Атмосфералық ТЖ жалпы сипаттамасы



Атмосфералық ТЖ жалпы сипаттамасы. Циклондар мен борандар. Шквалды желдер мен құйындар (торнадо).

Кең байтақ Казақстан жерiнде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негiзгi көзi — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi.
Атмосфера айналымы. Қазақстан жерi қыс маусымында Сiбiр антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ыкпалына жиi ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солтүстігінде оңтүстік-батыс және батыс, ал жазда солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел басым келедi. Қазақстандағы атмосфералық процестер Солтүстік жарты шардың Атлантика — Еуразия секторының 3 iрi аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендiк бағытпен өтсе, онда ол ендiк бағыттағы айналым делiнедi. Ендiк бағыттағы айналым кезiнде Қазақстанның көпшiлiк бөлiгiнде жауын-шашынның мөлшері кемiп, ауа температурасы жоғарылайды. Еуразыиялық айналым кезiнде республикаға суық ауа массаларының енуi жиiлейдi, температура шұғыл төмендейдi, жауын-шашын молаяды, жел күшейедi. Сiбiрлiк айналымда — оңтүстіктен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа температурасы жоғарылайды, жауын-шашын кемидi. Республика климатының қалыптасуына оның жер бетiнiң әр тектiлiгiнiң де әсерi болады.
Қазақстандағы атмосфералық циркуляциялық процестерге оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы тау жүйелерi (биiктігі 4000 — 5000 м) мен Каспий және Арал теңіздері сияқты су айдындары да ықпалын тигiзедi. Табиғи кедергi саналатын тау жүйелерi атмосферадағы ендiк бағыттағы шептiк белдемiн солтүстік-шығыс бағытқа қарай ойыстырып, ауа массасының заулама ағынын күшейтедi. Осы ауа массасы сонымен бiрге тау бөктерiндегi жергiлiктi климатты қалыптастырушы тау аңғарлық ауа айналымын тудырады. Қазақстанның таулық және тау етегiндегi өңiрлерiнiң термиялық режимi жапсарлас жатқан жазықтар жағдайына қарағанда мүлдем басқаша келедi. Таудағы температура жазық жердегiден төмен келедi. Тау беткейлерi төңiрегiндегi ауа қабатының радиациялық салқындауынан және беткеймен төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан таулы аудандарда температураның ауытқу амплитудасы кемiп, температура инверсиясы (жалпы биiктiкке байланысты ауа темпетурасының көтерiлуi) қалыптасады. Инверсия қыс маусымында неғұрлым күштiрек қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған сайын тiк бағыттағы ауа ағыны күшейiп, жауын-шашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері жазықта 100—200 мм болса, тау бөктерiнде 500—600 мм-ге дейiн артады. Жазық өңiрлерде жылдық жауын-шашынның максимумы жаз айларында, ал тау бөктерiнде жылына 2 рет (наурыз — сәуiр және қараша — желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздiк айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған километрге ғана таралады. Орта ендiк бойындағы су айдындарының солтүстік-шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдiк етсе оңтүстік-батыс жағында атмосфералық суық серпiлiс пайда болады. Бұл құбылысты Арал теңізі мен Каспийдiң солтүстік-шығыс бөлiгiнен жиi-жиi байқауға болады. Су айдындарының оңтүстік-батыс бөлiгiне қарағанда солтүстік-шығысында жауын-шашын 2—3 есе көбiрек түседi. Аумақты Каспий айдыны климаттың қалыптасуына қыста ғана ыкпал жасайды. Керiсiнше, Арал теңізі атмосфера айналымына жаз айларында ғана катысады. Көлемi шағын Балқаш көлінің де атмосфера айналымына және бұлттылыққа тигiзетiн әсерi мол. Қазақстан жерiндегi соғатын желдiң орташа жылдамдығы 4—4,5 м/с, Каспий теңізінiң жағалауында 6 м/с-тен астам, ал Жетiсу қақпасында соғатын Ебi желiнiң жылдамдығы 70 м/с-ке жетедi.

Қарлы боран (дауыл).

Егер боран жолда келе жатқанда басталса қардың өзінен баспана жасап алуға болады. Бұл үшін:
• ағаштардың иіліп тұрған бұтақтарының астындағы табиғи қуыстарды пайдалуға немесе күртік қардан шағын үңгір қазып алуға болады;
• үңгір төбесінен әр адамға бір бірден желдеткіш тесік жасап, егер қар жаууын тоқтатпаса оны әлсін-әлсін тазалап отыру керек;
• үңгірде аяқтың астын тереңдетіп қойған жөн: циркуляция кезінде онда суық ауа кетеді;
• ұйықтамауға тырысу керек, егер бар болса шырақ жағады, бұл үңгірдегі ауаны жылытады.
Қардан жасалған баспанада паналаған кезде:
• баспана орналасқан жерді сырттан белгілеп қою керек;
• ішінде адамдар бір-біріне денелерін тигізіп, жақын отырсын;
• барлық түймелер, жылжыма жапқыштарды жауып, жең мен балақтағы манжеттерді тартып, капюшонды киіп алу керек;
• су болған киімді тез арада жақсылап сығып, қайта киюге болады;
• егер болса ыстық шай немесе кофе ішкен жөн;
• аяқтар мен басты барынша жылы ұстау керек;
• қант және құрамында майы бар азық-түліктер пайдалы, нәрлі;
• адамдар астына жылу оқшаулағыш төсеніш төсеп отырғаны абзал;
• қолды сілтеп және басқадай қимылдар жасап, бұлшық еттерді жылытып отыру керек.
Қардан жасалған баспанада түнеген кезде мыналарды істеуге болмайды:
• алкогольді ішімдіктер ішуге;
• ашық отты қараусыз қалдыруға;
• бәлендей қажеттігі болмаса түнде баспананы қайтадан салуға немесе оны тастап шығуға.
Егер адам боранға жолда автомобильде тап болса мына әрекеттерді орындаған жөн:
• машинаның жалюздерін бекітіп, автомобильдің двигателін радиатор жағынан жауып тастау;
• мүмкіндігінше автомобильдің двигателін жел жаққа қаратып қою;
• қардың астында көміліп қалмау үшін әлсін-әлсін автомобильдің маңындағы қарды тазалап тұру;
• кабинаға машинаның шығарып жатқан газдарының кіруіне жол бермей, түтін шығаратын құбырды қар бітеп тастамауын қадағалау.
Егер жолда автокөлік өшіп қалса:
• байбалам салмай, жағдайды бағалап, бағдарды, тұрған орынды, ең жақын елді мекенге дейінгі арақашықтықты, тәуліктің мезгілін шамалау керек;
• егер сол арада күту шешімі қабылданса, онда ұйықтамауға тырысқан жөн, себебі ұйқыдағы адам тез журағыш келеді;
• егер жолға шығу шешімі қабылданса, жолды, асфальтты ұстанған жөн, өйткені олардың жиегін қар көп алмайды, сонымен бағытты туралап отыруға болады
• ескеретін тағы бір жайт: машинада кем дегенде бес дөңгелек болады, тіпті қианлған адам соларды жағып, жылынуына болады.
Аязды боранға қалып, тоңған адамды жылыту тәсілдері
Ең тиімдісі:
• Ванна (бірақ судың температурасы 40°-тан аспауы керек).
• Зардап шегушінің жан-жағына ыстық суға шыланған орамал және сейсептер қою керек.

Мата суығаннан кейін оны қайтадан ыстық суға салып, ауыстырып отыру керек. Суыған мата дененің сууын күшейтеді! Мұнымен бір мезгілде зардап шегушінің қол- аяқтарын ысқылау керек. Қан адамның басынан денесіне қарай жүруі үшін аяқтарын көтеріп қойған жұрыс. Жылдам және жатық қимылдау қажет. Адамды бірте-бірте және біркелкі жылыту керек.
Адам қатты үсіген кезде дененің жекелеген учаскелерін қатты жылыту аса қауіпті. Мәселен, ашық алаудың жанында зардап шегушіні оған аса ыстық болмайтындай етіп, от пен жылу шағылыстырғыш экранның ортасына отырғызып, оны өз денелеріңіздің жылуымен жылытып, қатерлі жағдайдан бірте-бірте шығарған ләзім
Зардап шегуші жылынып, өзіне өзі келген соң оған тәтті шай немесе кофе ішкізіп, егер жүрегі айнымаса тамақ жегізу керек. Сосын жылы жерге жатқызып, кемінде бір тәулік ұйықтату қажет. Алғашқы бірнеше сағатта зардап шегушінің жанына дені сау адамды жатқызған дұрыс, ол зардап шегушінің жағдайын бақылайды және оны жылытады.
Есте сақтайтын жағдай: тоңған адамды жылытқаннан тоңудың алдын алу әлдеқайда оңай!


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий