Маркетингтік зерттеу



Мазмұны

Кіріспе————————————————————————————-7-8

1-Бөлім Маркетингтік зерттеудің теориялық негізі.

1.1.Маркетингтік зерттеу мәні мен қағидалары———————————-9-13

1.2.Маркетингтік зерттеу жүйесі—————————————————13-21

1.3.Маркетингтік зерттеуді жоспарлау және концепциасын талдау———21-26

2- Бөлім.Агрокомплекс «Жастық» ЖШС қызметіне жалпы сипаттама.

2.1.Агрокомплек «Жастық» ЖШС ұйымдастырушылық қызметі.——-27-38

2.2.Агрокомплекс «Жастық» ЖШС өндіретін өнімі нарығын талдау ————————————————————————————38-41

2.3. Агрокомплекс «Жастық» ЖШС өндіретін өнімдеріне маркетингтік зерттеуді ұйымдастыру нәтижесі—————————————————41-48.

3- Бөлім. Маркетингтік зерттеуді ұйымдастырудың негізгі іс шаралары мен жетілдіру жолдары

3.1.Маркетингтік зерттеуді ұйымдастыруды дамытудың негізгі іс шаралары———————————————————————————49-53

3.2.Агрокомплекс «Жастық» ЖШС-нің маркетингтік қызыметін жетілдіру бағыттары——————————————————————————-53-56

Қорытынды және ұсыныстар——————————————————-57-58

Пайдаланылған әдебиеттер———————————————————59-61

Кіріспе
Қазақстан Республикасының саяси, эканомикалық және қоғамдық өмірде жүріп жатқан өзгерістері шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеу мен қатар экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар алдына бірқатар маңызды мәселелер қояды.
Осыған байланысты іс жүзінде өте маңызды және құнды мәселе ретінде маркетинг жұйесінің қалыптасуын атап өтуге болады. Аталған мәселені шешу үшін осы жүйе қызметін талдау және маркетингті кәсіпорынның өндірістік — өткізу қызметінде қолдану техналогиясын әзірлеген жөн.
Нарықтың қазіргі бәсекелестік қуаты күшейген жағдайында кәсіпорынға нарықта өз позициясын жетілдіру және экономикадағы жағдайын тұрақты ұстап тұруы үшін басқарудың жаңа түрлерін соның ішінде маркетингті кәсіпорындардың шаруашылық қызметінде басқарудың, жоспарлаудың, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтыған жаңа формаларын өз қызметінде ұстану үшін маркетингтің маңызды қағидаларын қолдана білуі тиіс. Бұл жағдай осы замандағы маркетингтің рөлін және маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Кәсіпорын қызметін басқару үшін қазіргі заманғы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет, бірақ осындай бағыт әлі де бірнеше кәсіпорындарда жүзеге асырылып отырған жоқ.
Кәсіпорындардың маркетингтік қызметіне жүргізілген талдау нақты мақсаттарға қол жеткізу үшін оның жекелеген бөлшектерінің маркетингтік шаралар түрінде қолданылатындығын көрсетті. Сонымен қатар отандық кәсіпорындарда маркетинг жарнамамен тауарды өткізу ісіне бағытталған олардың ішінен келесі себептерді көрсетуге болады: нарықтық қатнастар дамуының төмен деңгейі, кәсіпорында маркетингтік қызметті алға қоятын тәжірибелі мамандардың жеткіліксіздігі, нарықтық тауарлар инфрақұрлымының төмен деңгейі, маркетингтік қызметті сапалы түрде басқаруға мүмкін беретін тәсілдер, әдістемелер деңгейінде қолданылуы.


Бөлім: Маркетинг

Добавить комментарий