САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ



Ж О С П А Р

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………….3

1 Бөлім. САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ…………………………4

1.1.Сапа менеджментінің сегіз қағидасының принциптері…………………….4

1.2. Сапа менеджментінің жүйелері………………………………………………………9

2 Бөлім САПАНЫ БАСҚАРУ………………………………………………………………15

2.1. Жоғарғы басшылықтың сапа менеджменті жүйесіндегі ролі………….15

2.2. Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау………………………………..16

Қортынды………………………………………………………………………………………….19

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………….. 20

КІРІСПЕ

Сапа менеджментінің жүйесі — әлем мойындаған және кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы. Бүгінгі таңда Сапа менеджменті жүйесін ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп жасау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

9000 сериялы ИСО стандарттары тұтынушы талаптарын қанағаттан-дыратын тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастыру жөніндегі дамыған елдердің жинақталған тәжірибесінің көрінісі болып саналады. Бұл стандарттардың ережелерін кәсіпорында орындау дегеніңіз — өндірілетін өнімнің сапасын жұрт мойындаған кепілдікпен қамтамасыз ету.

Жұмыстарды арнайы құрылған бөлімше – Сапа кепілдігі басқармасы жүргізеді. Сапа менеджменті жүйесінің әдістемесі мен тәсілдері компания құрылымын өзгерту және ағымдағы үдерістерді жеңілдету мен жақсарту кезінде қолданылды. Сапа менеджменті жүйесін жасақтау тұсында компания өз қызмет аясының түрлі салаларын басқаруды жетілдіріп, ол өз кезегінде жаңа үдерістерді, құжаттардың жаңа үлгілерін жасау мен қолданысқа енгізу ісінде көрініс табады.

Дамыған елдердің жүз мыңдаған тауар өндірушілері өз қызметтерін осы нормаларға сәйкестендіреді. ТМД елдеріндегі олардың саны бірнеше онмен ғана саналады, алайда халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуге ұмтылыс қарқын алып келеді.

Сапа менеджменті анықтамасын қарастыру үшін үйымды басқару дегеніміз не дегенді жалпылама тұрғыда бейнелеп алған пайдалы.

Барынша қарапайым түрде айтқанда басшылық дегеніміз мақсаттарға қол жеткізу жолында ресурстарды ұйымдастыру, бақылау және басқару.

Оны неғұрлым дәлірек ұйымның мақсаттары мен міндеттерін, басшылықтың саясатын айқындау және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін сол саясатты басқару жүйесіне енгізу ретінде бейнелеуге болады.


Бөлім: Менеджмент

Добавить комментарий