Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелері



Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі:ерте қола-б.з. дейнгі ХVІІІ-ХVІғ.ғ. орта қола -б.з. дейнгі ХVІ-ХІІ ғғ; кейнгі қола -б.з. дейнгі ХІІ-
VІІ ғ.ғ. басы. Бұл кезендер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев кезеңдерін көрсетеді деп есептетіледі. Бірақ кейн Федоров ескерткіштері ерте қола уақытына жататына даталанды. Сөйтіп андронов мәдениетінің дамуының сындарлы суреті бұзылды. Мұның үстіне Федоров
ескерткітерінің ерте және кейінгі кезеңдерге бөлініп ыдырап кететіні анықталды. Егер бұрын ескерткіштер Орталық Қазақстанмен Оралдан табылса; енді кейінгілері Батыс Сібірден; Қазақстаның оңтүстігі мен оңтүстіік-шығысынан табылды. Орта-Азиядан табылды. Әсілі. Федоров тайпаларының жан-жақты таған кіндігі Қазақстан болса керек; олрды бұл ардан тайдырып жібергендер алакөл тайпалары, Орталық Қазақсанға олар бір белгісіз бір батыс орталықтан келеді.
Қоланың кейнгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет-Беғазы-Дәндібай құрылуымен белгілі. Бұл мәдениетке Тән-бір қасиет ол бірінші жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардан айрықша типі өзінділік ерекшелігі бар жерлеу дөстүрі, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болды. Мәйттерді бүктеліп жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызып қою да кездеседі. Бұл мәдениетке Ақсу-Аюлы қабыры жатады. Мұндағы ең үлкен обаның биіктігі 2м., Төбешік астында дөңгелектеніп орналасқан үш қатар радиальды тас қоршау бар екен.
Бұл дәуірде жер бетіне жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылды. Тағыбай-бұлақ қонысында алты тікбұрышты жер бетіндегі тұрғын үй бар екен. Үй қабырғалары жерге паралельді түрде көмілген тақта тастар қатарынан тұрғызылған, тақта тастар арасындағы қуыс ұсақ тастар топырақпен қабат-қабат етіліп бітеліп тасталған. Орталық Қазақстанның таулы аймақтарында тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңнен пайдаланылған. Жертөлелер қабырғалары ағаш тақталармен көмкеріліп, оның төбесін ағаш бағандардың тұтас бір жүйесі тіреп тұрған.
Мәдениетті дамытуда металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған. Орталық Қазақстанның поле металдық ошағы көрші жатқан Алтай, Сібір, Орал өңірі сияқты аймақтар мәдениетін дамытуға да ықпалын тигізген.
Солтүстік және Батыс Қазастанда көптеген андроновтық мәдениет ескеткіштері ашылып, зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты-бұлақ қорымы кеңінен мәлім болды. Орманды дала зонасындағы топырағы төбешік болып үйілген Дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдарды бірден тануға болады. Батыс аудандарда сақина секілді дөңгеленте салынған қоршаулар етек алған. Бұл аудандарда небәрі 80-нен аса қоныс пен 90-ға тарта қорым бар.
Ертедегі қола кезеңіне мәиітті өртеп көму рәсімі жатады. Петропаловск қаласының маңындағы Вишневск қонысында қазба жұмыстарын жүргізген кезде көлемі 126 шаршы метр жер беті тұрғын үй табылды, оның ағаш шатырын ағаш бағандар тіреп тұрған. Сол кездегі алғаш қалалардың алдың алушылар деп атауға келетін қоныстар пайда болады. Солардың бірі Арқайым Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан орын тепкен.
Орта қола кезңінде үй салу, қоныстандыру ісі өлікті жерлеуді ұйымдастыру жерлеу ғұрпы біраз өзгергенеді. Қоныстарға бұрынғыша бекіністер салынбайды. Тұрғын жайлар-жартылай жертөлелілер тікбұрышты ұзынырақ болып келеді. Оның 140-тан 200шар.м. дейінгі көлемі қоржын сиқтанып екіге бөлінеді, еденінді біреуден сегізге дейін ошағы болады. Мұндай тұрғын жайлар Явленка Тасты-бұлақ қоныстарында болған.
Кейнгі Қола дәуірінде оның бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның тайпалары Арал өңірінің Қима мәдениетінің ал Батыс Қазақстан — Еділ бойының Қима мәдениетінің қатты ықпалына түседі. Кейінгі қола дәуірі қоныстарында түрі жағынан тікбұрышты, сопақ, сегіз тәрізді жартылай жертөлелер көбірек кездеседі. Көлемі 300-400шар м,. дейін баратын орасан зор жертөлелер салу етек ала бастайды, Олар қысты күні мал ұстайтын болған. Шаруашылықта мал өсірудің, әсіресе жылқы өсірудің рөлі арта түседі.
Шығыс Қазақстанда Андронов мәдениетінің дамуы да осы тектес жолмен жүреді. Ертіс пен Бұқтырманың Күршімнің көкорай шалғынды алқаптарынан , Алтайдың таулы аудандарынан Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола дәуірінің оңдаған қоныстары мен қорымдары табылды., олар-
дың дамуы мен қалыптасуына жез бен қалайының алтынның аса бай көздері әсер етеді.
