РЕАЛИЗМ



РЕАЛИЗМ — көркемдік әдіс, яғни нақты өмір құбылыстарын көркем шығармашылықтың өзіне тән бейнелу құралдары арқылы шыншылдықпен суреттеу тәсілі. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік пошымы алуан түрлі болып келеді. Олардың бәріне ортақ нәрсе — болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелеу, өмір шындығын айнытпай кескіндейтін керемет картина, ғажайып образдар жүйесін жасау екені мәлім. Реализм әдістерінің мүмкіндігі мол, түрлері көп болғанымен ол шексіз емес. Көркем шығармашылық нақты болмыстан, өмір шындығынан алшақтаған жағдайда Реализмге орын қалмайды. Реализм әр түрлі тарихи-қоғамдық жағдайда, ұлттық және әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты туып қалыптасады. Сондықтан, оның дамуы барлық жерде бірдей болмайды.
Театр өнерінде ағартушылық Реализмі 18 ғ-да Англияда Т. Беттертон, Дж. Гаррик, Россияда И.А. Дмитревский, Польшада В. Богуславский сынды актерлер шығармашылығынан керініс тапты. Россияда 19 ғ-да сахна өнеріндегі Р. негізінен А. С. Пушкин, А. С. Грибоедов, Н. В. Гоголь, кейінірек А.Н. Островский, А.В. Сухово-Кобылин, Л.Н. Толстой, А.П. Чехов драмалары арқылы дамыды. Пушкин мен Гогольдің эстетикалық принциптері ұлы орыс актері М.С.Щепкин шығармашылығына негіз болды. Ол ағартушылық Р-інің классицизммен байланысты тар аясынан шығып, тұңғыш рет сахналық образға енудің принциптерін жүйелі түрде жүзеге асырды. Орыстың сыншыл реалистік драмасы негізінде ең әуелі Москва қаласындағы Кіші театрда (Садовскийлер, Л.П.Косицкая, И.В.Самарин, Г.Н.Федотова т. б.) және Петербург қаласындағы Александрин театрында (И.И.Сосницкий, А.Е.Мартынов, В.В.Самойлов, кейінірек М.Г.Савина т. б.) реалистік мектеп актерлерінің бүтін бір толқыны өсіп шықты. Орыстың сахналық Реализмі романтизмнен бірден қол үзе алған жок,. 19-20 ғ. аралығында орыстың ұлы трагик актрисасы М.Н. Ермолова мен көрнекті актер әрі режиссер А.П. Ленский шығармашылығынан романтикалық сарын байқалып келді. 19 ғ. театрында Реализмнің қалыптасуы кейіпкер бейнесін жан-жақты, нанымды жасауға бағышталған актер шығармашылығындағы тәсілді өзгертумен бірге, сахнадағы әлеуметтік нақтылы-тарихи жағдайларды көрсету барысына бетбұрыс жасады.Осыдан келіп театрдың барлық компоненттерін — сахна кеңістігі, декорация, түс пен жарық, дыбыс партитурасын дәл ұйымдастыру сияқты ансамбль қажеттігі туды. Бұл құбылыс 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басында режиссерлік өнердің театрда аса маңызды спецификалық элементі болып қалыптасуына ықпал жасады. Тарихи дәлдікке ұмтылыс Ұлыбританияда Ч. Киннің спектакльдері мен Германиядағы Мейнинген театрынан ерек-ше аңғарылды. Бат. Европа театрларындағы көрнекті реалист-актерлер: Э.Росси, Т.Сальвини, Э.Дузе (Италия), Б.К.Коклен (Франция), А.Макреди (Ұлыбритания) т. б. Театрлардағы реализм принциптері Москва Көркем театрының жаңашыл бастамалары негізінде толық қалыптасты. Көркем театр режиссурасында, әсіресе оның ірге тасын қалаушылар К.С.Станиславский мен В.И.Немирович-Данченко шығармашылығы мен актерлер ойынынан (И.М.Москвин, В.И.Качалов, О.Л.Книппер-Чехова, Л.М.Леонидов т. б.) Р. тәсілдері айқын көрінді. Музыкадағы Р. ұғымы өнердің басқа саласына қарағанда ерекше сипаттапады. Композитор саз бен сахналық көріністің немесе көзбен көріп, көңілмен ұғылатын ассоциациялық құрылысты тұрмыстық және синтездік заңдылықтың көмегіне сүйене отырып, музыкалық бейне жасағанда ғана музыкадағы реализм әдісі жайлы сөз қозғалады. Реализм тенденциясы (табиғат пен тұрмыстық көріністің жанды суреттері, адам мінезінің психол. нақтылы сәттерін бейнелеу) Қайта өркендеу дәуірінің өзінде-ақ пайда болып, барокко мен классицизм музыкасында өркен жайды. 18 ғ-да Р. Италия, Францияда өрістеп, орыстың комедиялық операсы мен австрия және неміс зингшпильдерінен орын алды. 19 ғ-дың 1-жартысында романтик-композиторлар (Ф. Шуберт, Р.Шуман, Ф.Шопен, Г.Берлиоз, Ф.Лист) музыкалық ерекшеліктерді тереңдетіп, ондағы ұлттық және тарихи нақтылықты күшейте түсті. 19 ғ-дың 2-жартысында Бат. Европа музыкасындағы реализм өкілдері Ж. Бизе («Кармен»), Дж. Верди («Отелло», «Фальстаф»), ішінара Р.Вагнер («Нюрнберг мейстерзингерлері») өз алдына шығармашылық әдіс ретінде қалыптасқан терең бейнелі типтік-әлеуметтік, психологиялық образдар жасады. Бұдан ертерек бұл әдіс сыншыл реализм түрінде орыс музыкасында А.С.Даргомыжскийдің (романстары мен «Русалкасы») қалыптасты. Оны жүзеге асыруда М.И. Глинканың халық өмірін бейнелеуге арналған музыкалық шығармаларындағы жетістік («Иван Сусанин» т. б.) үлкен роль атқарды, Музыкадары Р. шыңы — «Құдіретті топтағы» композиторлар М.П. Мусоргский, А.П. Бородин, әрегідік Н.А. Римский-Корсаков (романтизм ерекшеліктері сақталған) және П.И. Чайковский (кейбір кезде романтизмге жақын) шығармалары. Олар халық әндеріне, тұрмыстық музыка мен әуенді қара сөздің интонациялық қасиетіне сүйене отырып жан-жақты музыкалық образ жасады. Бейнелеу өнерінде сыншыл реализм бастамасы 18 ғ-дан байқалады. Суретшілер шығармашылығындағы қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігіне үңілу, жекелеген мінезге көңіл аудару, қоғамдағы кертарпа салт-сананы келемеждеу (Францияда Ж.Б.С.Шарден, Ж. Б. Грез, т. б.; Англияда У.Хогарт, Германияда Д.Н.Ходовецкий) ағартушылық идеяларының шартына барындырылды. Ф.Гойя шығармашылығы ерекше орын алды. Ол өз еңбектерінде төңіректі қоршаған дүниенің жанды поэзиясын қалай ашса, әлеуметтік қайшылықты аяусыз талдауда соншалықты батыл қадам жасады. 18 ғ. мен 19 ғ-дың алғашқы бөлігінде, романтизмнің қалыптасу кезінде бейнелеу өнері (портрет, тұрмыстық жанр мен табиғат көрінісі саласында) реализмге бет бұрды. Францияда Т.Жерико мен Э.Делакруа өмірінің нақтылы көрінісін бейнелеуге ден қойып, оның шытырман оқиғаға толы тынысын суретеді. Осы бағыттың әсерімен өз заманының өткір мәселелеріне тереңірек үңілген О. Домьенің шырармашылыры қалыптасты, Россияда 19 ғ-дың 1 жартысында реализм тенденциясы О.А. Кипренскийдің, В.А.Тропининнің портреттерінен, А.Г. Венециановтың шаруалар тұрмысы тақырыбына жазылған каритналарынан, С.Ф. Щедриннің пейзаждарынан айқын көрінді. К.П. Брюллов шығармашылығы арқылы қанаты қатайған Р. принциптері өмірдегі шынайы көріністерді терең философиялық тұжырыммен ұштастыра білген А.И.Ивановтың, әсіресе, «кішкентай жандардың» шығармаларының арқауына айналды, Федотов еңбектеріндегі айрықша пафос оған орыстың демократиялық Р-нің негізін салушылардың қатарынан орын әперді. 19 ғасырдың 2-жартысында сыншыл реализмнің қалыптасу процесі бірқатар елдерде өрбіді. Германияда ол бидермейер мен оған жақын шеберлердің еңбектерінен (Г.Ф.Керстинг, И.П.Хазенклевер, Л.Ф.Райский, К.Блехен, К.Шпицвег т. б.) көрініс тапты. Реализм Польшада, П. Михалковскийдің романтикалық серпінге толы туындыларынан орын алса, Ұлыбританияда бұл процесс кейбір прерафаэлиттер еңбегінен (Х.Хант, Ф.М.Браун) ауық-ауық байқалып отырды. 19 ғ-дың ортасында реализм пісіп-жетіліп, ұлттық әрі стильдік ерекшеліктерді бойына сіңіре отырып жан-жақты дамыды. Әйтсе де, олардың бәріне реализм әдісінің жалпы қасиеттері ортақ күйінде қалды (өмір шындығын бейнелеудегі нақтылық, теңіректі қоршаған дүниені, оның сан қырлы құбылыстарын тыңғылықты зерттеу, күнделікті өмірдің эстетикалық мәніне үңілу, әлеум, бағыт айқындығы, шындықты уақыт ырымы деп түсіндіру т. б.). 19 ғасырдың ортасындары реализмнің ең ірі өкілі Г. Курбе болды. Ол 1855 ж. езінің бардарламалық сурет көрмесін «Реализм павильоны» деп атады. Мүсін өнері саласында реализм 19 ғ-дағы кескіндеме, графика жанрларындарыдай шарықтап дами алмады. Бұл бағытта тек жекелеген шеберлердің есімдері ғана (Францияда О. Роден, Бельгияда К. Менье) мәлім болды. 19 ғасырдың 2-жартысында орыс кескіндемесінде реализмнің қалыптасуы демократиялық қорамдық ойдың есуімен тікелей байланысты. 19 ғасырдың соңғы ширегінде реалист-шеберлердің тамаша толқыны передвижниктер тобына бірікті. В.Г. Перов, И.Н. Крамской, И.Е. Репин, В.И.Суриков, Н.Н. Ге, И.И. Шишкин, А.К. Саврасов, И.И. Левитан т. б. тұрмыстық, тарихи, сондай-ақ портрет, пейжаз жанрларында реализм барытын түбегейлі қалыптастырды. Осы тұста реализмнің ірі өкілдері басқа елдердің ұлттық мекмептерінен де шыға бастады: Германиядан А.Менцель, В.Лейбль, Венгриядан М.Мункачи, Чехииядан И.Манес, К.Пуркине, АҚШ-тан У.Хо-мер, Т.Эйкинс. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында сыншыл Р. дәуірі демокр. қозралыспен тығыз байланысты болған Т. Стейнлен, А. Бурдель (Франция), Г. Цилле, К. Кольвиц (Германия), Ф. Брэнгвин (Англия) т. б. шырармашылырынан елеулі орын алды. 20 ғасырдың басында Р. дәстүрі, әсіресе Россияда (В.А.Серов, К. А.Коровин, С.В.Иванов, Н.А.Касаткин, А.С.Голубкина т. б.) өркен жайды. 20 ғасырлары Р. тенденциясы өмір шыңдарын зерттеудегі жаңа ізденіс, жаңа шешімдермен, көркемдік ойды жеткізуде жаңа тәсілдер табуымен ерекшеленеді. Реализмнің айтылмыш қасиеттері бельгиялық Ф.Мазерель, мексикалық Д.Ривера мен Д. Сикейрос, американдық А. Рефрежье, француз А.Фужерон, итальян Р. Гуттузо еңбектерінен айқын көрініс тапты.


Бөлім: Мәдениеттану

Добавить комментарий