Кәсіпорынды басқару



М а з м ұ н ы :

Кіріспе…………………………………………………………………………………………5

І — тарау. Ұйымды басқару теориясы және менеджмент

негіздері

1.1. Басқару жұмыстарының экономикалық қажеттілігі……………..7

1.2. Басқару ғылымының кезеңдері және мектептері……………….12

1.3 . Қазақстандағы менеджменттің дамуы…………………………………20

1.4. Менеджмент принциптері, функциялары, әдістері мен қызметтері……………………………………………………………………………………24

ІІ – тарау. «БҚО фермерлерді қолдау қоры» жағдайындағы ұйымдастырудың жұмыстарын басқару

2.1. Кәсіпорынның экономикалық , ұйымдастыру және басқару қызметтерінің сипаттамасы…………………………………………………37

2.2. Фермерлерді қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қызметі,мәні…………………………………………………………………………45

2.3. Кәсіпорын жағдайындағы негізгі жұмыстарды басқару…………………………………………………………………………………50

ІІІ–тарау. Кәсіпорынды басқару жолдарын жетілдіру бағыттары

3.1. Менеджмент процесстерін жетілдірудің нарықтық жолдары……………………………………………………………………………….61

3.2. Кәсіпорында қаржы және басқада өндірістік ресурстарды пайдаланудың басқару жолдары.. …………………………………………67

3.3. Кәсіпорын жұмыстарына инновациялық стратегияны қолдану бағыттары……………………………………………………………….77

Қорытынды…………………………………………………………………………………..80

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………….83

Кіріспе.

Нарықтық экономикаға өту басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды талап етеді. Кәсіпорының тиімді қызмет етуі көп жағдайда басқару шараларына байланысты.Сол себепті басқаруды ұйымдастырудың маңыздылығы әрбір ұйым, әрбір қор, әрбір кәсіпорын үшін өте маңызы зор. Өйткені кәсіпорын аз шығын мен көп пайда табу үшін тиімді басқару, жоспарлау, ұйымдастыру, жігерлендіру, бақылауды жақсы жүргізе білуі керек. Мұның бәрі кәсіпорынды нарықта өз орнын ұстап тұруына, басқа кәсіпорындармен бәсекелестікке түсуге, жоғары сапалы өнім шығаруға, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасымен дұрыс қарым-қатынас жүргізуіне жұмысшыларды еңбекке жігерлендіруге, жаңа технологияларды өндіріске қолдануға, нарықтық экономиканың ағымына байланысты жедел, тиімді шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар осы шаруашылықтардың шараларының барлығын белгілі бір жүйеге келтіріп, бақылау жасауға ықпал етеді. Басқаруды ұйымдастырудың қажеттілігін сұраныс пен ұсынысын қамтамасыз етуде маңызы зор.

Қандайда болмасын кәсіпорын нарықта өз орнын табы білуі, бірден бір ықпал ететін басқаруды ұйымдастыру екендігіне көз жеткізу осы тақырыптағы дипломдық жұмысқа негіз болды.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты кәсіпорындағы басқару қызметін ұйымдастырылуын жетілдіру жолдарын анықтау. Зерттеу аспектісі болып «Батыс Қазақстан Облысында фермерлерді қолдау қоры» Қоғамдық қор болып табылады.

Дипломдық жұмысты орындауда теориялық методологиялық негіз болып ТМД елдерінің, Қазақстан Республикасының және басқа елдер ғалымдары (Мескон, Вачугова, Драчева, Ахметов, Казначевкий, Өмірзақов, Кабушкин, Бердалиев, Бірәлиева т.б) еңбектерін қолдандым, ал мәлімет көздері ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, ҚР

Конституциясы 1995 ж, «Экономикалық теория негіздері», «Менеджмент икадры», «Менеджмент сегодня» журналдары және басқада мәлімет көздері пайдаланылды.

Дипломдық жұмысымның әр тарауына тоқталсақ : І – тарау төрт бөлімге бөлінген, онда басқарудың яғни менеджменттің пайда болуы, мектептері, әдістері, қызметтері, функциялары мен принциптері қарастырылса, ІІ – тарауда машықтан өткен жерімнің, яғни қордың (ұйымның) қысқаша ұйымдық экономикалық сипаттамасы, қызметі және мәні, ұйымдастырушылық құрылымы көрсетілген. ІІІ – таруда менеджмент процестерін жетілдіру жолдары, инновациялық даму бағыттары, кәсіпорындағы қаржы ресурстарын қалай басқару керек екендігі көрсетілген.

Экономикалық тұрақсыздық таза пайданың жасақталуын бұзады, табыстың ең бастысы бағаны көтеру нәтижесінде алуға, тырысуға әкеледі.Баға ауытқуы көмегімен таза пайда табуды жөнге келтіру экономиканың қаржылық суығуына, баға белгілеудің нарықтық игерістерінің дамуына, салықтар жүйесін онтайластыруға мүмкіндік жасайды. Осы міндеттерді экономикалық реформаны іске асыру барысында мемлекет орындауға тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында ұйым ең жоғарғы таза пайда алуға тырыспағанмен, ең болмағанда өзінің нарықтағы бағытын сақтап, бәсекелестік жағдайында өз ұйымының дамуының динамикасын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ақырында пайда жасақтаудың көздерін жақсы білуді және оларды жақсы пайдалану әдістерін табуды қарастырады. Экономикалық тұрақсыздық таза пайданың жасақталуын бұзады, табыстың ең бастысы бағаны көтеру нәтижесінде алуға, тырысуға әкеледі. Баға ауытқуы көмегімен таза пайда табуды жөнге келтіру экономиканың қаржылық суығуына, баға белгілеудің нарықтық игерістерінің дамуына, салықтар жүйесін онтайластыруға мүмкіндік жасайды.


Бөлім: Менеджмент

Добавить комментарий