Қанай қорымы қорымы және онымен жарыса қатар орналасқан қоныс қабырғаларының дені кейінгі қола кезңіне жатады. Ертістің оң жағалауындағы қонытан көлемі 50шар.м. тікбұрышты жартылай жертөле және омен жалғас қоражайлар қазылып аршылып алынды. Үй қабырғалары қамыспен бастырылып сылақталған.
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу Қола дәуірінің кезінде-ақ игеріліп ел-жұрт тығыз қоныстанған аймақ болатын. Жетісуда Андронов мәдениетінің өзіндік варианты бартұғын. Таңбалы мен Қаратаусияқты тастағы аса үлкен шоғыры тек Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінен ғана табылды. Жетісуға Федоров пен Алакөл тайпаларының мәдениеттері элементтерінің араласып-құраласып жататыны тән болып келеді. Федоров дәстүрінде қоршаулар тікбұрышты және дөңгелек болып келетін қабырғалар көбірек кездеседі. Жер моллалар мен жәшіктерге таулы аудандарда қима қабырғаларға өліктерді табытқа салып қою, өртеп күлін көмумен ұштасып жатады.
Жетісудың орта қола дәуірін Таңбалы, Қарқұдық қорымдары арқылы көзге елестетуге болады. Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан Таутары қорымы қазылып ашылды.
Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан қола дәуірінің бірегей ескерткіші Тегіскен кесенесі ашылды. Тегіскеннің тым ертеректегі мазарлары қамкірпіштен салынған оны жоспарлауға негіз болған нәрсе сыртқы қабырғалар. Қыш ұстындарға қоса оларды қайталанғандай ағаш бағандар тұр. Орталық бөлмеге қойылатын өлікті мазармен бірге өртеп жүретін болған. Тегіскен қорымдарының мәдени тегін анықтау өте қиын. Бірінші жағынан алсақ Бұдан Андронов мәдениетінің дәстүрін көруге болады. Тегіскен мазарлары Дала мен отырықшылар мәдениеттерінің өзара жақындасып,ықпалдасып жатқан бастапқы кезеңдерінен хабар береді.
Тастағы суреттер Дін көп жағдайда көкем өнердің да даму жолын анықтап отырған. Мәселен құдайлардың тас бейнелері үлкен көркемдік талғаммен мейлінше шынайы жасалып отырған. Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып кілегей қоңыр қабыршақпен жағылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар, Күн бейнелі адамдар суретін соғыс арбаларымен соғыс көріністерін салған. Бұл адамның рухани мәдениеті және оның дүние танымы жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып табылады. Қазақстан жартастағы суреттер петроглифтердің саны және алуандылығы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі.
Таңбалы мен Ешкі өлместен Қаратау мен Маймақтың Тарбағатай мен Бөгентаудың байлығы жағынан таңғажайып тамаша суреттерін археологтарымыз әбден байыптай зерттеп, олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Қола дәуірінің адамдары ойлаудың мифологиялық сатысында болған. Ежелгі кісілер үшін өмір-тіршілік табиғаттың қайталанып отыратын мезгілдері-көктемдегі күнмен түннің теңелуі, әрқайсына құдай жолы деп құрбандық атап жасап отырған. Қола дәірінде және кейініректегі кездері мұндай қасиетті орындар жартастар жанында болған. Сол себептіде оқымыстылар белгілі бір әдісті қолдана отырып осынау суреттер шоғырын уқыт жағынан қарастырып алып олардың әртүрлі топтарымен қатпарларын айырып талдайды.
Ғалымдар қола кезеңіне бірқатар суреттерді сюжеттермен композициларды жатқызады. Андроновшылардың Жартастағы суреттерінде жиі кездесетін бейне образдың бірі –ор мүйізін алға кезіп жабайы бұқаның суреті. Олардың әуелгі бейнесі неолит дәуірінде пайда болған.
Турдан басқа қолға үйренген үй бұқасыныңда суреті кездеседі. Ол жер жыртқан кезде соқаға немесе арбаға жегулі күйде бейнеленген. Әлемді жарату жөніндегі мифтерде дүние- Күн құдайы Митра құрбандыққа шалған. Тумысынан әуелгі бұқаның мүшелерінен жасалған делінеді.
Айтпақшы сол Айгөлектің өзі күннің бейнесі, ал қатысушылар қимылы — жарық күннің көктегі жайлы жолын көрсету. Бұқа бейнесі — құнарлық пенқұдірет, қуат идеясына байланысты.
Жартас көркем өнеріндегі сүйкімді сюжет-қос өркешті бактриян түйе. Қола дәуірінде олжай тұрған күйінде бейнеленген. Қола дәуірі петроглифтерінің арасында соғыс арбасын бейнелеу де кеңінен таралған. Қаратау тастарындағы суреттерде соғыс арбасы 49 жерде кездеседі.Олар Таңбалыда да, Ешкі өлместе де кездеседі. Олардың көпшілігінде екі доңғалақты аңшы және соғыс арбалары көрсетілген. Олардың бәрі бір мәнерде арба бөлшектеніп, доңғалақтары алынып оның екі жағына қойылатын тәрізді етіп салынған.
Тастағы суреттер ішінде жер жырту көріністеріде кездесіп қалады, оларда соқаға жегілген бұқалар, аттар мен ешкілер бейнеленді. Соқа басында адам болады.Алтын соқа жайлы және бірінші түрен тарту түсініктер, аңыз- әпсаналар көптеген халықтарда бар. Ежелгі түсініктердің жұрнағы, көбіне көп өзгертілген күйде қазақтармен Қазақстанды мекендейтін басқада халықтар арасында сақталып қалғаның айрықша атап өту керек.


Бөлім: Мәдениеттану

Добавить комментарий