Басқарушылық бақылау



ЖОСПАР

Кіріспе……………………………………3

1 Басқарушылық бақылау жүйелері………………………..6

1.1 Басқарушылық бақылау жүйелерінің мәні……………………………….6

1.2 Басқарудың түрлерін топтастыру…………………………7

2 Басқарушылық бақылау жүйесінің орталығы мен оның қағидалары…..15

2.1 Жауапкершілік орталықтары……………….15

2.2 Бақылану принциптері…………………..18

3 Бақыланбайтын факторлардың түрлері мен жанама әсерлер…………………21

3.1 Бақыланбайтын факторлардың түрлері……………………………………………………..21

3.2 Жұмыс істеу көрстекіштерін бағалау үшін есептік ақпаратты қолдану барысында пайда болатын жанама әсерлер…………………………………………………….25

Қорытынды…………………………………27

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………..29

Кіріспе

Басқару-ұйым қызметінің оның жоспарына сәйкес келіп, қойылған мақсаттарына жету үшін арналған процесс. Жоспарсыз, қойылған мақсатсыз басқаруды жүзеге асыру мүмкін емес. Өйткені, жоспар мен мақсат ұйым қызметкерлерінің ұйымға қажет жүріс-тұрыс бағытын белгілеп, ұйым дұрыс қызмет ету үшін ұйымның барлық мүшелерінің басшылыққа алуы тиіс ережелер мен процедурларды анықтайды.

Друкер (Drucker, 1964) «бақылау» және «басқару» терминдерінің айырмашылығын былай түсіндіреді. Бұл ұғымдардың негізгі идеясын мейлінше ықшам түрде көрсететін болсақ, онда бақылау — өлшеу мен ақпарат, ал, басқару – ең әуелі әрекет. Басқаша айтқанда, бақылаудың мақсаты болып жатқан істі табу болса, басқарудың мақсаты – жұмыстың бастапқы жоспарларға сәйкес атқарылуын қамтамасыз ету, сол себепті «бақылау» «басқаруды» жүзеге асырудың, яғни тиісті әрекеттерді жасаудың негізі болатын ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Мысалы, материалды сатып алудың шынайы шығындары сметадағы шығындардан жоғары болуы мүмкін. «Бақылау» көрсетілген бап бойынша шығындардың шамадан асқанын және оған сапасы төмен материалдарды сатып алудың қалдықтардың шамадан көп болуына соқтырғанысебеп болғанын анықтайды. Одан кейін «басқару» іске кіріседі: қалдықтың мөлшерін азайту үшін шаралар қолданылады. Мысалы, болашақта сапасы жоғарылау материалдарды сатып алуға болады.

Сонымен, бақылау тұсбағдар секілді, оны қолданып ұйымның барлық қызметкерлерінің жұмысын қойылған мақсаттарға жететіндей етіп бағдарлауға болады(ол басқарудың мақсаты). Ұйымдарда бақылау мен басқарудың алуан түрлі механизмдері қолданылады. Басқарушылық бақылаудың жүйелері ұйымдағы менеджерлер мен қызметкерлердің жұмысын бақылаудың көптеген механизмдерінің бірі ғана. Сондықтан, басқарушылық бақылау жүйелерінің жалпы басқару процесіндегі маңыздылығын толығымен түсіну үшін бұл жүйелердің ұйымда қолданылатын басқа да басқару механизмдерімен қалай әрекеттесетінін білу керек.

Тарау ұйым басшылары жиі қолданатын түрлі басқару түрлерінің сипаттамасымен басталады. Кейін жалпы басқару тпроцесінің контекстінде басқарушылық бақылау жүйелерінің элементтері қарастырылады.

Басқарушылық есепті бақылаудың міндеті келесідей болады. Біріншіден, барлық ұйымдарға кәдуілгі көрсеткіштердің қолданылуымен, біріктірілген күйде алуан түрлі қызметтің нәтижелерін алу керек. Ол үшін ақшалай көрсеткіштер ең ыңғайлы болуы мүмкін. Екіншіден, барлық ұйымдардың қызметінің табыстылық деңгейін көрсететін маңызды сипаттары болып пайдалылық пен өтімділік табылады. Сондықтан, осы және оларға тығыз байланысты бағыттарға қатысты көрсеткіштер акционерлермен, ұйым қызметінің көрсеткіштеріне мүделі басқа да тұлғалармен мұқият қадағаланып отырады. Сол себепті, менеджерлер қызметтің ақшалай түрдегі көрсеткіштерін бақылауға тырысады. Үшіншіден, қаржылай көрсеткіштер әрекеттердің балама нұсқаларын қарастыратын менеджерлерге шешім қабылдау барысында ортақ тәсілдемені қолдануға мүмкіндік береді. Әрекеттер нұсқасы оны таңдау мен жүзеге асырудың нәтижесінде қызмет көрсеткіштері жоғарылаған жағдайда ғана компания үшін қолайлы болады. Төртіншіден, нәтижелерді ақшалай есептеу арқылы өлшеу менеджерлерге дербестілік береді. Менеджерлердің қызметінің нәтижелерінің жалпылама түрде қаржылық көрсеткіштермен берілуі қажетті нәтиженің алынуына мүмкіндік туғызатын әрекеттерді менеджерлердің өздерінің таңдауына мүмкіндік береді. Соңғысы, ақшалай көрсетілген нәтижелер тұрлаусыздық жағдайында, яғни одан ары қандай бағытты ұстану керек екендігі белгісіз болғанда да тиімді көрсеткіш болып қала береді. Басқаша айтқанда, қаржылық нәтижелерұйымның әрекеттерінің ол үшін тиімді немесе тиімсіз.
Басқарушылық есепті бақылаудың мақсаты бухгалтер – аналитиктің қатысуынсыз мүмкін емес. Сонымен қатар бақылау процесінің іске асуы үшін басқару есебінің жеткен нәтижелері туралы қолданылатын мәліметтер пайдаланылады. Бұл есептегі мәліметтер әр жауапкершілік орталықтары үшін нақты жеткен нәтижелер мен жоспарланған көрсеткіштерді салыстырмалы талдау негізінде беріледі. Өндірістің нақты нәтижелерінің жоспарланған көрсеткіштерінен ауытқулары жөнінде менеджерді хабардар ету кезінде бақылау процесінде бухгалтер – аналитиктің рөлі маңызды. Басқа сөзбен айтқанда бухгалтер – аналитик өндірістік нәтижелер мен өндірістің әлсіз жерлерін анықтап, оны жедел түрде талдауға қатысады.
Бухгалтер – аналитиктің дайындаған есебі бір жағынан жауапкершілік орталықтың басшысының қызметін объективті бағалауға мүмкіндік береді, ал басқа жағынан айтқанда менеджерлер мен басшылықты өндірістің қандай бөлігінде жоспарланған көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік болмағаны жайлы ақпаратпен қамтамасыз етеді.


Бөлім: Менеджмент

Добавить комментарий