ҚР патенттік құқығы



Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Өнертабысты құқықтық реттеудің қайнар көздері

2. Өнеркәсіптік меншік объектілері жүйесі түсінігі және жалпы

сипаттамалары.

3. Өнертабыстың жаңашылдығы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың дамуы кезеңінде патент құқығын кешенді зерттеуге арналған. Оның ғылыми жетістіктерін жаңадан қабылданып жатқан заңдарда қолдану азаматтық құқық саласындағы аса маңызды мәселелердің бірі. Аталған жүйе өзінің даму барысында қоғамдық мүддеге сәйкес болуға ұмтылады және өнертабысшыларға олардың құқығын қорғауға кепілдік береді.

Сонымен қатар қоғамның өнеркәсіптік меншік объектілерін иеленуін қамтамасыз етеді. Бұл заңдарды жинақтау нормаларды ғылыми өңдеуді, әрекет етуші заңдағы қарама-қайшылық пен кемшіліктерді толықтыруды талап етеді. Жұмыстағы өнертабысқа жүргізілген азаматтық-құқықтық саралау негізінде өнертабысты өнеркәсіптік меншіктің объектісі ретінде анықтауға толық мүмкіндік беруге талпыныс жасалады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік меншік өзінің қалыптасу сатысын тұрақтандыруда және ары қарай әлемдік интеграцияға ұмтылуға қадамдар жасауда.

Онда КСРО кезіндегі заңдарда мүлдем болмаған, нарық жағдайындағы өнертабысты дамытуға бағытталған, өнертабыстық мәселелердің жаңа шешімдерінің бірқатар жаңа нормалары бекітілуімен ерекшеленеді.

Қабылданған жалпы ереже бойынша патент құқығы, азаматтық құқықтың бір институты болып табылады. Бірақ оған қарамастан патенттік құқықтық қатынастар азаматтық-құқықтық реттеу пәнінің шеңберін әрі қарай толықтырып реттеу шараларын жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының әрекет етуші патент заңының кешендік сипаты тек азаматтық заңдарымен қатар Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерін қайнар көз ретінде қарастыру қажеттігін талап етеді. Өйткені ұлттық патент заңдарының дамуы үшін негізінен өнеркәсіптік меншіктің оның ішінде өнертабыстың қайнар көзі болып табылатын мемлекеттің ішкі нормативтік актілерінің өзара үйлесімділігін қажет етеді.

Біз инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығастардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 млн. доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлігі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жақсарту мен жаңартуға жұмсалатын болады. Бұл орайда ғылыми және инновациялық үрдіске деген көзқарасымыздың өзін өзгертуіміз керек. Ғылымды реформалау құрылымдық өзгерістерді ғана емес, оны қаржыландыру көлемінде қамтуға тиіс. Яғни, ғылыми және қолданбалы зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру көлемі ұлғайтылуы қажет [1].

Қазақстанның патент заңының даму процесі индустриясы дамыған елдердің заңдарына қарқынды түрде жақындасуда. Мұндай ілгері ұмтылушылық халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес келеді. Өйткені технологияны патенттеу мен өндіріске енгізуде коммерциялық мүдде тек жекелеген бір елдің географиялық шеңберімен шектелуі мүмкін емес.

— КСРО кезінде патент жүйесі тұтас күйде қалыптасқан еді. КСРО ыдырауына байланысты Қазақстан Республикасы жеке патенттеу жүйесін қажет етті, міне осы өте қажет кезеңде Қазақстан Республикасының Патент ведомоствосы құрылды. ТМД елдері ішінде алғашқылардың бірі болып 1992 жылы 24 шілдеде біздің Республикамыз бірінші Патент Заңын қабылдады. 1992 жылы қабылданған Қазақстан республикасының Патент заңы біздің еліміздің осы саладағы әрекет етуші халықаралық конвенцияларға қосылуына негіз болды. Ал 1999 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Патент заңы өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды одан әрі кеңіте түсті. Сонымен қатар бұл заң нормалары халықаралық конвенциялардың ережелеріне сәйкес келеді.


Бөлім: Менеджмент

Добавить комментарий