа араларында парабиотикалық өзгерістер болуы мүмкін.
Емделу жолдары

Діріл ауыруларының белгілерін байқаған соң, бірден, ауырған адам діріл механизміне байланысты жұмысын уақытша немесе мүлдем доғаруы керек. Ауырған адам физиотерапиядан өтуі керек, кеуде бөлігін ультракүлгін сәулелендіру, басты диатермогальванизациялау, қолды дарсонвализациялау керек. Сонымен қатар массаждың көмегі өте зор.
Қоданылатын дәрі-дәрмектер: ганглиоблокатор, тиамина хлорид, цианокобаламин, аскорбин қышқылы т.б.

Алдын алу шаралары.

Жалпы діріл әсерін төмендету қажет. Ол үшін станоктардың, көліктердің, тігін машинасының бір сөзбен айтқанда діріл әсері бар құрылғылардың конструкциясын жақсарту керек. Дірілдің жер арқылы берілуін шектеу қажет.


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий