БАНК МЕНЕНЖМЕНТІ



Мазмұны

Кіріспе—————————————————————————————-3

І БАНК МЕНЕНЖМЕНТІ. БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ

1.1 Банк мененжментінің мәні, түсінігі, атқаратын қызметтері——————-5

1.2 Ұлттық банкінің басқару құрылымы————————————————9

1.3 Банк басқармасы аппаратының құрылымы————————————-12

ІІ БАНК КЕҢЕСІ. БАНК БАСҚАРМАСЫ

2.1 Банк қызмет бөлімдерін басқару—————————————————21

2.2 Банк қызметкерлерін басқару және еңбекақы төлеу—————————22

2.3 Банктің меншікті капиталын басқару———————————————27

ІІІ БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТТІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ———-31

Қорытынды ———————————————————————————34

Пайдаланылған әдебиеттер————————————————————-36

Кіріспе

Банк менеджменті — банк ісі мен банк қызметкерлерін басқарудың ғылыми жүйесі.

Банк менеджменті басқарудың ғылыми әдісі мен іс жүзінде банк ісін ұйымдастыруды ұштастырады.

Банк ісі — банк менеджментін үздік игерген қабілетті қызметкерлері бар бизнес.

Қазіргі банк — заңды және жеке тұлға түріндегі несиелердің ақшалай салымдарының шоғырланған жері, институты. Банк бизнесінің негізгі мақсаттары тек пайда келтіру емес, сонымен қатар қарызға алынған ақша қаражаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

Банк осында шоғырланған тапсырыскерлердің қаражатының сенімділігіне кепілдік беруге, олардың банкке сенімділігін арттыруға міндетті.

Банк менеджменті үнемі өзгеріп тұратын жағдайда банк басқаруын үйымдастырумен ерекшеленеді, банктің тұрақтылығы мен сенімділігінің негізгі құралы болып есептеледі, кез-келген қолайсыз жағдайларда банктің жоғары имиджін сақтауға көмектеседі.

Банк менеджменті:

— жоспарлау;

— талдау;

— реттеу;

— бақылаудан тұрады.

Жоспарлау банкке мына нәрселерді анықтауға көмектеседі:

— келешегін;

— мақсатын;

— саласын;

— мөлшерін;

— нәтижесін;

— банк қызметінің көздерін.

Жоспарлау келешектегі және ағымды жоспарды, болжамды қамтиды. Бұл жалпы міндеттерді олардың орындалу стратегиясы мен тактикасын түсінуге, банктің қорын анықтауға бағытталған /1,17б/.

Банк қызметкерлерінің жұмыс шегі жоспарлаумен анықталады; жиынтық көрсеткіштер арқылы банк қызметінің барлық жүйесі қарастырылады; банк ұжымының мүддесін арттыру мақсатында ақшалай ынталандыру көзделеді.

Жоспарлауда ақша нарығындағы бәсекенің күшеюіне байланысты қызметтің жаңа саласы мен әдістерін іздестірудің негізгі бағыттарын анықтау — өте маңызды.

Жоспарлау — банктің барлық бөлімшелерін қамтитын көп деңгейлі үдеріс, банктің жергілікті, нақтылы және жалпы келешегін анықтайды. Жоспарлаудың нәтижесі болып табылатындар:

1) бизнес-жоспары;

2) кейбір бағыттар бойынша оперативті жоспарды, соның ішінде:

— кредиттік;

— инвестициялық;

— депозиттік;

— пайыздық;

— кадр және басқа салалар. Таңдау көмектеседі:

— банк қызметін бағалауға;

— банк жұмысының нақты нәтижесі мен болжамды бағасын салыстыруға;

— банктің ағымды нәтижесін өткен кезеңнің және басқа банктердің нәтижесімен салыстыруға.


Бөлім: Менеджмент

Добавить комментарий