Еңбек мотивациясы



КІРІСПЕ

1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Еңбек мотивациясының маңызы мен мәні

1.2. Персоналды мотивациялау жүйесі

1.3. Еңбек мотивациясының ықпал ететін тетіктері

2. «ВОСХОД» АҚ-Ң ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

2.1. «Восход» АҚ-ң қазіргі жағдайы және даму ерекшелігі

2.2. Акционерлік қоғамның еңбек мотивациясын экономикалық бағалау

3. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ЕҢБЕК МОТИВАЦИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. Акционерлік қоғамның еңбек мотивациясын жетілдіруге

байланысты шет елдік кәсіпорындардағы тәжірибелерді қолдану

3.2. «Восход» АҚ-ғы еңбек мотивациясын жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы экономикалық қатынастардың жаңа шыңдарына шығу үстінде, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді.

Қазақстан Республикасын бүгiнгi таңда әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды [1].

Еліміздегі еңбек қатынастарының арасында туындайтын мәселелер өзекті мәселелер қатарына жатады десек те болады. Бұл орайда Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында көптеген өзгерістер мен толықтырулар жүргізілген. Атап айтатын болсақ, олар төмендегі мәліметтерде көрініс табады.

Есептік кезеңде еңбек қатынастарын жетілдіруге ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің тұжырымдамасы, “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобында қаралуда), “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы” Қазақстан Республикасы заңының жобасы (Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің келісу комиссиясында қаралуда) әзірленді.

Жетілдірудің негізгі бағыттары: еңбек қатынастарының икемділігін арттыру, жеке еңбек шарттарының рөлін арттыру, мерзімді еңбек шарттарын қолдануға шектеулерді орынды жұмсарту, еңбек қауіпсіздігін күшейту және әлеуметтік сұхбатты дамыту.

Қазақстан Республикасында еңбек мәселелері жөніндегі қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге түгендеме жүргізілді, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеудің 2003-2005 жылдарға арналған Жоспар-кестесі әзірленді және мақұлданды. Оларды әзірлеу жөніндегі тиісті тапсырмалар салалық министрліктерге жіберілді.

Еңбек заңдарының сақталуын бақылауды қамтмасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылды [2].

Жоғарыда берілген ақпараттар мемлекетіміздегі еңбек қатынастарының жағдайының мүшкіл екендігіне айғақ бола алады. Кез-келген істің салдары болары анық қой. Осының нәтижесі ел экономикасының өнімділігі мен тиімділігіне зиянды кесірін тигізбестігіне кім кепіл бола алады?!

Республикамыздың экономикасының өңдеуші салаларындағы экономикалық тиімділіктің төмен болуы бізді елең еткізбей қоймайды. Бұл мәселені шешу барысында түрлі амал-тәсілдерді қолдануға болады. Соның бірі – еңбекті мотивациялау шаралары. Экономикалық тиімділікті жұмыстың жоғары нәтижелілігіне қызыққан жұмысшының өзін немесе өзгелерді қызметке тартуы арқылы көтеруге болары сөзсіз. Олардың істелген еңбектері сәйкесінше бағалануы да тиіс қой. Мәселен, қосымша төлемдер, сый ақылар және өзге де марапаттау шаралары жұмысшылардың көңілін жай қалдырмайтыны даусыз. Басқаша айтқанда, еңбек мотивациясының жеткілікті деңгейде жүзеге асырылуы, дербес алғанда — кәсіпорынның қызметіне, ал жалпы алғанда – ел экономикасына оңтайлы ықпал етеді. Сайып келгенде, бұл еңбек мотивациясы тақырыбының өзектілігін дәлелдейді.

Кәсіпорындағы еңбек мотивациясын жетілдіруді ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбы ретінде алғанымның себебі де сол, яғни еңбек мотивациясының маңыздылығына, оның кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыруға қосатын үлесінің зор екендігіне көз жеткізу.

Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардағы еңбек мотивациясын ғылыми тұрғыда зерттеу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Бұл жұмыстың барысында төмендегідей міндеттер алға қойылады:

1. еңбек мотивациясының ықпал ету дәрежесі мен маңыздылығын анықтау;

2. кәсіпорынның жалпы тиімділігіне, еңбектің өнімділігіне мотивациялау жүйесі қалай әсер ететіндігін талдау;

3. еңбекті мотивациялау жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып, «Восход» АҚ-ның персоналды ынталандырудың оңтайлы тәсілдерін қарастыру.

Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру жөнінде жазған оқу-құралдары, оқулықтар, ақпараттық құралдардың мәліметтері, ҚР-дағы еңбек туралы заңдары құрайды.

Талдау жұмыстары Қазақсатан Республикасындағы өндірістік салада қызмет көрсетіп отырған «Восход» АҚ-ң бухгалтерлік баланс және өзге де қаржылық есеп беру құжаттарының нақты ақпараттары негізінде жүргізілді.

Курстық жұмыс: Нарық жағдайында еңбек мотивациясының теориялық негіздерінен, “Восход” АҚ-ң экономикалық жағдайы мен тиімділігін бағалаудан, акционерлік қоғамның еңбек мотивациясын жетілдіру жолдарынан тұрады және 11 суретті, 4 кестені қамтиды.


Бөлім: Менеджмент

Добавить комментарий