АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ПРИНЦИПТЕРІ



Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері мыналардан құралады:
1) оқиға орнын қарау;
2) бірінші рет қарау, көмек көрсету;
3) жедел жәрдем шақыру;
4) екінші рет қарау.
Оқиға орнын қарау
* Сіз үшін қауіпті емес пе?
* Не болды?
* Зардап шеккендер қанша?
* Айналаңыздағылардың сізге көмек көрсететін жағдайы бар ма? Қарау кезінде әрбір нәрсеге назар аударыңыз. Бұл оқиғаның немесе жарақаттың бастапқы себептерін көрсетеді. Егер зардап шеккен адам естүссіз болса, ал куәгерлер болмаса, түбегейлі қарау өте маңызды.

Бірінші рет қарау, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету (бірінші кезекте, өмірлік маңызды органдарға төнген қауіпті анықтауға бағытталған) ол:

1) есін тексеру (ми жүйесі);
2) тыныс жолдарының демалысын тексеру;
3) тыныс алудың болуын тексеру (өкпе);
4) пульсін тексеру (жүректің жұмысын).
Есін тексеру
— Зардап шегушінің есінен айырылмағанын анықтаңыз.
— Егер ол қатты айқай, иығынан жұлқылау сияқты сыртқы тітіркендіргіштерді сезбесе, оны көмек көрсетуге келісті деп есептеңіз.

Сіздің келесі әрекеттеріңіз:

Тыныс жолдарының демалысын тексеру
Пульсін тексеру

Жедел жәрдем шақыру
Жедел жәрдемді келесі кез-келген жағдайларда шақыру керек:

— ес-түссіз немесе ес деңгейінің өзгермелілігі;
— тыныс алудағы қиындықтар (тыныс алудың қиындауы немесе болмауы);
— үздіксіз ауру сезімі немесе кеудедегі қысымды сезіну;
— пульстің болмауы;
— көп қан кетуі;
— іштің қатты ауыруы;
— қан құсу немесе қанның бөлінулер (зәрмен, қақырықпен) шығуы;
— улану;
— сіңір тартылу, қатты ауыру немесе түсініксіз сөйлеу;
— бастың, мойынның немесе арқаның жарақаты, сүйек сыну ықтималдығы.

Тыныс алудың бұзылуын келесе белгілері бойынша анықтауға болады:

— Сау адамның тыныс алуы тұрақты, жеңіл және шусыз.
— Тыныштық жағдайдағы ересек адамның қалыпты тыныс алу жиілігі минутына 12-20 деп алуды құрайды. Балалар мен сәбилердің әдетте тыныс алу жиілігі жоғары.
— Зардап шегуші ауаны аузымен жұтады.
— Тыныс алуы шулы, ысқырықты. Тыныс алу кезінде бүлкілдеген дыбыстар, тыныс алудың жиілеуі немесе баяулауы. Тыныс алу кезіндегі ауыру сезімі.
— Өте терең немесе тым беткейлік тыныс алу.
Өкпені жасанды желдету үшін зардап шегушінің басын шалқайтыңыз және иегін сәл көтеріңіз.
5 сек ішінде көру, есту және сезіну бақылауын жүргізіңіз. Егер зардап шегуші тыныс алмаса, өкпені жасанды желдетуді жүргізіңіз.

Шоктық жағдай
* Қатты қан кетуден немесе организмнің сусыздануынан (құсу, іш өту, күйік) миға басқа да өмірлік маңызды органдарға қан мен оттегі келуінің төмендеуі нәтижесінде пайда болатын, өлім қаупін тудыратын жағдай.

Алғашқы көмек:

* зардап шегушінің жылытыңыз (көрпе т.б. жабыңыз);
Зардап шегушіні арқасымен жатқызыңыз, аяғын дене деңгейінен 30 см жоғары көтеріңіз (егер бас, мойын немесе омыртқа жарақаттанбаса).
* Зардап шегушіні тыныштандырыңыз, шоктың дамуына әкеп соғатын басқа да жарақаттар мен аурулардың болуы кезінде көмек көрсетіңіз. Зардап шегушіге сусын бермеңіз.

Талу

Миға қан келуінің уақытша төмендеуі салдарынан болатын жартылай немесе толық мерзімдік естен тану.

Алғашқы көмек:

* өмір сүру белгілері болуын тексеріңіз;
* шок жағдайындағыдай көмек көрсетіңіз: зардап шегушіні арқасына жатқызыңыз, аяғын басынан 30 см жоғары көтеріңіз;
* таза ауамен қамтамасыз ету;
* егер зардап шегуші 1-2 минут ішінде есін жинамаа, жедел жәрдем шақырыңыз.

Қан кету

Қанның ағуымен жүретін, тамыр қабырғасының бүтіндігінің бұзылуы

Сыртқа қан кету кезіндегі алғашқы көмек:

* Жараны қысыңыз;
* Зақымданған аяқ-қолды көтеріңіз;
* Зардап шегушіні арқасына жатқызыңыз;* Қысатын таңғышпен байлаңыз;
* Шокқа қарсы іс-әрекет жүргізіңіз.
— Егер қан дәкенің сыртына шықса, қосымша сулықтар таңып, ескі таңғыштың үстінен дәкемен ораңыз. Қан сіңген сулықтарды ешқашан шешпеңіз.
— Қолға немесе аяққа таңғыш салу кезінде, саусақтарды дәкемен орау қажет болмаса, саусақтарын ашық қалдырыңыз. Саусақтар бойынша таңғыштың тығыз оралғанын анықтауыңызға болады. Егер қолдың немесе аяқтың саусақтары салқындай бастап, жансызданса немесе түсі өзгерсе, таңғышты сәл босатыңыз.
— Пяқ немесе қолдардағы бақыланбайтын қан кетулер кезінде (аяқ-қолдың ампутациясы) жгут салу артериалдық қан кетуді толық тоқтатудың тиімді тәсілі болып табылады.
Бірақ бұл әдіс ең соңғы құрал ретінде қолданылуы тиіс, себебі барлық жағдайда тығыз таңғыш салу және артерияны саусақпен басу қан кетуді тоқтатуға жеткілікті болып табылады.

Түрлі температураның ағзаға әсері
Күйік

Бұл жоғары температураның, химиялық заттардың, электр тогының, күн сәулесінің әсер ету нәтижесінде тері және шырышты қабаттардың зақымдануы.
Тіндердің зақымдалу тереңдігіне байланысты күйікті үш дәрежеге бөледі:
І дәреже – терінің қызаруы байқалады;
ІІ дәреже – терінің күлдіреуі;
ІІІ дәреже – терінің және төмен орналасқан тіндердің қараюы. Күйік ауыру сезімімен және күйген жердің ашуымен бірге жүреді.
Алғашқы көмек:
Дереу жедел жәрдем шақырыңыз, егер күйік:
* Тыныс алуды қиындатса;
* Дененің бір бөлігін ғана алмаса;
* Бас, мойын, қол білезіктерін, табан немесе жыныс мүшелерінде болса;
* Балала немесе кәрі адамда болса.
Күйік химиялық заттардан, жарылыстан немесе электр тогының әсерінен болса.
Салқындату шағын күйіктер кезінде күлдіреудің алдын алады және қатты күйіктер кезінде тіндердің зақымдалуын азайтады.
— Бірінші және екінші дәрежелі сүйіктер кезінде жараны салқын сумен салқындатыңыз, тірақ мұзбен емес.
— Оны таза дымқыл сулықпен жабыңыз.
— Ісіну пайда болғанша, зардап шегушінің сақинасын, сағатын және басқа да заттарын шешіңіз.
Тыйым салынады:
— Күйген жерге зарарсыздандырылған немесе таза тампон- таңғыштардан басқа заттарды тигізбеңіз.
— Мақтаны пайдалануға және күйген жерге жабысқан киімді тартуға, күйік күлдіреулерді ашуға.
— Үшінші дәрежелі күйік кезінде жараны тазалауға (мүндай күйік кезінде зардап шегушіні мүмкіндігінше жылдам дәрігерге жеткізіңіз).
— қандай да бір кремдерді, мазьді, сепкіштерді, тіс пастасын жағуға.
Үсік
Үсік суық жарақатының кезек күттірмейтін түрі болып табылады және ағзаның тіндерінің қатуына әкеп соғады. Үсік, қол білезігі мен саусақсыз және аяқсыз қалдыруы мүмкін.
Алғашқы көмек:
— Егер дене температурасы 35 гр С-тан төмен болса жедел жәрдем шақыртыңыз.
— Үскен бөлікті ешқашан ысқыламаңыз.
— Үскен бөлікті қолыңызбен немесе дененің басқа бөлігімен жылытыңыз.
— Дененің үскен бөлігін, температурасы 38-42 гр С жылы суға салыңыз және қызарып, жылығанша ұстаңыз.
— Зақымдалған бөлікті құрғақ зарарсыздандырылған дәкемен ораңыз. Аяқ және қол саусақтары үскен кезде, олардың арасына дәке қойыңыз.
— Пайда болған күлдіреуді ашпаңыз.
— Зардап шегушіні мүмкіндігінше жылдам дәрігерге жеткізіңіз.
Жарақаттар
Тірек-қимыл аппараты құрылымының бүтіндігінің бұзылуы.
Тірек-қимыл аппараты жарақатының 4 түрі бар:
1) Сынықтар (сүйек, сүйек үсті, шеміршектер);
2) Буынның шығуы;
3) Бұлшық еттер мен сіңірлердің созылуы;
4) Бұлшық еттер мен сіңірлердің жыртылуы.
Алғашқы көмек:
— Жарақаттанғаннан кейінгі бір сағат ішінде тыныштық, салқынмен қамтамасыз ету.
— Егер сіз зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткіземін деп шешсеңіз, дененің зақымданған бөлігінің қозғалмауын қамтамасыз етіңіз (иммоблизация).
— Дененің зақымданған бөлігін жоғары орналастыру керек.
Имоблизация үшін келесі құралдар пайдаланылады:
— жұмсақ (көрпе, орамал т.б.);
— қатты (картон, тақтай, кітап және т.б.);
— анатомиялық (зардап шегушінің бекітуге көмектесе алатын дене мүшесі, мысалы аяғын аяғына);
— дайын шиналар. Алғашқы көмек:
— Жедел жәрдем шақырыңыз:
— Зардап шегушінің басын тауып алған қалпыңызда екі жағынан бекітіңіз.
— Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін бақылаңыз. Ес деңгейі мен тыныс алуды бақылаңыз. Сыртқы қан кетуін тоқтатыңыз.
— Дененің қалыпты температурасын сақтаңыз.
— Егер зардап шегушіге қорғаныс шлемі киіліп тұрса, оны шешпеңіз. Қорғаныс шлемін зардап шегуші деп алмаған жағдайда ғана шешіңіз.


Бөлім: ОБЖ

Добавить комментарий