Қарызгерлер жұмыс жөніндегі бюро



Кіріспе………………………………………………………………………………………….6

1 – тарау.Менеджменттің әдістемесі және бақылау

процесі……………………………………………………………………………9

1.1.Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырудағы бақылау

қызметі………………………………………………………………………………….9

1.2.Бақылау процесінің мазмұны және мәні ………………………………….

1.3.Менеджмент жүйесіндегі бақылаудың негізгі кезеңдері мен түрлері………………………………………………………………………………………..13

2 – тарау. «Қарызгерлер жұмыс жөніндегі бюро» ЖШС-нің Орал қаласындағы филиалының іс-қызметінің сипаттамасы…………………………………………………………………………………..23

2.1. . «Қарызгерлер жұмыс жөніндегі бюро» ЖШС-нің Орал қаласындағы филиалының ұйымдық сипаттамасы…………………………23

2.2. Ұйымдағы персоналды басқаруды ұйымдастыру……………………..40

2.3. . «Қарызгерлер жұмыс жөніндегі бюро»Орал қаласындағы өкілдігінің ақпараттық-базалық жүйесі…………………………………………..45

3 – тарау. . «Қарызгерлер жұмыс жөніндегі» ЖШС-нің Орал қаласындағы филиалының іс-қызметін жетілдіру……………………………………………………………………………………….50

3.1. Кадрларды іздеу және таңдауды жетілдіру……………………………….50

3.2. Персоналдың мансабын жоспарлау………………………………………….56

3.3. Персоналды бағалау әдістерін жетілдіру………………………………….62

Қорытынды және ұсыныстар………………………………………………………….67

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………….70

Кіріспе

Менеджменттің аса маңызды міндеттерінің бірі — өзінің қарамағындағы адам ресурстарын тиімді пайдалану.

Қызметкерлерді ынталандыру тақырыбы өзекті тақырып болып табылады. Себебі, персонал – бұл ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор. Тек адамдар ғана жұмысты ойдағыдай орындайды, идеяларды ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіндік береді. Персонал ұйымды құраушы тұлға болып табылады.

Біреудің тапсырмасымен адамдардың қандай жағдайда жұмыс істеп жатқандығын басшы әрқашанда біліп отыру керек. Кезінде адамдарды қорқытып үркітіп құл ретінде жұмсаған болса, келе келе оларға бас бостандығы берілген, ерікті түрде бағынатын, жұмысты өз қалауынша істейтін жұмысшылар қатарына қосылды. Адамдар неғұрлым ерікті болған сайын, жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызған сайын, оларды басқару күрделене түсті.

Мотивация үшін таңдаулы деген бір ғана әдіс болмайды, адамдардың біреуіне мотивацияның бір түрі тиімді болғанмен, екіншісіне түкке жарамауы мүмкін. Сонымен қоса ұйымның өзі де жеке бір адамға бейімделген мотивация теориясын іс жүзіне асыруды күрделендіре түседі. Жұмыстың өзара тәуелділігі, жекелеген адамдардың жұмыс нәтижсі туралы мәліметтердің жеткіліксіздігі, технологияның жетілдірілуінен қызмет міндеттерінің жиі өзгеруі – осының барлығы мотивацияны күрделендіре түсіреді.

Бұл жұмыс «Қарызгерлер жұмыс жөніндегі бюросы» ЖШС-нің Орал қаласындағы филиалының персоналы туралы толық мәлімет береді.

Бұл жұмыстың басты мақсаты – филиалдағы персоналдардың іс-қызметіне талдау жасау, оларды ынталандыру шараларын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын ұсыну. Осы мақсаттан туындайтын міндеттер: персоналды басқаруға, кәсіпорынға жалпы сипаттама беру ; көрсетілетін қызметтің көлемін және сұранысқа қаншалықты ие екендігін анықтау ; қаржылық есептерге салыстыру негізінде талдау жасау; кәсіпорын жұмысшыларының санын, жалақының мөлшерін және жалақы қорын анықтау негізінде оған талдау жасау; кәсіпорынның басқару және ұйымдық құрылымын қарастыру; персоналмен жұмыс істеуді зерттеу, персоналға қатысты барлық кемшіліктерді жою және оны жетілдіру жолдарын дамыту.

Бұл жұмысты жазу барысында «Қарызгер жұмыс жөніндегі бюросы» ЖШС-нің Орал қаласындағы филиалының жарғысы, филиал туралы ереже, жылдық есептері, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер, лауазымдық нұсқаулар пайдаланылды. Сонымен қатар отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері қолданылды.

Филиал Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Жарғысы негізінде қызмет етеді.

Филиал заңды тұлға болып табылмайды, орталықтың оқшау бөлімшесі болып есептеледі. Филиал Орталықтың атынан Кеңес Директорлар шешімімен бекітілген және де Әділет Департаментінде тіркелген Ереже негізінде әрекет етеді. Филиал Директоры Орталықтың атынан берілген сенімхат арқылы жұмыс жасайды. Филиалдың жеке балансы жоқ. Өз жұмысын атқару үшін Филиал белгіленген заңды түрде банкілерде есеп шот ашады.

Орталықтың негізгі міндеттемелері:

— салық берешегінің есебіне салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін сату бойынша аукциондар өткізу;

— жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне келіп түскен мүлікті, соның ішінде тәркіленген және иесіз мүлікті сату бойынша аукциондар өткізу;

— таратылған заңды тұлғаларды конкурстық массасын, сондай-ақ дебиторлық берешек есебіндегі мүлік пен өзге де мүлік түрлерін сату бойынша аукциондар өткізу;

— бюджеттік несиелер мен мемлекетпен кепілдірілген қарыздар бойынша республикалық бюджет алдындағы берешекті өтеу есебіне қарыз алушылардан алынған және өндіріп алынған мүлікті, сондай-ақ жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен мүліктерді бағалау, есепке алу, сақтау мен сату;

Ұйымның басты міндеттерінің бірі- сапаны жетілдіру және сәйкессіздіктердің алдын алу мен оны түзету бойынша дер кезінде шара ұйымдастыру. Күнделікті жақсарту процесі СМЖ нәтижелілігін жақсартуды қамтамасыз ету үшін арналған. Бұл процесті іске асыру сапа облысындағы мақсаттар мен саясатты пайдалану, аудит нәтижесін, ескертуші және түзетуші әрекеттердің мәліметтерін талдау және басшылар тарапынан талдау негізінде жүзеге асырылады.

Дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей әдістер қолданылды:

— статистикалық;

— монографиялық;

— есептік-конструктивтік


Бөлім: Менеджмент

Добавить комментарий