Басқару әдістері



Кіріспе………………………………………………3

ІТарау. Басқару әдістерінің мазмұны мен классификациясы

1.1.Басқарудың экономикалық әдістері………………………..6

1.2. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері………………………………….10

ІІТарау. «Казпочта» АҚ-ның басқару әдістерінің қолданылуы

2.1. «Казпочта» АҚ менеджментінің рөлі мен маңыздылығы…………………….13

2.2. «Казпочта» АҚ басқару әдістері……………………………16

ІІІ Тарау. ҚР-ның өзін-өзі басқаруы

3.1. Өзін-өзі басқарудың функциялары немесе принциптері……………………….25

Қорытынды ……………………………43

Қолданылған әдебиеттер……………………………………..45

Кіріспе

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екен дегін республикакамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және жыл сайын келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы шаруашылығы: ақша несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасында бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемелекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік- әміршіл басқару жүйесінен – пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық қатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.

Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.

Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.

Басқару әдістері – басқарушы субъектінің белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуі үшін басқару объектісіне ықпал етуде қолданатын құралдар мен тәсілдердің жиынтығы. Басқару әдістері мен басқару процесінің әдістері бөліп көрсетіледі. Мұның соңғысы басқару процесін қалыптастыратын жеклееген операцияларды, процедураларды, жұмысты орындаудың тәсілдерін береді. Бұған кіретіңдер:

— мақсаттарды анықтаудың ережесі;

— басқару шешімдерін әзірлеу мен оңтайландыру әдістері;

— Нақты ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;

— Жекелеген міндетті істерді орындау әдістері: болжау және т.б.

Осылайша, тек жекелеген жұмыстарды орындауға келетін басқару процесінің әдістерінен басқару әдістерінің айырмашылығы, ол (басқару әдістері) басқару объектісіне ықпал етудің аяқталған актісін сипаттайды.

Жіктеудің жалпы тәсілдерінің бірі – бұл жалпы ғылыми және өзіндік ерекшелігі бар әдістерін олардың білім салаларында қолданылу критерий бойынша бөлу болып табылады.

Менеджмент әдістерінің арсеналын қалыптастыратын негізгі принциптерді бөліп көрсетуге болады. Оған жататыңдар: мәселені анықтаудың ғылыми негізделген тәсілдемесі; толық сипаттау принципі; әрбір мәселені шешудің әдістерін толық ұсыну және басқару әдістерінің арсеналын ақпаратпен қамтамасыз ету принципі.

Өндірісті басқарудың барлық процесінде әдістер жүйесі аса маңызды рөл ойнайды. Оның көмегімен объектінің нақты әлеуметтік-экономикалық дамуы және нарықтық экономиканың мақсаттары жүзеге асырылады. Нарықтық экономикаға көшу өндірістің басқару әдістерінің мазмұны мен сипатын түбегейлі өзгертуге әкеледі.

Басқару әдістерінің өндірістің нақты тәсілдерінің өзіндік ерекшелігі бар белгілерін көруге болады. Оларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Курстық жұмыстың басты мақсаты: басқару әдістерінің мазмұны мен классфикациясы және басқару әдістердің «Қазпочта» АҚ-да қолданылуы туралы мәселесін толық ашу.

Зерттеу нысаны ретінде қазіргі дамыған «Қазпочта» АҚ-ын көрсеттім.

Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда, басқару әдістерінің мазмұны мен классификациясын, яғни

басқарудың экономикалық әдістері және басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерін қарастырдым.

Екінші тарауда, мен «Казпочта» АҚ-ның басқару әдістерінің қолданылуын туралы мәселесін толық аштым.

Үшінші тарауда, өзін-өзі басқаруды талқындадым.


Бөлім: Менеджмент

Добавить комментарий