ДЕЗАКТИВАЦИЯ



Дезактивация — бұл әр түрлі объектілердің сыртқы беттік қабаттарын (су, құрылыс, техникалық өндіріс, ас-су, қару-жарық, әскери техника) әр түрлі заттар көмегімен радиоактивті заттардан тазарту болып табылады.
Радиационды-қауіпті объектілердің, өндіріс орындарының, территорияның негізгі ластану көзіне жататындар:
— қайта өңдеуге дайындалған, әр түрлі изотоптардың ерітінділері;
— ұнтақ тәрізді радиоактиаті зат;
— сұйық радиоактивті қалдық және т.б. Радиационды-қауіпті объектілерде ластану келесілердің салдарынан болуы мүмкін:
— ядролық энергетикалық құрудың қызмет көрсетуінің бұзылуы;
— ИЯР, ЯЭУ герметикалық контурының бұзылуы;
— реактордың активті аймағының көп зарядталып кетуінен;
— реакторың активті 1контурының фильтр сорбенттерін ауыстыру кезінде;
— реактордың 1-3 контурындағы сынама суды таңдау кезінде;
— ЖРО жинау кезінде;
— реактор құрылғыларын жөндеу кезінде және т.б.

Дезактивацияның техникалық сипаттамасы
Радиоактивті заттармен ластанған әр түрлі беттердідезактивациялау үшін дезактивацияның стационарлы және ауыспалы құралдары қолданылады
Оларға дезактивацияның атом электростанциясының, зерттейтін ядролық реакторды төмендететін типті стационарлы түрлері жатады. Олар керек кезінде дезактивациялайтын ерітінділер мен булы эжекционды шашыратқыш көмегімен өндіріс орнының ішкі жағын жуатын радиационды қауіпті өндіріс орнына жалғасқан трубалар. Дезактивацияның ауыспалы түріне жататындар:
1. Техника мен орынды дезактивациялайтын автономді құрал комплектісі (ДКВ);
2. ранцелі корабельді дезактивациялық аспап (РКДП).
ДКВ автономды аспабы
ДКВ аспабы резервуар мен сифоннан тұрады. Аспаптың сыртқы қабатында екі ауалық штурец және сақтандырғыш клапан аспап резервуарындағы қысымды 5,5кгс/см-ге жеткізбей ұстап тұрады.
Ранцелік корабелді дезактивационды аспап (РКДА)
РКДА мыналардан тұрады: резервуар, ауалық баллон, редуктор, шланг, сақтандырғыш клапан,щеткалы брандспойта:
РКДА және ДКВ аспабының жұмыс істеу принциптері бірдей
Әр түрлі радиациялық ластану кезінде қолданылатын дезактивациялайтын заттар
Сыртқы қабатты дезактивауиялай үшін мыналар қолданылады:
— СФ-3 препараты;
— N 3 ерітіндісі;
— СФ-2 (СФ-2У) дезактивациялайтын ұнтағының ерітіндісі;
— «Эра», «Дон», «Новость» және т.б. жуғвш құралдарының ерітіндісі.
СФ-3 препараты — натрий және сульфанол гексаметан ерітіндісінен дайындалған бір реет пайдаланылатын ұсақ дисперсті крем немесе қою-сары түсті ұнтақ, препараттың 1% судағы ерітіндісі дезактивация немесе дегазация үшін қолданылады.
N 3 ерітіндісі — ОП-10 немесе ОП-7 жуғыш құралының 0,5%ы және құрамында 2%ингибирленген тұз қышқылы бар су ерітіндісінен тұрады. Қыс кезінде оған хлорлы кальций немесе хлорлы магний қосып қатып қалмау үшін антифриз ретінде қолданады. Дезактивирлеуші ерітінділер ішінде негізінен кеңінен қолданылатыны 1%-дық СФ-3 сулы ерітіндісі.
Территорияны дезактивациялау
Аймақты дезактивациялуадың негізгі әдістеріне мыналар жатады:
— топырақтың беткі қабатын кесіп алу немесе жойып тастау;
— зақымдалған учаскелерді қайта өңдеу;
— аймақтың беткі қабатынан радиоактивті шаңдарды шайып тастау немесе араластыру;
— зақымдалған беттік қабатты зақымдалмаған топырақпен немесе ағаш материалдарының щиттерімен жабу.
Дезактивацияны жасау сол аймақтағы қатты (жасанды) асфальт, бетон, қиыршық тас, т.б. жабындылардың болуымен сипатталады. Зақымдалған топырақты сол жерден қазып алып, арнайы қоқыс тастайтын орынға апарып көміп тастайды.
Өндірістік ғимараттар мен құрылғыларды дезактивациялау.
Ғимараттар мен құрылғыларды дезактивациялау радиоактивті заттарды сумен, дезактивациялаушы ерітінділермен шаю, радиоактивті заттарды щеткамен түсіріп, және де радиоактивті заттарды вакуумдік тазалау жолымен жүргізіледі. Кей жағдайда, ғимарат ішіндегі радиация деңгейі шекті деңгейден асып кетсе, ол жағдайларда ішкі қабаттарды да дезактивациялайды.
Дезактивация кезінде жағдайға және объектінің орналасқан жеріне байланысты әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Қатты қабықты жабындысы бар учаскелерде радиоактивті заттардыүлкен қысымда өрт сөндіргіш және су шашатын машиналардың көмегімен жасайды. Қатты жабындысы жоқ жерлерде топырақтың беткі қабатын қырып алып тастау,жаңа топырақ төсеу, алаңға өсімдік егу сияқты жұмыстар арқылы жасайды.

Дезактивацияны үстіден астыға қарай жасайды, еден ең соңғы кезекте жасалынады.
Техниканың, ғимараттың және өндіріс орнының дезактивациясы келесі жағдайлар көмегімен жүзеге асады:
— Зақымдалған РЗ уланған су беттерінен және дезактивирлеуші процедура көмегімен құрту;
— Зақымдалған объектілердегі РЗ щетка, сыпыртқы және басқа да заттар көмегімен құрту;
— Зақымдалған беттік қабаттан радиоактивті шаңның сору әдісімен шығарылуы.
Ішкі қабырға мен сыртқы беттік қабатты дезактивациялау үшін ең маңыздысы болып су және дезактивирлеуші еріткіш саналады.
Өңдеу су-еріткіш-су схемасы бойынша орындалады.
Арнайы өңдеудің барлық түрін (дезинфекция, дегазация, де-зактивация) Азаматтық қорғаныстың қызметкерлері мен басқармасы жасайды. Ол азаматтық қорғаныстың формаланған құралдары мен және өз күштерімен жүзеге асырылады. Формаланудың осы басқаруында АҚ аймақтың дегазациясын, дезактивациясын және жеке қорғаныс құралдарының, аяқ-киім мен киімнің дезинфекциясын орындайды. При большом объеме специальной обработки к ее проведению могут привлекаться части и подразделения войск ГО, химических войск и медицинской службы.


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий