Дегазация мен дезактивацияның пайда болуы мен дамуы



Арнайы өңдеу – ол жинақталған түсінік. Оның құрамдары біруақытта пайда болып дамыған жоқ. Тарихта химиялық қарулардың пайда болуымен, дамуымен қатар аса қауіпті улы заттар пайда болды.
Ең алғаш тұрақты емес улы заттардың (хлор, фосген, синиль қышқылы) пайда болуымен ауа дегазация проблемасы мен газқағарды өңдеу пайда болды. Маскаларды уротропин, натрий тиосульфатымен және басқа да химиялық заттармен химиялық өңдеу мәні шектеулі болды. 1915 жылы Н.Д. Зелинскийдің газқағарда белсенді көмірді қолдану қабылданды.

1917 жылы күкіртті ипритті қолдану нәтижесінде тері жамылғысын дегаздау пайда болды. Ең алғаш дегаздаушы заттарды хлор белсенді заттардың ішінен іздеді. 1928 жылы Г.В. Хлопин күкіртті ипритке қарсы тері жамылғысын хлораминмен өңдеуді ұсынды. Люизит дегазациясы үшін 5 пайызды йодтың спиртті тұнбасы қолданылды. 1959 жылы Ю.В. Другов тері жамылғысынан азотты ипритті өңдеу үшін 5 пайызды калий перманганатының сулы ерітіндісін қолдану үшін ұсынды. Зарин мен зоманға қарсы хлораминнің күші жоқ, бірақ сілтілі қышқылдардың әсерінен тез және эффективті гидролизденеді. 50 жылдары Ю.В. Друговтың басшылығымен ИПП-52 жасалынды. Оның құрамында зарин мен зоманға қарсы 5 пайызды натрий феноляты, 10 пайызды ипритке қарсы хлораминнің сулы спиртті қосылысы бар. АҚШ-тың химиялық қаруларында Ви-иксті қолдану тері жамылғысын дегаздауды қиындатты.

Дегаздаудың химиялық әдістері

Химиялық әдіс физикалыққа қарағанда сенімдірек . Мұның себебі: тотықтырғыштармен, сілтілермен әрекеттескен улы заттар залалсызданып, қауіпсіз болады. Физикалық әдісте дегазация улы заттарды беттік қабаттан жою арқылы жүреді. Тәжірибеде негізінен улы заттарды жою үшін химиялық та, физикалық әдістер қолданылады.
Ви-икс, айдалған иприт, хлорэтиламин улы заттарды залалсыздандыру үшін тотықтырғыш немесе хлорлағыш қасиеттері бар дегазаторлар қолданылады.
Хлор және олардың тұздары улы заттарды жақсы залалсыздандырады.
Зарин, зоман тітіркендіргіш улы заттарды залалсыздандыру үшін нуклеофильді реагенттер қолданылады. Бұларға сілтілер, әлсіз қышқылдардың сілтілік тұздары, сілтілік феноляттар, алкоголяттар, сульфидтер.
Практикада негізгі улы заттарды залалсыздандыру үшін полидегаздайтын рецептуралар қолданылады. Сол себепті дегаздайтын құралдарға түрлі катализаторлар және еріткіштер қосады.
Профилактикалық залалсыздандыру үшін Ресейде ИПП-10 тапқан.Тері жамылғысын өңдеу ошаққа 30-40 минут қалғанда жасалады. ИПП-10-ның ішінен алақанға әр сұйықтықтан 10-15 мл-ден құйып, онымен қолды, бетті, мойынды жақсылап тазалаймыз.

Дегазацияның физикалық әдісі

Химиялық әдіс үнемі физикалық әдіспен қатар жүреді. Физикалық әдістерге мыналар жатады: механикалық дегазация әдісі, еріткіштермен дегаздау, адсорбенттермен дегаздау және жоғары температурамен дегаздау. Химиялық әдіске қарағанда физикалық және механикалыық әдіспен улы заттарды толық жойылмайды. Сондықтан одан қалған өнім аса қауіпті болады. Улы заттарды жоюға қолданған еріткіштер, марлы сүрткіштер, басқа да құралдар көмілу немесе химиялық өңдеуден өткізу керек.
Суда зарин (100 %) және ви-икс (5 %) ериді.Зоман, айдалған иприт және азотты иприт сияқты улағыш заттар суда мүлдем ерімейді. Спиртте (метанол, этанол, гликоля, изопропан) фосфорорганикалық заттар жақсы ериді және иприттер қиын ериді. Жақсы еріткіш қасиеттерге ие заттарға тағы да аминді қосылыстар жатады.Олар: моноэтаноламин, этилендиамин. Аминді қосылыстар жұмсақ дегаздаушы қасиет көрсетеді.
Су мен ауаны дегаздаушы ритмде белсенді көмірдің маңызы зор. Белсенді көмір орташа полярлы жоғары молекулалы органикалық қосылыстарды өзіне сіңіру қасиеті бар. Сонымен қатар белсенді көмірдегі ауа мен оттегі тұрып қалмайды.

Жем мен суды залалсыздандыру

Жаппай зақымдау құралдары қолданылатын аудандағы су жем зақымдалған ретінде күдікті болып саналады. Егер олар тығыз жабылған ыдыста сақталса және зақымдану белгілері байқалса, онда оларды алдын ала тексеріссіз пайдалануға болмайды. Су мен жемді залалзыздандырудың негізгі әдістері — олар дезактивация, дегазация, дезинфекция.
Дезактивация — бұл зақымдалған объектіден радиоактивті заттарды жою.
Жасырынатын орынның санына, түріне, зақымдалу сипатына қарамастан жемге дезактивация жүргізеді немесе өзін-өзі дезактивациялауға қалдырады. Дезактивацияның мынадай түрлері бар:
— сыртқы қабаттың 10—15 см алу
— зақымдалған ыдысты таза ыдыспен алмастыру. Қапқа салынған жемді таза қапқа салады, ал зақымдалған қаптың үстінгі бөлігін сумен ылғалдатады және астықтың зақымдалмаған бөлігін таза ыдысқа салып, зақымдалған қапты және оған жақын астық қабатын сүзгілейді.
Жем мен тамырлы жемістерді кейде сумен шаю арқылы дезактивациялауға болады.
Суды дезактивациялау әртүрлі әдіспен жүргізіледі: тұндыру және айдау. Табиғи иониттерді — балшықты қара топырақты су құйылған ыдысқа салып және араластырады. Тұнығу үшін уақыт береді. Судың үстіңгі таза қабаты 50— 70% тұнғаннан кейін стронцийден және өзге радиоактивті изотоптардан 90% тазарады. Сүзгілердің әртүрлі толтырғыштары бар бірнеше үлгісі пайдаланылады. Атап айтқанда түбіндегі сұйықты кетіру үшін ыдысты қабат бойынша шлакпен кокспен, антроцитпен су сүзгі арқылы оның үстінен баяулап түседі радиоактивті заттардан тазаланады және төменгі бөлігі арқылы жиналады. Суды айдау— тазалаудың ең жақсы әдісі, алайда бұл процесс өте баяу өтеді.
Дегазация — бұл қатты әсер ететін улы заттарды жою бейтараптандыру немесе оларды үстіңгі беттен зақымданудың жол берілетін нормасына дейін немесе толық жою. Жемді дегазациялаудың негізгі әдісі — астық пен жемнің үстіңгі қабатын 10—15 см, ал шөптің сабанның үстіңгі қабатын 20— 25 см алу. Қалған жем желдетіледі. Өзін-өзі дегазизациялау жылдамдығы температурамен ылғалдылықтың, сондай-ақ жел жылдамдығының артуымен көбейеді.
Ғимарттағы жем тұрақты улағыш заттар көздерімен немесе буларымен зақымданған кезде есікті, терезені, желдеткішті ашады немесе жемді сыртқа алып шығып желдетеді.
Зақымдалған құдықтан суды тартып алады түбіне хлорлы әкті себеді, ал қабырғаны хлорлы әкті қоспамен өңдейді, бұдан кейін түбіне жер қабатын қырып алады (10см) бұдан кейін құдық суға толғаннан кейін оны қайтадан сарқып алады, содан соң құдық суға толған кезде залалсыздығын тексереді.
Дезинфекция — бұл сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою.
Астық пен жемді мынадай ретпен дезинфекциялайды: патогенді микробтармен зақымдалған шөпмаясы мен астықтың үстін 4 %-тік формальдегид ерітіндісімен 1м2 ерітіндіге 2 литр есеппен 24 сағаттық үзіліспен 2 рет маяның немесе қамбаның үстін өндейді. Астық пен жемді қақпағы бар ештеңе өткізбейтін бөшкеде формальдегидтің 4% ерітіндісімен өңдеуге болады. Ботулизм немесе оның токсиндерімен зақымдалған астық пен жем 4 сағаттың бойында күйдіргіш натрийдің 1% ерітіндісімен шайылады. Артынша үш рет сумен шайылып, кептіріледі.
Заласыздандырудың ең қарапайым және мүмкін әдісі қайнату. Микробтардың түрлерімен зақымдалған кезде суды 2 сағат қайнатады токсиндер мен бактериялардың вегетативті түрлері 30 минуттың бойында өледі. Жылдам залалсыздандыру үшін судың аз мөлшерін маталы бұрышты асбесті немесе коллоидті сүзгілерді қолданады.
Сумен жабдықтау жүйесімен тазарту ғимарттарында суды арнайы нұсқаулықтарға сәйкес хлорлайды. Шахталық қүдықтарының суын құдықты дезинфекциялаған және тазалағаннан кейін пайдаланады.


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий