Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындар



МАЗМҰНЫ
Кіріспе……….3-4
Негізгі бөлім…….5-10
І тарау
1.1 Дене тәрбиесі мәселелері……….5-7
1.2 Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындары мәселесі……7-10
ІІ тарау
2.1 Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызы……11-15
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының қимыл дағдысын ұйымдастыру……..11-13
2.3 Қозғалмалы ойын алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктері…………13-15
Практикалық бөлім………..16-23
Қосымша…..24-26
Әдебиеттер тізімі………..27
Кіріспе
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру сабақтарында қимыл-қозғалыс ойындарын қолдану.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында қозғалмалы ойындардың қолданылуы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу. Дене тэрбиесінің мақсаты, денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын корғауға және ұзак уакыт шығармашылық енбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасыныңн Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпактар алдында орасан зор жауапкершілк жүгін арқалайтынымыздығы, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екеніміз» туралы айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпактың дене тэрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғандығын көрсетеді. Ол тусінікті. Келешекте Азия барысына айналатын және де елелі 50 мемлекеттің қатарына қосылуына ат салысып еліміздің іргесін нығайтатын да казіргі жас ұрпақ.
Осы жас ұрпақты дене жетілдіруінің бастауыш сынып дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу бөлігінде, қимылды ойындар ерекше орынды алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл- қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
 Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
 Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;
 Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
 Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
 Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;
 Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
 Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесі
Зерттеу заты: Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындар
Ғылыми болжам: Бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыруда және физиологиялық тәрбиелеуде қозғалмалы ойындардың мәні зор.
Әдіс-тәсілдер: Психодиагоностикалық, жаттығулар, дене тәрбиесіндегі әр түрлі ойын түрлерін қолдану
Зерттеу базасы: 3 сынып, Қарағаш орта мектебі
Зерттеу жаңалығы:
 Баланың физиологиялық дамуында ұлттық қозғалмалыойындардың алатын орны зор.
 Қозғалмалы ойындар бастауыш сыныптағы баланың дамуына үлкен роль атқарады.
 Дене тәрбиесі оқытушыларына әдістемелік материал ретінде ұсынуға болады.


Бөлім: Мәдениеттану

Добавить комментарий